Халықаралық Бизнес Университеті
СӨЖ 2
Тақырыбы: Еуразиялық банктің активтік және пассивтік опреацияларына талдау жасау
Қабылдаған: Саулембекова Анеля
Орындаған: Оңталап Гүлфариза
«Еуразиялық банк» — Қазақстанның 28 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Активтерінің мөлшері жөнінен еліміздегі ең ірі 10 банктің қатарына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орында келеді, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең шеңберін ұсынады. Банк ERG тобының (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесінің құрамына да кірді.
Мүмкіндіктері:
Smartbank-те ақшаңызды басқара аласыз;
Ақшаңызды әлемдегі кез келген банкоматтан комиссиясыз шешіп аласыз;
Шотыңызды банк терминалдары арқылы толтыра аласыз;
Несиеңізді Smartbank мобильді қосымшасында комиссиясыз төлейсіз.
Жетістіктері:
1.Автонесие берудегі үздік банк
Банктің жаңа машиналарды несиелеу нарығындағы үлесі 50%-дан асты.
2.Тауарлық несие берудегі максимум
Тауарлық несиелеудегі сату өсімі банктің тарихында максимумға жетті.
3.Автокөліктердің люкс брендтері бойынша несие беруде бірінші.
Алғаш рет люкс санаттағы BMW, Mercedes және Cadillac брендтері бойынша несиелеу бағдарламасы іске қосылды.
Марапаттары:
"Қазақстанның үздік бөлшек банкі" Asian Banking & Finance, 2012, 2013, 2015
"Қазақстанның үздік банкі" IAIR, 2014
"Қазақстанның үздік банкі" EMEA Finance, 2013, 2014
"Қазақстанның үздік банкі" Euromoney, 2012
"Қазақстандағы Жыл Банкі"
Сауда-саттықты қаржыландыру саласындағы үздік банк, 2020 Global Finance
«Еуразиялық банк» АҚ заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, жеке нотариустар мен адвокаттарға келесі шот түрлерін ұсынады:
Ұлттық валютадағы ағымдағы шот – Қазақстан Республикасы аумағындағы Сіздің серіктестеріңізбен есеп айырысуға, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған.
Шетелдік валютадағы ағымдағы шот – Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерде де ҚР заңнамасына сәйкес есеп айырысуға арналған. Банк валюталық бақылау қызметтерін де көрсетеді, соның қатарында валюталық заңнама мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету, мәмілелер паспорттарын жасау және т.б.
Транзиттік режимдегі ағымдағы шот – ақшаны шоғырландыруға және одан әрі Сіздің ағымдағы шотыңызға аударуға арналған. Бұл қызмет Қазақстан аумағында кеңейтілген филиалдар мен өкілдіктер желісі бар клиенттер үшін қолайлы.
Эскроу шот – ақша басқа тұлғаның атына тараптар белгілеген талаптар орындалған соң ғана берілетіндей талаппен ақша сомасын банктік шотта депозитке салуға арналған.
Жинақ шот – теңгеде және шетелдік валютадағы бос ақша қаражатын орналастыруға арналған. Банк валюта түріне, салымды сақтау сомасы мен мерзімдеріне байланысты депозиттер бойынша икемді пайыздық сыйақы мөлшерлемелер жүйесін белгілеген.
Лимиттелген (шектелген) режимдегі ағымдағы шот. Банк ағымдағы шоттар мен оның бөлімшелерінің жай-күйіне клиент белгілеген сметаға сәйкес мониторинг және бақылау жүргізу бойынша агенттік қызметтер көрсетеді. Филиал шотынан жүзеге асырылатын төлемдер клиент бөлген және бекіткен айлық бюджетке сәйкес лимиттелген тәртіпте жүргізіледі. Айлық бюджет факсимильді байланыс немесе “Client`s Bank” ҚБК қашықтықтан қолжеткізу жүйесі арқылы ұсынылуы мүмкін.
«Еуразиялық банк» АҚ-да ағымдағы шот ашып, Сіз келесі операция түрлерін жүргізу мүмкіндігіне ие боласыз:
ұлттық валютадағы аударым операциялары;
шетелдік валютадағы аударым операциялары;
салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
зейнеткерлік және әлеуметтік төлемдерді төлеу;
кассалық операциялар;
айырбастау операциялары;
“Client`s Bank” қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі бойынша банктік шоттарды қосу және қашықтықтан жүргізу;
және Банк ұсынатын көптеген басқа да қызметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |