1. Алексеенко Н. В. Статистические источники по демографии Казахстана. Усть-Каменогорск



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі168,75 Kb.
#1722

 

49 


Əдебиет: 

1.  Алексеенко  Н.В.  Статистические  источники  по  демографии  Казахстана.  Усть-Каменогорск. 

1999 г. 

2.  Зайончковский  П.А.  Справочники  по  истории  дореволюционной  России.  Москва:«Книга», 

1978 г. – 640 с. 

3.  Игибаев  С.К.  История  Казахстана  в  источниках  и  материалах.  Астана;  «Фолиант»,  2013  г.  − 

320 с. 

4.  Памятная книжка Акмолинской области на 1887 год. Омск, 1887. − 203 с. 



5.  Обзор Акмолинской области за 1881 г. Омск, 1882 г. − 74 с.  

6.  Обзор Акмолинской области за 1882 г. Омск, 1883 г. − 73 с.  

7.  Бұл да сонда. С. 2. 

8.  Обзор Акмолинской области за 1881 г. Омск, 1882 г. − 74 с. 

9.  Обзор Акмолинской области за 1898 г. Омск, 1900 г. − 117 с. 

10.  Бұл да сонда. С. 81. 

11.  Бұл да сонда. С. 82. 

 

 



 

ƏОЖ 341. (235) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ 

МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 

 

Бексеитов А.Т., Бексеитова А.Т. 

(Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) 

 

 



 

Қазақстанның тыныштығы, еліміздің өмірдің барлық саласында жасампаздықпен 

алға жылжуы ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекетіміздің сындарлы саясатына 

байланысты  екендігі  мəлім.  Қазақстан  мемлекеттік  тəуелсіздікке  көп  ұлтты  жəне  көп 

дінді  күрделі  құрамда  қол  жеткізді.  Сондықтан  да,  тəуелсіздіктің  бірінші  күнінен 

бастап,  барлық  ұлттар  өкілдері  арасындағы  теңдікті,  туысқандықты  достықты  жəне 

бірлікті өз саясатымыздың өзегі қылып ұстандық.Тəуелсіз еліміздің Конституциясы да 

«Біз,  ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген  Қазақстан  халқы...»  деп  басталып,  болашақ 

дамуымыздың негізгі бағытын айқындады[1]. Яғни, жаңа Қазақстан, өз мемлекеттілігін 

орната  отырып,  бүкіл  адамзаттық  қауымдастықпен  тату-тəтті  өмір  сүруді,  өз  ішінде 

ұлтаралық ынтымақты нығайтуды көздейді. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан 

бастап  ұлттық  сана  сезімнің  күрт  өсуі  байқалды.  Қоғамдық  санадағы  бұндай  түбірлі 

өзгерістер  Қазақстанда  ұлттық  қатынастарды  реттейтін  заңдарды  қажет  етті. 

Осылайша,  Қазақстандағы  ұлттық  мəдени  орталықтар  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінің 

1989 жылғы 14 сəуірдегі «Қоғамдық ұйымдардың құрылу тəртібі мен қызметі туралы» 

Жарғысы негізінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар оған қосымша 1995 жылы 14 

шілдеде  «Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігінің  аймақтық  органдарында  

заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  тəртібі  жөніндегі  ережелер»,  1996  жылы  30 

мамырда  «Қазақстан  Республикасындағы  қоғамдық  ұйымдар  туралы»  заңдар 

қабылданды, Қазақстан Республикасының Конституциясында көп ұлтты Қазақстандағы 

барлық  ұлттардың  тең  құқықтық  дамуы  үшін  заңдық  негіз  жасалды.  Конституциялық 

құқықтық базалар негізінде ұлттық мəдени қайта өрлеу үрдісі басталды. Тек 1994-1996 

жылдары  республикалық  жəне  аймақтық  ұлттық-мəдени  орталықтардың  27-сі 

қоғамдық ұйым ретінде заңдық статусқа ие болды. Олардың əрқайсысының облыстық 

құрылымдарда  бөлімшелері  ұйымдастырылды.    Қазақстан  тəуелсіздік  алғаннан  кейін, 


 

50 


посткеңстік  елдер  ішінде  бірінші  болып  Қазақстанда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

құрылып,  халқымыздың  құрамындағы  өзге  ұлт  өкілдері  үшін  елдің  саяси  өміріне 

араласуда, мəдени-рухани салада зор мүмкіншіліктер жасалды [2]. Еліміздің Президенті  

Н. 


Назарбаев 

тəуелсіздігіміздің 

алғашқы 

жылын 


мерекелеу 

қарсаңында 

отандастарымызбен алқалы кеңес құрып, оларды реформаны тереңдету, жалпы ұлттық 

татулыққа  шақыру  үшін  Қазақстан  халықтарының  форумын  өткізу  жөнінде  ұсыныс 

жасады. 

Тұңғыш 


рет 

өткен 


басқосу 

1992 


жылы 

желтоқсанда 

Алматыда 

ұйымдастырылды.  Осы  форумда  Президент  кездесуді  тұрақты  негізге  көшіру  жөнінде  

жаңа  қоғамдық  институт,  яғни,  қазақстан  халықтарының  татулығы  мен  бірлігі 

Ассамблеясын  –биүкіметтік,  бисаяси  ұйымын  құру  идеясын  алға  тартты.  Бұл  ұсыныс 

қолдау  тауып,  Қазақстан  Республикасы    Президентінің  1995  жылғы  1  наурыздағы 

жарлығымен  Қазақстан  халықтар  Ассамблеясы  құрылды  [3].  Ол  мемлекет  басшысы 

жанындағы  кеңесші  орган  болып  саналды.  Ассамблея  қызметі  Конституцияға, 

мемлекет заңдары мен актілеріне, осы органның ережесіне негізделді.      

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мемлекет  қаржыландыратын,  заңнамалық  негізі 

бар институтретінде құрылды. Құрылған кезеңнен бастап халықаралық жоғары беделге 

ие болды жəне республикада ұлтаралық саясатты, барлық этнос өкілдерінің азаматтық 

жұмылуын  өркениетті  түрде  жүзеге  асыруының  маңызды  құралдарының  біріне 

айналды.  Елімізде  барлық  этностардың  теңдігі,  олардың  тілдері  мен  мəдениетін  қайта 

түлету  мен  дамыту  қамтамасыз  етілді.  Қазақстанда  тұратын  барлық  этностар  өкілдері 

Конституция  негізінде  білім  алу  мен  еңбекте  табыстарға  қол  жеткізуге,  ана  тілін, 

мəдениетін,  дəстүрлерін  өркендетуге,  тұрғын  үй  алуға  жəне  өз  меншігін  қорғауға  тең 

дəрежеде құқылы [4].   

Ассамблея  мемлекет  жүзеге  асырып  отырған  ұлттық  саясатта  сан  алуан  ұлт 

мүдделерінің 

ескерілуін 

қамтамасыз 

ету, 


қоғамдағы 

кездескен 

əлеуметтік 

қиыншылықтар,  қайшылықтарды  шешу  жолында,  сондай-ақ  қоғамдық  пікірді 

қалыптастыруға 

бағытталған 

мемлекеттік 

саясатты 

жүзеге 

асыру 


жөніндегі 

ұсыныстарды  дайындайды.  Ассамблея  ұлттық  диаспоралар  арсында  жүргізілетін 

ұйымдастыру жұмысының орталығына айналды. Олар демократиялық институттардың 

жалпы  жүйесіндегі  орындарын  айқын  белгілеп  алып,  өз  аймақтарындағы  көпұлтты 

халықтың күш-жігерін біріктіру жөніндегі  алғашқы жұмыс тəжірбиесін жинақтады.  

Кеңес  өкіметі  кезінде  қордаланып  қалған  ұлт  мəселелерін  ұлттық  мəдени 

орталықтар  көтеріп,  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  шын  мəніндегі  демократиялық 

орган  ретінде  айқындалуына  септігін  тигізді.  Ұрпақтар  сабақтастығы  мен  ұлттар 

бірлігін  нығайта  түсудегі  ассамблея  миссиясы  «Қазақстан-2050»  даму  стратегиясына 

толық сəйкестендірілген.       

Елбасы,  бұл  орайда,  Қазақстанды  мекендеген  ұлттар  мен  ұлыстардың  өзара 

татулығы, бауырмалдығы ішкі саясатымыздың алтын арқауы болып қала беретіндігіне 

екпін түсірді. 

Бүгінгі  күні  этносаралық  қатынастардың  үйлесімділігі  тақырыбының  мəні  мен 

маңыздылығы арта одан əрмен түсуде. Елбасы бұдан əрі қарайғы негізгі күш азаматтық 

қоғамды  сатылап  қалыптастыруға,  қазақ  халқының,  республикада  тұратын  барлық 

этностардың 

құқықтары 

мен 

бостандықтарын 



қамтамасыз 

етуге, 


рухани 

құндылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс екендігін мəлімдеді.   

Қазақстан  Республикасы    Конституциясында  бекітілген  адам  жəне  азамат 

құқығын  қорғау  туралы  баптар  Қазақстанды  мекендеген  этнос  өкілдеріне  байланысты 

нақты жүзеге асуда.     

Қазақстанда  бейбіт  өмір  жағдайында  еңбектеніп  жүрген  барша  ұлт  өкілдері 

Республикадағы демократиялық үрдістерге белсене қатысып келеді. Қазақстанда тұрып 

жатқан əрбір халықтың салт-дəстүрін жеткілікті дəрежеде меңгеру, əр ұлт пен ұлыстың 



 

51 


ауыз əдебиетін, халықтық өнерін, жетістіктерін зерделеу қоғамның рухани дамуына, əр 

халықтың  өзіне  тəн  даму  ерекшеліктеріне  əсер  етеді.  Еліміздегі  əрбір  ұлттың  өзінің 

мəдени  дəстүрлері,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  əдет-ғұрыптары  бар.  Сондықтан  да, 

əрбір  ұлттың  өзінің  тілін  пайдаланып,  балаларын  оқытып,  тəрбиелеуге  деген 

құлшынысы  заңды.    Қазақстан  халық  Ассамблеясының  нəтижелі  қызмет  етуі 

барысында  қазақ  халқы  мен  өзге  этностар  біртұтас  халық  ретінде  қалыптасып,    бір-

біріне  қолдау  көрсетіп,  ортақ  Отанымыздың  экономикалық  жəне  мəдени  өркендеуіне 

өзіндік үлес қосып, қоғамдық өмірдің əртүрлі саласында белсенді еңбек етуде. 

Ассамблеяның  алдына  қойған  міндеттеріне:  Этносаралық  қатынастар  саласында 

мемлекеттік  органдармен  жəне  азаматтық  қоғам  институттарымен  тиімді  өзара  іс-

қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттылықты одан 

əрі  нығайту  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау,  халық  бірлігін  нығайту,  қазақстандық 

қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау, дамыту, 

сонымен  қатар,  Қазақстан  халқының  ұлттық  мəдениетін,  тілдері  мен  дəстүрлерін 

сақтап, дамыту мен өркендету мəселелерін қойды. 

Бүгінгі  күні  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  еліміздегі  əрбір  этностың  мүддесін 

қорғайтын  қоғамдық  бірлестік.  Ассамблея  көпұлтты  Қазақстан  халқын  топтастырушы 

институт  ретінде  қалыптасып  болды  -  деп  есептеуге  толық  негіз  бар.  Ассамблея 

Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тəрбиелеуге, халықтар арасындағы достық 

пен  бірлікті  нығайту  ісіне  өлшеусіз  үлесін  қосып  келеді.    Ассамблеяның  ең  жоғарғы 

органы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  сессиясы  болып  табылады.  Ал  Ассамблея  

заң  жобаларын  сараптамадан  өткізу,  мемлекеттік  тіл  мен  еліміздегі  барлық 

халықтардың  тілін  жəне  мəдениетін  дамыту,  жастардың  бойында  қазақстандық 

отансүйгіштікті  қалыптастыру,  халықаралық  байланыстар  жүргізу,  əрбір  этностың 

мəдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.  

Ел  Президенті  айтқандай,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзінің  тарихи 

миссиясын,  алдына  қойған  міндеттерін  нəтижелі  атқарып,  ұлттар  мен  ұлыстарды 

бірлікке шақырып, ел тəуелсіздігінің нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Елімізде өмір 

сүріп  отырған  этностардың  ата-дəстүрлері  мен  мəдениетін,  тілін  сақтай  отырып 

дамуына,  олардың  тарихи  отандарымен  байланыстарын  нығайта  түсуге  жүйелі  түрде 

бағыт-бағдар  беріп  отырған  еліміздегі  ұлттық  мəдени  орталықтар,  қоғамдық 

бірлестіктер  жұмыс  істеуде.  Қазақстандағы  барлық  халықтардың  тілдерін,қоғамдық  -

саяси,  əлеуметтік-мəдени  жағдайын  дамытуға,  ұлттық  білім  беру  жүйесін  жетілдіруге 

ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын жақсартуға жəне ұлттық мəдениетті қорғаудың 

құқықтық  тұтқаларын  нығайтуға  заңдық  негіз  жасалған.  Қазір  республикамыздың 

барлық мектептері 9 тілде – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тəжік, украин, татар, неміс жəне 

ағылшын  тілдерінде  білім  береді.  15  тіл  ана  тіл  ретінде  оқытылады  [5].  Қазақстан 

тəрізді  жартылай  этникалық  мемлекетте  жалпы  ұлттық  келісімге,  азаматтық  бірлікке 

қол  жеткізу  негізгі  мақсат.Сондықтан  да  Қазақстанды  мекендеп  отырған  этностардың 

тарихи-мəдени мұралары, халықтардың қайталанбас салт-дəстүрлері  барлық Қазақстан 

халқының  ортақ  игілігі.Оны  қорғап  дамыту,  өзара  байыту,  сөйтіп  барша 

қазақстандықтардың жалпы ұлттық игілігіне айналдыру басты міндет болып табылады.   

Қазақстанның  динамикалық  жəне  əлеуметтік-экономикалық  дамуы  жағдайында 

ішкі 


саясат 

аясындағы 

ұлтаралық 

келісім 


мен 

Қазақстан 

қоғамының 

консолидациялануы  мемлекеттік  органдар  мен  азаматтық  қоғам  институттарының 

басым  бағыттарының  бірі  болып    негізделсе,  бұл  саладағы  ортақ  қызмет  ішкі  саяси 

тұрақтылыққа  бағытталған.  Елбасы  өзінің  атақты  Жолдауындағы  тоқталған  негізгі 

басым  бағыт  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  ұлттық  бірлікті  қамтамасыз  ету  мəселесі 

болатын.  Бұл  бағытта  Қазақстан  өзінің  саясатын  нығайтып  қана  қоймай,  əлемдік 

қауымдастыққа  үлгі  ел  ретінде  саналатыны  да  бекер  емес.  Қазақстан  бүгінде  


 

52 


мəдениетаралық  жəне  конфессияаралық  үнқатысудың  халықаралық  орталығына 

айналғаны  белгілі.  Қазақстан  2050-Стратегиясында  айтылған  тарихи  уақыттың 

жеделдеуі, халық пен қоғамның алдына жаңа міндеттер қоятындығы тарихи шындыққа 

айналып отыр [5]. Бұл салада да кешегі күнгі деңгейде қалып қоюға болмайтындығын 

соңғы Украинадағы оқиғалар айқын көрсетіп отыр. 

Қазіргі  таңда  посткеңестік  елдер  түрлі  діни,  ұлтаралық,  мемлекетаралық 

қатынастарға,  əлемдік  геосяси  өзгерістердің  қатал  сынына  түсіп  отыр.  Бұл  саладағы 

біздің  ішкі  саясатымызда  біраз  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуге,  ақпараттық 

тəуелсіздігімізді нығайту, идеологиялық – тарихи кейбір мəселелерді қайта қарап, оны 

қоғам ел - мемлекет қажеттеріне жарату күн тəртібіне шығып отыр. 

Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде жалпы адами мəдениеттің құрамдас бөлігі 

болып  саналатын  ұлтаралық  қатынас  мəдениеті  үлкен  рол  атқарады.  Көп  ұлтты 

Қазақстан жерінде ұлтаралық қатынас өз мəніне ие болған. Ұлтаралық қатынас арқылы 

тұтас  қоғамның  мəдени  дəрежесі  айқындалады.  Ол  еліміздегі    саяси  жəне 

экономикалық  жағдайға  ұлттар  мен  ұлыстар  арасындағы  қарым-қатынасқа  тікелей 

тəуелді.  Еліміздегі  ұлтаралық  қарым-қатынасты,  достықты  нығайту  мемлекетаралық 

достықты  нығайтуда  үлкен  рол  атқаруда.  Қазақстанның  бірегей  біртұтастықта 

қалыптасу  жолына    деген  біздің  түбегейлі  ұстаным  көзқарастарымыз    уақыт  сынында 

шыңдалған.  Біз  осы  айтқан  бағыттан  көз  жазбай,  дау-дамайға  бой  алдырып,  ешқашан 

ұшқырлыққа  ұрынбастан,  сабырлы  түсіністікпен  қоғамымызда  қазақ  мəдениеті    жəне 

мұндағы  барлық  ұлттық  топтардың  мəдениетін  жаңғыртып,  жандандыра  отырып 

сақтау,  дамыту  бағытында  ілгері  жылжуымыз  қажет.  Бұл  шаралардың  басты  бағыты 

елімізді  мекендейтін  бүкіл  халықты,  барлық  ұлттар    мен  ұлыстарды  кең  түрде 

қатыстыра  отырып,  елімізді  дамыту.  Бүгінгі    таңда  ұлтаралық  жəне  ұлттардың  өз 

ішіндегі қарым-қатынас проблемаларына жаңаша қарауды өмірдің өзі талап етіп отыр. 

Еліміздегі  қандай  да  бір  этностың  өзіндік  тарихы,  өзіндік  мəдениеті  жəне  өзінше 

проблемалары  бар.  Бірақ  тұтастай  алғанда,  оның  бəрі  олардың  əрқайсысы  үшін  туған 

мекенге айналған  Қазақстан жерінде дұрыс өмір сүруге деген бір ғана тілекепен келіп 

тоғысады.  

 

 



 

Əдебиет: 

1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,1995. 

2.  Қазақстан  халық  ассамблеясы  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңы  //Заң.-2008.-  4 

қараша. -167. -3- бет. 

3.  Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы. - Алматы,1995. 

4.  Қазақстан Халқы  Ассамблеясын  құру туралы:  ҚР президентінің жарлығы//Егемен Қазақстан, 

1995ж., 2-наурыз.  

5.   «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет