1 дәріс Биохимияға кіріспе



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі74,9 Kb.
#56921
түріҚұрамы
  1   2   3

1 дәріс Биохимияға кіріспе

Профессор Мұсабаева Б.Х.


Дәріс жоспары
  • Биохимияның пәні, міндеттері
  • Биохимияның қысқаша тарихы
  • Тірі ағзалардың химиялық құрамы

Биохимияның пәні
Биохимия (биологиялық химия) – тірі ағзалардың химиялық құрамын, тірі материяда жүретін химиялық реакциялар мен физика-химиялық өзгерістерді молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым.
Bios – грек тілінен аударғанда «өмір немесе тіршілік» деген сөз, яғни биохимия – тіршілік химиясы.
Биохимия үш бөлімнен тұрады:
- Статикалық биохимия – ағзаның химиялық құрамын зерттейді;
- Метаболиттік немесе динамикалық биохимия – ағзадағы энергия және зат алмасуын зерттейді;
- Функционалдық биохимия (мысалы спорттық биохимия, медициналық биохимия) – ағзаны әр түрлі функционалдық күйлеріндегі биохимиялық процесстердің ерекшеліктерін зерттейді.
Сонымен қоса Адам биохимиясы, Жануарлар биохимиясы, Өсімдіктер биохимиясы, Микроағзалар биохимиясы болып бөлінеді
Биохимияның міндеттері
  • Клеткада жүретін процесстердің мәнін түсіндіру
  • Жүйкеде, жүйке жүйесінде жүретін процесстердің мәнін анықтау
  • Зат алмасуды басқару жолдарын табу
  • Тіршіліктің негізі – белокты жасанды жолмен алу жолдарын табу

Биохимияның қысқаша тарихы
Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көне заманнан таныс. Мысалы, адам баласы өте ерте кезден-ақ нан пісіруде, шарап, дәрі-дәрмек жасауда, тері илеуде және т.б. биохимиялық процестерді пайдаланған. Бірақ, бұл адам баласының тәжірибесіне ғана негізделген /эмпирикалық/ білімдер еді.
Биохимия ғылым ретінде XYI-XIX ғасырларда пайда болды.
Биохимияның тарихы – материалистік және идеалистік екі көзқарастар күресінің тарихы. Өзінің дамуының алғашқы кезеңінде биохимия жаңылыс флогистон теориясымен соқтығысты. Материя мен қозғалыстың табиғатта сақталу заңы ашылғаннан кейін биохимия қарқынды дами бастады. Біртіндеп өлі табиғаттағы жану мен тірі ағзалардағы тыныс алу процестерінің арасындағы ұқсастықтар жөнінде түсініктер пайда бола бастады.
Фотосинтез теориясының негізі қалыптасты. Заттардың табиғаттағы айналымы мен азоттық алмасудың заңдылықтары зерттелді. Ю. Либих өсімдіктердің минералдық қоректену теориясын ашты.
XIX ғасырдың басында биохимия жалпы химияның құрамына кірді. Кейіннен ол пайда болған органикалық химиямен қосылып келешекте статикалық және динамикалық биохимияның негізін құрды.
Биохимияның қысқаша тарихы
XIX ғасырдың 50 - жылдарында зерттеу әдістері бір-бірімен байланыста болғандықтан, физиология биохимияға жақындай түсті. Заттардың химиялық табиғаты жөнінде ғылымда көптеген мәліметтер жиналды. Тірі ағзада зат алмасу процесіне деген материалистік көзқарастар қалыптасты. Биохимия өз алдына дербес пән болып қолданылу құқын жеңіп алды. Биохимия қарқынды түрде әсіресе Ресейде дамыды. XIX ғасырдың екінші жартысында орындалған биохимиялық зерттеулердің мазмұны, бағыты және тереңдігі көбінесе Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, К.А. Тимирязев жұмыстарының ықпалымен анықталды. Ресейлік биохимияның негізін салушы А.Я. Данилевский болып есептеледі.
XX ғасырдың бірінші жартысында биохимияның жаңа салалары – адам биохимиясы /медициналық биохимия/, жануар, өсімдік, микробтар және вирустар биохимиясы қалыптасты. Үдемелі қарқынмен клиникалық және техникалық биохимия дамыды. Биохимия, дәрумендер, ферменттер, гормондар, гисто- және цитохимиясына, эволюциялық, салыстырмалы, радиациялық және т.б. жекеленген салаларға бөлінді.
Биохимияның қысқаша тарихы
Қазақстанда биохимия саласындағы зерттеу жұмыстары республикада жоғары оқу орындарының ұйымдастыруымен /1928 жылы/ және Ғылым академиясының құрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын мал шаруашылығы саласында В.М. Красов, У.Т. Ташмухамбетов, З.С. Сеитов зерттеу жүргізді. Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академиктері М.И. Горяев, Т.Т. Дарханбаев, М.А. Айтқожин, республика академиясының корреспондент-мүшесі Л.Қ. Қылышев және басқалары бағалы зерттеу жұмыстарын іске асырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет