1. Қазығұрт Қазығұрт (Қазықұрт) қазақ еліне



жүктеу 479.81 Kb.
Pdf просмотр
Дата31.03.2017
өлшемі479.81 Kb.

1.  Қазығұрт 

Қазығұрт (Қазықұрт) —  қазақ еліне 

белгілі атау. Қазақ түгілі, өткен ғасырда 

оңтүстік өлкесінде ғылыми сапармен бол-

ған географ И.В.Мушкетов деген ғалым 

Қазығұртты «Киргизский Арарат» деп 

атайды. Арарат деп атауына себеп бар. 

Нұқ Пайғамбардың заманында жер 

бетін топан су басып, адам баласы, жан-

жануар  құрып кететіндей болған екен. Сол 

топан судан тек Нұқ пайғамбар өзінің үш ба-

ласымен, үш келінімен тірі қалған екен дейді 

ескі аңыз. Нұқ Пайғамбар жан сақтаған 

кеменің ішінде жан-жануар бір жұптан  б о л -

ған екен. Қазіргі адам баласы, жер бетіндегі 

тіршілік өз бастауын осы Нұқтың кемесіне 

мініп тірі  қалған адамдар мен жан-жануар-

лардан алады. Түркі-моңғол, т.б. халықтар-

дыңтүп атасы — Нұқтың үшінші, кенже ба-

ласы Яфет екен деуге себеп те осы. 

Жер бетін топан су басқан уақытта 

Нұқтың кемесі Қазығұрттауына келіп тоқта-

ған дейді  қазақтар. Еврейлер Сион, араб-

тар Жуды, армяндар Арарат тауын атайды. 

Қай жерде, қай елде болсын Нұқтың кемесі 

тоқтады-мыс делінетін таулар ете қасиетті 

болып табылады. Біздің қазақ бабамыздың 

әлемдегі ең озық халықтардан қалмай Нұқ-

пайғамбар қазақ жеріне тоқтады деп дәлел 

айтуы ғажап емес пе?!  Қалай дегенмен, 

Қазығұрт тауы адамзат баласының тарихын -

да керемет үлкен орын алатын бір  қасиетті 

белгі болуы тиіс. Әлі күнге  Қазығұрт тауы-

ның басына көтерілген қазақтар сол жерде. 

жападан жалғыз есіп түрған ағашқа әлем 

болып, дұға оқып жатады. 



Қазығұрттың басында кеме  қалған, 

Ол әулие болмаса неге  қалған? 

Ішінде екіқозы болған екен, 

Шопан ата деген сөз содан  қалған. 

Қазығұрттың басында кеме  қалған, 

Ол керемет болмаса неге  қалған ? 

Ішінде екіқұлын 

қалған екен, 

Қылқұйрық-Қамбар ата содан  қалған, — 

деп жырлайтын көлемді жыр тек  қазақ 

арасында сақталған. 

Қазақ елі Қазығұрт дегенде ең алдымен 

Шымкент пен Ташкенттің арасындағы Қара,-

таудың бір көрнекті бөктерін айтады. Малға-

жанға жайлы бір құт мекен. Бірақ Қазығұрт 

тауы аласа, шамамен 600 метрдей ғана, жа-

дағай. 

Біздің осыған байланысты анықтағымыз 



келгені мына мәселелер: Сарыарқа өңірінде 

де бірнеше жерде Қазығұрт атауы кездеседі. 

Мәселен, Шет ауданының жерінде, Ақсу-

Аюлыдан солтүстік-шығысқа қарай орнала-

сқан  Қызылтаудың бір биігі  Қазығұрт аты-

мен белгілі. Биіктігі — 1072 метр. Орталық 

Қазақстанның ең бір биік нүктесі. Мәселен, 

атақты Баянауылда —  Қызылтау таулары 

Қазығұрттан төмендеу (1020 метр шамасын-

да). Тағы бір ерекшелігі — Шеттің Қазығұр-

ты толып жатқан ескерткіштердің ортасында 

жатыр,  қола, темір дәуірлерінің қорғандары 

мен ескі  қоныстары бар. Егер білетін адам-

дарболса, осы жерде көне қаланың да орны 

табылуы керек. Ескі карталарға  қарағанда 

қарлұқтардың «Қайқан» атты  қаласы осы 

манда болған. Осы турасында қариялар, жер 

танитын адамдар не біледі екен? 

Қазығұрт атанатын екінші биік бұрынғы 

Теңіз ауданы, Аршаты маңында болса керек. 

Тауда, өзен де Қазығұрт аталады. Ол да мал-

жанға жайлы жер саналады. Осы  Қазығұрт 

туралы ел ішінде аңыз-хикая бар ма, ескіден 

сақталған өлең-жыр бар ма, ырымдар бар 

ма?! 

Орталық Қазақстанда Қазығұрт атанатын 



жер осы екеуімен шектеліп  қалмас, Осы 

сөздің мағынасы да қызық болуы тиіс. Көне 

түркі тілінде »Құрт» деп  қасқырды атайды 

екен, ал «қазы» дегені жердің малға жайлы-

лығын аңғартуы мүмкін. 

Орталық Қазақстан. - 2000. - 18 қазан. - 5 б. 



Қымбатты оқырман  қауым ! «Са 

рыарқа шежіресі» деп атала-

тын жаңа айдар — белгілі та-

рихшы,  э т н о г р а ф Жамбыл Ар-

тықбаев пен «Орталық Қазақ-

стан» газеті  ұ ж ы м ы н ы ң ара-

сындағы ынтымақ, келісімнің 

нәтижесі. Бұлайдармен біздің 

ө л к е м і з д і ң ғасырлар қойнауын-

да бұғып жатқан сан-қилы та-

рихының мәселелері көтерілді. Ел 

мен жердің тарихы, мемлекет 

қайраткерлерінің өмірі, көптеген 

көмескі оқиғалар осы айдармен жа -

рияланған мақалаларда өз анығын, 

шындығын тауып, ертеңгі күні кітап 

болып шығады деген үмітіміз бар. 

Осы маңызды іске ат салысқан ел 

ақсақалдары, мектеп тарихшылары, 

жалпы оқырман сол ертеңгі баспа 

бетін көретін «Сарыарқа шежіресі» 

кітабының авторлары болмақ. 

Біздің міндетіміз сіздерге ой тас-

тау, тақырып беру, ғылыми-кеңес 

айту.  Қалған шаруа, яғни естігені жад, 

кеудесі хат көнекөз ақсақалдардан 

шежірені сұрап-білу, тарихи орындар 

мен ескерткіштерді суретке түсіру, 

Қолдан суретін, жоспарын жасау 

сіздерге міндет. Аса  қызықты, тарих-

қа керекті болған жағдайда ғылыми 

экспедиция  ұ й ы м д а с т ы р ы п , сіздерге 

көмек көрсетпек жоспарымыз да 

бар. 

Әрине, бұл жұмыс ертерек баста-

луы керек еді. 

Қазір ортамызда 

көнекөз 

қариялар да аз 

қалды, 

ескерткіштер де заманадан теперіш 

көріп  қирап жатыр. Дегенмен, сол 

қариялардан 

қалған шәкірттер бар 

шығар, ескерткіштердіңде кей жер-

лерде журнағы сақталған болар. Ең 

болмағанда соларға ие болайық. Са-

рыарқа — алтын  қонысымыз, 

қазір 

тура  Қарағанды облысының шекара -

сында жатыр. Біздің мемлекет-

тігіміздің алтын 

қазығы болған, 

бірнеше мыңдаған жылдар көшпе-

лілердің алтын  қонысы болған Сары-

арқа өлкесі  қойнына бүккен сырын әлі 

ақтарған жоқ. Сарыарқа туралы әлі 

күнге бір дұрыс тарихи-танымдық 

кітап шыққан жоқ. Осы іске ат салы-

сайық, ағайын! 

(Жалғасы. Басы газетіміздің 

өткен санында). 

2. Қазылық 

Ерте уақытта Сарыарқа жерінің 

таулы бөлігі Қазылық аталғанын көп 

адам біле  қоймайды. Бұл сөздің 

мағынасы да әлі түсінікті емес. 

Қазылық Деп малға жайлы, шұрай-

лы жерді айтады деп жорамалдауға 

болады. 


Біздің бұл мақалада осы  Қазы-

лықтың шекарасы сөз болмақ. Кей 

деректерде «Үш  Қазылық» деген 

атау кездеседі, кейде «Бес  Қазы-

лық» делінеді. 

Ә.Бөкейханов Ақайдың 

Хасеніне «Қазақ» газеті арқылы бір 

хат жазып,  қаракесек руының Ата 

қонысы Арқаға келуіне байланыс-

ты: «Қарқаралы,  Қарақуыс, Едірей, 

Қу, Баянаул тауларын Бес  қазылық 

дейді. Бұл мал кіндігі», — деген 

әңгімені айтады. 

Орталық Қазақстандағы жер ат-

тарына  қатысты XVIII ғасырдың 

орыс-қытай деректерін алып  қара-

сақ:  Қу-Қазылық, Кент-Қазылық, 

Қарқаралы-Қазылық деген атаулар 

кездеседі. 

Егер оқырман бұл жөнінде то-

лық хабардар алғысы келсе, онда 

менің «Қазақстан тарихы» (оқулық-

хрестоматия), «Қаз дауысты  Қазы-

бек би» сияқты кітаптарымды ақтар-

са болады. Әсіресе, Арқа жерін XVII 

ғасырдың 30-40 жылдары біраз 

уақыт жайлаған  қалмақтың дүрбет, 

хошоуыт сияқты тайпалары осы аты 

аталған жерлерде  қоныс тепкен. 

Кент-Қазылық тауында  қазіргі 

күні қираған ізі ғана жатқан «Қызыл 

Кеніш сарайы» сол  қалмақ уақыты-

нан  қалған ескерткіш, будда дінінің 

ғибадаханасы болуы тиіс. 

1640-шы жылдары осы Кент-

ке қалмақтың ғұлама ғалы-

мы, ақылгөй кемеңгері Зая 

Пандита келіп бір жыл қыс-

таған. Сол кездегі  қалмақ-

тың белгілі ел басшылары 

Далай тайшы, Күнделең 

тайшы, т.б. осы  Қазылық-

та көп із  қалдырса керек. 

Күнделең тайшы Есім хан-

ның баласы Салқам Жәңгір 

ханмен өте жақсы аралас-

тықта болған. Жәңгірдің 

шешесі осы Күнделең тай-

шының  қызы. 

Кейбір тарихи оқиға-

ларды, жер жағдайын са-

раптай отырып «Үш  Қазы-

лық» дегеніміз  Қарқаралы, 

Кент,  Қу таулары ма деп 

болжауға болатын сияқты. 

Нақты анығын, мүмкін 

кәріқұлақ ақсақалдар білетін болар. 

Тіпті ақсақалдар аз болса, кәрі әже-

лерден де осы мәселені сұрап алған 

дұрыс. 


Қазақтың арасында бертінге 

дейін сақталған өлеңнің бірі «Қал-

мақтың жерімен  қоштасуы» деп ата-

лады. Бір-екі ғасыр Орталық  Қазақ-

станды мекен етіп, әбден бауыр бас-

қан  қалмақтар: 

Он екі  Қазылық, ой Түндік, 

Маңырап жатқан  қой түңдік, 

Қайран да,  қайран,  қайран тау, 

Маған панаң тиген тау, 

Әкем күйеу болған тау, 

Анам келін болған тау, — 

деп көтерлерінде  қоштасып жы-

лаған екен дейді. 

Көмекей жырау Бұқардың да: 

Он екі  Қазылық, ой Түндік, 

Шауып шықтым белеңге, — 

деп басталатын толғауы бар. 

Осы «он екі  Қазылықты» санап 

бере алатын ақсақалдар бар ма, 

мүмкін осы тізімге сонау Шыңғыс 

таудан (Ханшыңғыс) бастап Баяна-

улаға дейінгі Арқаның ірі биігінің 

бәрі кіретін болар. Жалпы жобасы 

Балқаш пен Ертіс арасындағы қазақ 

баласының  қасиетті  қонысы осы 

жер ме екен. 

Бұл екі ара көне заманда (біздің 

жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ мың-

жылдықтар) кен өндірген, дүние 

жүзіне, Мысыр мен Парсыға, Грек 

пен Үндіге) металлургиялық орта-

лық,  қазына атымен танылған жер. 

Дешті  Қыпшақ заманында «Шығыс 

Дешті» деп араб саяхатшылары 

жазады. Олай болса дәл ортасы-

нан Түндік өзені ағатын Сарыарқа 

өлкесі болса керек «он екі  Қазы-

лық». Кімнің  қандай пікірі, дерегі 

бар екен осы тақырып туралы? 

(Жалғасы бар). 

Орталық Қазақстан. - 2000. - 21 қазан. - 7 б. 



(Жалғасы. Басы газетіміздің 

өткен санында). 

Қазақ жерге ат  қоюға өте ше-

бер халық. Жер атауына терең 

үңілген жағдайда тарихтың небір 

тылсым сырын аңғарамыз. Жер та-

рихы мен ел тарихы егіз екеніне 

көзіміз жетеді. Сарыарқа деген ата-

удың өзі неге турады. Жалпы Арқа 

атауымен сонау Чаны көл (Батыс 

Сібір) — Ордан бастап Бетпаққа 

дейінгі далалы алқап танымал, со-

ның тура ортасы, шаңырағы — Са-

рыарқа. 

Осы Сарыарқада «Шүршіт» аты-

мен байланысты бірнеше жер 

кездеседі. Біздің бұл тақырыбымыз 

осы Шүршіт атауына байланысты — 

Шүршіт  қырған, Шүршіт биік  қара-

уыл, Шүршіт  қонған сияқты тарихи 

орындарға арналады. Жүрегі елге-

зек, көзі  қарақты, жады берік аза-

маттар осы атаулардан бір  қызық 

тарихтың  құлағы көрініп тұрғанын 

аңғарып та  қалған болар. Біз өз 

білетінімізді  қысқаша баяндайық, 

ал сіздер толықтыра жатарсыздар. 

Өз естіп - білгендеріңізді, не 

көргендеріңізді, тапқандарыңызды 

авторға, не редакцияға хабарлай-

ды деп үміттенеміз. 



3. Шүршіт  қырған 

«Шүршіт биік  қарауыл» деген 

жерді Мәшһүр Жүсіп Көпеев езінің 

«Еңсегей бойлы Ер Есім 

Түркістанда  қазақ ханы болып 

тұрған кезде Ташкентте Тұрсын хан 

қатаған деген жұртты билеп тұрды, 

— деп бастайды өз әңгімесін 

Мәшһүр Жүсіп. — Екі хан күндердің 

бір күнінде келісіпті. Есім хан ұзын 

аққан Ертіске аттанып  қалмақпен 

соғыспақ болыпты, ал Тұрсын хан 

күнбатыс Бұқар,  Қоқан, Самарқан-

мен жауласуға дайын тұрмақ бо-

лыпты. Осы уағда бойынша Ер Есім 

хан әскерін бастап күншығысқа бас 

қойды. «Ол күнде Шу мен Сарысу-

ды асқан соң  ұзын аққан Ертіске 

дейін елсіз, жыртылып айырылған 

аңнан басқа дәнеңе жоқ екен. 

Шідертінің өзеніне келіп, тыны-

ғайық деп,  қос тігіп жатты. Сонда 

Шүршіт биік  қарауылдан  қара 

көрінді...». 

«Шүршіт биік қарауыл» қай жер-

де? Оқиға, Ер Есімнің жорығы 1627 

жылы болса керек. «Шүршіт  қара-

уыл» соған дейін бар нәрсе ме, 

кейіннен шықты ма? Мәшекең жәй 

ғана жер жобасын көрсетіп отыр 

ма? Егер Шідерті болатын болса, 

ол жер біздің Сарыарқаға  қатысты 

ма деп ойлаймыз. 

Екіншіден, «Шүршіт қырған» деп 

атайтын жер де  Қарағандыға таяу 

бұрынғы Молодежный ауданының 

«Трудовой» совхозы орналасқан 

жерде болса керек. «Трудовойдан» 

«Шідерті» совхозына, яғни  Қанды-

адырға  қарай болуы тиіс дегенді 

ақсақалдар айтып еді. Толық ко-

ординаттарын ешкім де біле  қой-

майды. Бұл жердің басында бір 

ескерткіш бар ма екен, көне мола, 

т.б.  қалды ма екен, анығын білетін 

адам жоқ. 

Біздің ойымызша, «Шүршіт 

қырған» атауы 1756-1757 жылдары 

қытай-қазақ соғыстарының нәтиже-

сінде пайда болған. Әртүрлі архив 

деректерін «Бұқар жырау», «Қаз да-

уысты  Қазыбек», «Қазақстан тари-

хы» кітаптарында келтірген едік. 

Олардың ішінде, әсіресе,  Қытай-

дың өз деректері толық та,  қызық. 

«Шүршіт» деп  қазақ жалпы  Қытай-

ды атағанымен, ол ең алдымен 

билеуші әулетке  қатысты сөз. 1644 

жылдан бастап  Қытайды мәнжүр 

әулеті биледі, олардың түн негізі 

Амур өзені бойын мекен еткен 

ежелгі «чжурчжен» тайпалары. Осы 

чжурчжен — шүршіт сөзінің төркіні. 

Қытай әскері екі топ болып бар-

лық саны 20 мыңнан астам  Қарқа-

ралы, Баян жерінде қазақпен соғыс-

қан. Деректерде Жарлы, Нұра, Қу-

Қазылық атты жер аттары бар. 

Қазақ әскерін бастаған Абылай хан 

сонау Алтын Емелден бастап  қаша 

соғысып  Қытайды әбден болдыр-

тып, шаршатып, Сарыарқаға жет-

кен. Баянаула-Қарқаралыға іліккен 

уақытта  қыс басталып кетіп,  қытай 

әскері  қырылған. 20 мың әскерден 

3 мың ғана адам тірі оралды деген 

деректер бар. «Шүршіт  қырған» 

атауы осы оқиғаның белгісі болар. 

«Шүршіт 

қонған» дегенді 

естігеніміз бар, кергеніміз жоқ. 

Шамасы 1824 жылы Уәли баласы 

Ғұбайдолланы хан сайлаймыз деп 

келген  қытай делегациясының  қон-

ған жері болар. Едірейге таяу жер 

ме деп ойлаймын, анығын Алла 

біледі. 

Ж.АРТЫҚБАЕВ, 

тарих ғылымдарының 

д о к т о р ы . 

(Жалғасы бар) 

Орталық Қазақстан. - 2000. - 25 қазан. - 8 б. 



4 .  Қ а л м а қ  р у л а р ы 

( С о ң ы  Б а с ы  г а з е т і м і з д і ң 

өткен сандарында). 

Қазақ руға бөлінетін халық. 

Қазақ деген елдің негізгі  құрамы өз 

таңбасы, өз  ұраны бар көшпелі ру-

лардан  құралған.  Қазақ рулары та-

рихи-этнографиялық тұрғыдан 

бірсыпыра зерттелді деп айтуға бо-

лады. Оған соңғы кезде көп жария-

лана бастаған шежірелер де куә. 

Сонымен  қатар  қазақ ішінде төре, 

қожа, төлеңгіт, сунақ, келеген си-

яқты көптеген әлеуметтік-этногра-

фиялық топтар да бар. Дәм жазса, 

болашақта біз олар туралы жеке 

әңгіме айтамыз. Ал 

қазіргі 


әңгімеміз  қалмақ руы жөнінде. 

Қалмақ рулары Сарыарқа 

жерінде көп кездеседі. «Тоты  қал-

мақ», «Қыз  қалмақ», «Қызыл  қал-

мақ», «Бала  қалмақ», «Бес  қалмақ», 

т.б. ру-ата балалары Қарағандының 

өз басында да, ел ішінде де бар. 

Бұлардан тыс, атасы қалмақ болып-

ты делінетін «жетімек», «жалаңтөс», 

т.б. рулар бар. Олардан басқа, арғы 

нағашыларымыз  қалмақ еді, ата-

мыз жаугершілік кезінде әкелген 

екен әжемізді деп, немесе арғы ата-

мыз бала кезінде  қалмақ  қолына 

түсіп, кейін  қашып елге келіпті деп 

түбін бұлдыратып жібе-

ретін елдер бар. Бұл тақы-

рыпта бұрын-соңды ғылы-

ми-зерттеулер жасалған 

жоқ. Ел ішіндегі аңыз-

әңгіме, өлең-жыр, шежі-

релер ыждиһатпен көңіл 

бөлуді талап етеді. Оқыр-

ман  қауым бұл шаруаға өз 

үлесін  қосады деп сенеміз. 

Құрбанғали Халит 

дейтін шежіреші: 

Алаш, Алаш болғанда, 

Алаша хан болғанда. 

Қазақ,  қалмақ, 

ноғайлар, 

Бәрі сонда бір болған, 

— дейтін ескі жырдың 

нұсқасын келтіреді. Осыған 

қарағанда  қалмақтың келген түбі 

бір. 


Мәшһүр Жүсіп: 

Батырлар аттанысқа барған 

екен, 

Қалмақты олжа  қылып алған 



екен. 

Сол  қыздар мұнда келіп бала 

тапқан, 

Ана бол бәрімізге бөлек заттан. 

Байлары біртін-біртін өлгенінде, 

Өз мирасын үйретті Тәңірі айт 

қан, — деп осы мәселені жырға 

қосқан. 


Анамыздың  қалмақ затынан бо-

луына Бұқар бабамыздың да уағыз-

дары әсер еткенін: 

Қалмақтан алсаң Мәһи бір 

зайып, 

Сүйегің  қалмас далада, — де-



ген бір ауыз үзіндіден-ақ сеземіз. 

Шежіреге қарасақ Тоты қалмақ-

тың әкесі Бүркітбай, оның әкесі 

Бекболат делінеді. Арғы жағын 

Алла біледі.  Қарқаралы-Қазылыққа 

Тоты Бөкей сұлтанмен бірге кел-

ген екен дегенді естиміз. Ағалары 

Бұлбұл, Шибек те бірге келіп, біраз 

жылдан кейін Түркістанға  қайтып 

кетіпті.  Қазір олардың тұқымдары 

Созақ маңында болса керек. Тоты 

1748 жылдары 13-те. Жыл есебін ата 

санап та анықтауға болады: Тоты-

Түктібай - Көшімбай - Шоқай - Мұса -

хан - Өмірзақ - Ерімбет. Немесе, 

қазақтың атақты ғалымы, Фарабиді 

қайта жаңғыртқан Ақжан Машанов 

шежіресін байқайық: Тоты -

Б а й т е м і р -  М а ш а н -  Ж а қ с ы б е к -

Ақжан. 


Жарайды, Тоты Бөкей сұлтан -

ның жанында нөкер болып жүрсін, 

ал  қыз  қалмақ,  қызыл  қалмақ, т.б. 

қалай келді Сарыарқаға. Бұл жағы 

әлі түсініксіз. 

XVII ғасырда Алтай тауларынан 

бері жылжыған 

қалмақтың 

бірсыпыра елі Баянаула - Қарқара -

лыға келді. Біраз Ясыл осы жерде 

қоныс та тепті. Кейін  қазақ рулары 

бұларды  қайта Жоңғарияға  қарай 

тықсырды. Сонда  қалмақтың айт-

қан сөзі осыған куә: 

Үш атамыз өткен тау, 

Үш мың  қара біткен тау... 

Сен есіме түскенде, 

Көзімнен ағар жастарым... 

Үмбетейдің Бөгенбайды жоқ-

тайтын жырын еске алайық: 

Баянаула,  Қызылтау, 

Абыралы, Шыңғыстау, 

Қозы маңырақ,  Қоймаңырақ 

Арасы толған көп  қалмақ! 

Сарыарқа  қалмағының түбі сол 

«көп  қалмақ» екеніне дәлел бар ма 

ел арасында? Бірлі-жарым  қалмақ 

1756-1757 жылдардағы соғыста 

Әмірсана  қонтәжімен бірге  қазаққа 

келіп  қосылып, сол себептен  қазақ 

Қытаймен соғысты. Әмірсананың 

қалмағы түгел  қазақ атанып кеткен 

болар. 1771 жылы Ресейдің 

тепкісіне шыдамай Еділдің  құба 

қалмағы Жоңғарияға  қашты. 100 

мың үйдің 30 мың үйі ғана  Қытай 

шекарасына аман жетіпті,  қалғаны 

қазақ жерінде  қалды. Олай болса 

қазақ ішіндегі  қалмақ саны біздің 

ойлағанымыздан көбірек болуы 

тиіс.  Қалмақ руларының шежіре-

лерін жинау және зерттеу ХVІІ-ХVІІІ 

ғасырдың кейбір беймәлім тұста-

рын анықтауға көмектесуі мүмкін. 

Орталық Қазақстан. - 2000. - 1 қараша. - 7 б. 


5 . Сағана  ( С а х а н а ) 

Қазақ  құдайдан да бұрын ару-

ақты сыйлаған ел.  Қазақ елінің 

өзіндік ғажайып салты да осы 

дәстүрінен көрінеді. Аталарына ар-

нап  қазақ сияқты шашылып ас 

беретін ел жоқ.  Қазақ өзі  қайыршы 

болып жүрсе де атасының басын 

көтереді, зәулім бейіт соғады. 

Жауға шапқанда да  қазақ аруақты 

аузына алып шабады. Осы себеп-

терге байланысты  қазақ жеріндегі, 

соның ішіндегі Сарыарқадағы 

ескерткіштердің көпшілігі бейіттер. 

Ертерек уақытта «мола» деген сөз 

көп қолданылған сияқты,  қазір 

«бейіт» деп көп атайды. Кей-кейде 

«там» депте атайды. Мәселен, «ата-

сына арнап там соғыпты» десіп жа-

тады. 


Қазақ молаларының көпшілігі 

төртқұлақ келеді. Не тастан, не 

шымнан, не кірпіштен төрт  қабырға 

көтеріп, бұрыш-бұрышын едірейтіп 

қояды, ай бекітеді, т.б. Мәйітті не 

жарма 


қылып, не лақаттап 

жерлейді. Осы дәстүрдің бәрі де 

ертеден белгілі дәстүрлер. Тек 

әртүрлі рәсімдерді өткізерде 

ерекшелік кездеседі. Мысалы, Са-

рыарқаның  Қарағанды жағы өлген 

адамның жетісін,  қырқын, жылын 

береді, ал Жезқазғаннан оңтүстікке 

қарайғы ел оларға  қосып жүзін де 

атап өтеді. Бұл мәселе әлі де тия-

нақты зерттеуді  қажет ететін сияқ-

ты. Кейде бір ерекшеліктер рулық 

дәстүрлерге  қарай ыңғайланады, 

әр рудың өз дәстүрінде 

ерекшеліктер болады. Пәленше 

жерде де айту осыған байланысты 

қиын. Дәл осы жерде екі ру отыр-

са, екеуінің салтында ерекшелік 

болуы мүмкін. 

XVIII ғасырда, жаугершіліктің 

салдары болуы керек, обалап  қою 

Сарыарқада көп кездеседі. 

Қазақтікі екенін тек басындағы ру 

таңбасынан айырасың. Өткен жыл-

дары экспедициямен Бұлантыдағы 

Қалмаққырғанда, Айдаһарлы-

Құдайберліде, Теректі әулиеде, 

Жошы күмбезі орналасқан жерде, 

Баянаулада  Қожа  қорығы дейтін 

жерде, т.б. XVIII ғасырдың үлкен 

қорымдарын көрдік. Көпшілігі оба, 

бәрінің басында да ру таңбалары 

бар. Бұл өзі жеке тақырып. 

Сонымен  қатар ғылым үшін тіпті 

түсініксіз, беймәлім жерлеу салт-

тары, ескерткіштер де кездесіп 

қалады. Соның бірі «сағаналап» (са-

ханалап) жерлеу. Саханалап 

жерлеудің негізгі тәртібі, біздің 

білуімізше, мынадай. 

Көр жер астынан үй сияқты 

қазылады. Төбесі күмбез болып, 

не шатыр болып жер бетінен 

көтеріліп тұрады, ішінде төменге 

түсетін саты болады. Көрде (үйде) 

жағалай сәкі орнатылады. Өлген 

адамның денесін (мәйітті) сол 

сәкілердің біріне  қояды. Еті аққан-

нан кейін сүйекті аржағындағы 

шұңқырға ысырып  қойса керек. 

Мәйіт кебінге оранған күйінде 

ашық жатады. Ағайын-туған барып 

дұға оқып, сахана ішіндегі сатымен 

төменге түсіп тұрады. 

Саханалап  қою тәртібі Сарыа-

рқа жерінде осындай. Ал, енді, 

жергілікті ерекшеліктері бар ма, ол 

жағынан бізде мәлімет жоқ. Шама-

сы саханалап жерлеу бір ата, неме-

се бір ру ішінде сақталған ескі 

дәстүрлерге байланысты болса ке-

рек. Өз туыстарын бір жерге — бір 

қорымға, бір саханаға жерлеу ер-

теден келе жатқан салт. Сахананың 

бір көрнекті нұсқасы  Ұлытау 

жерінде, бұрынғы «Шеңбер» совхо-

зы маңында бар деп естиміз. Тағы 

бір саханалау туралы Нұра бойы-

нан (Алғабас ауылы), бұрынғы 

Теңіз ауданынан, т.б. келген дерек-

тер де бар. Бірақ арнайы ғылыми 

түрде зерттелмегендіктен ештеңе 

айта алмаймыз. Жалпы Нұра ауда-

ны жерінде, алтай-темеш арасын-

да көнеден келе жатқан ескерткіш 

пен әңгіме көп болуға тиіс, бірақ 

іздеушісі, жанашыры жоқ. Өз-

өзімен бұйығы жатқан ел Мүмкін 

оқырмандар ақсақалдардан сұрап 

біліп, бізге керекті деректерді 

жіберер деген үмітіміз бар. 

Қазақтың соңғы әулиесі атанғ-

ан Мәшһүр Жүсіптің жерлену 

дәстүрі осы саханаға келеді Ол 

кісінің мәйіті, сол  қалпында 1951 

жылға дейін ашық жатқанын 

бірсыпыра ел біледі. 

Жалпы саханалап жерлеу өте 

әріден, сонау арий-тур заманынан 

келе жатқан дәстүр болса керек. 

Ескі зәрдүш дініне  қатысты осын-

дай жазба деректер бар. 



Ж.АРТЫҚБАЕВ, 

тарих ғылымдарының 

д о к т о р ы . 

Орталық Қазақстан. - 2000. - 1 қараша. - 7 б. 



Каталог: saryarka -> history
history -> «ОҒƏК өлкетану ресурстары – жастарға» сериясының 3 басылымы
saryarka -> Өлкетану бөлімі
saryarka -> АҚтау бекінісінің АҚыры: Аңыз және дерек • Мәдени мұра
saryarka -> Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»
saryarka -> Өлкетану бөлімі
saryarka -> ТҰрсын жұмаш періште жыр кітабы
saryarka -> Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде Жетпеді даусым жаратқан жалғыз
saryarka -> Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстандағы өнеркəсіптің дамуы, темір жол
saryarka -> Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет