БАЯНДАМА
Бала психикасының біркелкі дамымау себептері.
Сенсорлық кемшілігі бар балалар
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ;
ҚОРЫТЫНДЫ.
КІРІСПЕ
Жыл сайын әлемде 5 жасқа толмаған 7,6 миллион бала қайтыс болады. 25 еседен артық
бала тірі қалады, бірақ өзінің толық әлеуетіне жете алмайды. Соның нәтижесінде,
сараптамалық бағалауға сәйкес, елдер ересек халықтың өнімділігінің 20 пайызға жуығын
жоғалтады [1]. Қазіргі кезде педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау, психология,
педагогика және құқық салаларындағы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің баланың
дамуында оның өмірінің алғашқы жылдарының атқаратын маңызы зор екені туралы
пікірлері бір жерден шығады. Бұл - аса зор мүмкіндіктер кезеңі, сонымен қатар жағымсыз
әсерге осалдық танытатын кезең. Баланың нәресте кезінен ата-анасымен және
жақындарымен арада қалыптасатын қарымқатынасы оның денсаулығына, дамуына,
қоғамға бейімделу қабілетіне, әлеуметтік мінезқұлқының қалыптасуына елеулі түрде әсер
етеді. Баланың бүлдіршін кезінен жақсы тамақ ішіп, денсаулығының мықты болуы, ата-
анасының қамқорлық жасауы және оны оқуға ынталандыру балалардың мектепте жақсы
нәтижелерге қол жеткізуіне, денсаулығының дұрыс болуына және қоғам өміріне белсенді
қатысуына көмектеседі. Сенсорлық-қозғалу, әлеуметтік-эмоционалдық және сөйлеу/
когнитивті қабілеттерін қоса алғанда, балаларды бүлдіршін жасынан дамыту адамның
бүкіл өмір бойында денсаулығының болуына, оқуы мен мінез-құлқына аса маңызды негіз
қалайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Балаға сапалы күтім жасау, қамқорлық көрсету, оның қабілеттерін мақсатқа сай дамыту тек
баланың өмірін, оның соматикалық денсаулығын сақтап қалуда ғана маңызды болып
табылмайды, сонымен қатар оның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы зор. Медицина
қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі баланың қорғаныш күштерінің сенімділігін,
физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді дамуын қамтамасыз
ету болып табылады.
Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму — денсаулықтың басты
көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған
орта жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның
өсу және даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер
соғұрлым тез, жедел өтеді. Педиатрияда «физикалық даму» термині деп балалық шақтың
түрлі кезеңдерінде баланың бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен
биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі.
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері: ◊ дене салмағы; ◊ бойы/ұзындығы; ◊ бас
шеңбері; ◊ психомоторлық дамуы. Дене салмағы—баланың өсуі мен дамуының неғұрлым
маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы
оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып
табылады. Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай? ◊ Дені сау, айы-
күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі
алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын
жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін
салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді. ◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150
грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ
қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50 грамды құрайды. ◊ Туғанына 5 ай толған соң,
бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12
айға қарай – оны үш еселейді.
БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОМОТОРЛЫқ ЖәНЕ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫ. Психомоторлық мінез-құлық
баланың өмірінің белгілі бір кезеңдеріндегі нерв жүйесінің түрлі бөліктерінің қалыптасуын
білдіретін болғандықтан, баланың дамуының елеулі аспектісі болып табылады. Баланың
дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады: ◊
қозғалтқыш (немесе моторика) – кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы,
орнына қоя білуі. ◊ әлеуметтік – тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын
күту. ◊ Когнитивті – қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі
салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және
қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру. ◊
Эмоционалдық – тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша
ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен
өзінің жетістіктерін бөлісуі. Баланың дамуының сенімді әрі көрнекті индикаторы оның
моторлық дағдыларға (таянышсыз отыруы, төрт тағандап еңбектеуі, басқа адамның
көмегімен тұруы, басқаның көмегімен жүруі, өз бетінше тұруы, өз бетінше жүруі) қол
жеткізуі, сөйлеу және есту қабілеттерінің дамуы болып табылады. Баланың дамуында
ауытқушылықтар байқалған кезде ол міндетті түрде денсаулық сақтау немесе білім беру
жүйелерінің бейінді мамандарына әрі қарай тереңдетіп тексеруге жіберілуі тиіс. Баланың
дамуында ауытқушылықтар байқалған жағдайда оның денсаулығын бағалау, мінезқұлқын
анықтау және оларды түзету үшін шешім қабылдау мақсатында баланың дамуына
мониторинг жүргізу және бағалау қажет.
БАЛАНЫҢ ЕСТУ ЖәНЕ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ТЕКСЕРУ. Есту немесе көру қабілетінде қиындықтары
болуы мүмкін 6 айлық және одан асқан балалар үшін Ата-анаға немесе тәрбиешіге
мынадай сұрақтар қойыңыз: Есту ◊ Балаңыз артында бірдеңе айтып сөйлеп тұрған адамды
көру үшін басын бұра ма? ◊ Балаңыз күшті немесе қатты дауысқа елеңдей ме? ◊ Бала әр
түрлі дыбыстарды айта ала ма (тата, дада және баба)? Есту ◊ Балаңыз сіздің көзіңізге қарай
ма? ◊ Балаңыз басы мен көзін бұрып, қозғалып бара жатқан затқа көзі түсе ме? ◊ Балаңыз
таныс адамдарды тани ма (анасын, әкесін, ағасын немесе апасын)? ◊ Балаңыз заттарға
жармасып, ұстай ала ма? Егер ата-аналар (тәрбиешілер) жауап беруге қиналса, оны қалай
анықтауға болатынын түсіндіріңіз. Мысалы, олар баланың артында тұрып алақандарын
қатты шапалақтап, дыбыс шығарады. Және қозғалып тұрған қарындашқа бала басын
бұрып қарап, көзімен оның қозғалысын бақылайтынын-бақыламайтынын қадағалайды.
Көруі мен естуін тексеру үшін бала тыныш әрі аса сырқат болмауға тиіс. Егер осы
сұрақтардың кез келгеніне «жоқ» деген жауап берілсе, баланың естуінде немесе көруінде
қиындықтардың болуы мүмкін. Баланы әрі қарай тексеру үшін мамандандырылған
қызметтерге жіберіңіз.
АТА-АНАЛАРҒА ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БОЛАТЫН ЖАЗАТАЙЫМ
ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындыда балалардың даму стандарттары барлық сатыларда құнарлы тамақ жеген -
тек емшек сүтін еміп, отбасы дастарханынан жоғары сапалы тамақ жеген балаларды өлшеу
мен тексеру нәтижелеріне негізделгенін атап өтуге болады. Бір жасқа толмаған балалар
үшін ең оңтайлы тамақ емшек сүті екені сөзсіз. Ана сүті – балалар диетасының «алтын
стандарты». Сәби жастағы балаларға арналған тағамның мультикомпоненттері теңгерімді
Дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химия құралдарын балалардың қолы жетпейтін
жерлерде, ал пестицидтер мен мұнай өнімдерін бөлек үй-жайда сақтау қажет;
Химикаттарды тамақ өнімдеріне арналған сыйымдылықтарда сақтауға болмайды;
От көздері мен жылыту құралдары мұқият қоршалуға тиіс:
Тамақ пен суды жылытуға арналған электр құралдарының баулары қысқа болуға тиіс.
Ұзын бауларды жоғарыға – балалардың қолы жетпейтін жерге іліп қойған дұрыс.
Үстелде жапқыш болмауға тиіс.
Ыстық тамақты, шайнекті үстелдің шетіне емес, ортасына қойған дұрыс;
Пайдаланылмайтын электр ажыратқыштар бітеуішпен жабылуға тиіс;
Баланы машинада балаларға арналған арнайы отырғышпен алып жүрген жөн;
Суда және судың жанында бала ересектердің қарауынсыз бір минутқа да қалмауға
тиіс. Егер үйде бассейн болса, оны мұқият қоршау қажет;
Сіріңкені, пышақты, қайшыны, инелер мен түйреуіштерді балалардың қолдары
жетпейтін жерлерде сақтау қажет;
Бала ойнайтын алаң жүргінші жолынан қалқалануға тиіс;
Үйдің қасынан машинамен кетер кезде жанында баланың жоқ екеніне көз жеткізу
қажет;
Баланы жуынатын бөлмеде қараусыз қалдыруға болмайды;
Шайнауды үйренбеген кішкентай балаға тыныс жолдарына түсіп кетуі және тұншығып
қалуы мүмкін болғандықтан жаңғақ бермеу керек.
болуға тиіс. Тағамның физиологиялық барабарлық қағидаты – осы жастағы баланың тістеу,
шайнау, ас қорыту, сіңіру және зат алмасу үдерістеріндегі мүмкіндіктеріне тағам
өнімдерінің барынша сәйкестік деңгейі маңызды. ДДСҰ әзірлеген балалардың өсу
нормалары әрбір баланың өзінің қалыптасуындағы неғұрлым маңызды жылдар ішінде
дамуына ең мықты мүмкіндіктер алуына ықпал ететін жаңа құралдарды білдіреді. Бұл
тұрғыдан аталған құрал нәрестелер мен сәби жастағы балалардың өлім-жітімі мен
аурушаңдығын азайтуға көмектеседі. Баланың нерв жүйесінің қалыпты дамуы сыртқы
тітіркендіргіштер барынша әр алуан болған кезде ғана мүмкін болады. Әсіресе баланың
ересектермен, ең алдымен, анасымен, басқа балалармен қарым-қатынасының маңызы
зор. Ерте жастан оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін қажетті жаңа білімді бала бақылау,
зерттеу, ата-анасымен, балалармен қарым-қатынас жасау және т.б. арқылы алады,
баланың анасына осылай бауыр басуы, олардың өзара және тұрақты қарым-қатынас
жасауы тек емшек сүтін емудің баланың толыққанды жүйке-психологиялық даму
факторларының бірі ретіндегі маңыздылығын тағы бір рет атап көрсетеді. Балаларды ерте
жастан дамыту бойынша отбасыларға берілетін ұсынымдар балалардың тәрбиесімен
байланысты нақты қиындықтарды шешудің жолдарын ұсынады, ата-аналардың мінез-
құлықтарына әсерін тигізеді және ата-аналардың медициналық мекемелерге баруын
бағалау қабілеттерін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |