1. Бәсекелестік бұл



бет5/5
Дата28.09.2022
өлшемі37,63 Kb.
#40554
1   2   3   4   5
Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі.[1] Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынныңБанкроттықғы туралы іс заң құжаттарындакөрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады.[2] Заңды тұлғалардың банкроттығы жағдайында оның салдары атқарушы директорға әсер етуі мүмкін. «ЖШС туралы» Заңның 44-бабына сәйкес, басшылық өзінің міндеттерін орындауға немқұрайлы қарағаны үшін келтірілген шығынның бір бөлігі үшін жауап береді.[3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет