1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз
Химия. Формуласы: CH3 – CH2 – O – CH2 – CH3
Қасиеттері: Диэтил эфирі - бұл ұшқыштығы жоғары және күшті иісі бар мөлдір қозғалмалы сұйықтық. Ауамен араласқанда ол жарылғыш қоспаны түзеді. Әр түрлі органикалық қосылыстар диэтил эфирінде жақсы ериді, сондықтан еріткіш ретінде қолданылады.
Медицинада диэтил эфирі наркоз ретінде және жүрек қызметін күшейту үшін пайдаланылады. Диэтил эфирін алу; 1-жолы: 1.Диэтил эфирінің заманауи өндірістік синтезін этанолды 135 градус температурада концентрлі күкірт қышқылының қатысында арнайы аппараттарда дегидратациялау арқылы алады. Алғашында этилкүкірт қышқылы түзіледі: С2Н5ОН + H2SO4 = HSO3H5C7O + H2O
2.Ары қарай этилкүкірт қышқылы этанолдың артық мөлшерімен әрекеттеседі, нәтижесінде диэтил эфирі түзіледі:
HSO3H5C7O + С2Н5ОН = H5C2-O-C2H5 + H2SO4
3.Алынған эфирді қабылдағышта айдайды. Барынша максимальды мөлшер алу үшін оптимальды температуралық режимін ұстап тұру керек (130-140 градус).
2-жолы:
Экономикалық жағынан тиімді жолы этиленнен алу, бұл тәсілде эфирмен бір уақытта этил спирті де түзіледі:
CH2=CH2 ----- H+----- CH3CH2 ------ крч реакцияда сразу еки оним шыгады мнау солардыкы:
1ши реакция: CH2=CH2 ----- H+----- CH3CH2 + H2O = CH3CH2OH2+ = (-H+) = CH3CH2OH
2ши реакция: CH2=CH2 ----- H+----- CH3CH2 + H2SO4= CH3CH2OSO2OH = (CH3CH2O)2 SO2
Этиленді этилсульфаттарға дейін гидратациялау 96-98%-дық күкірт қышқылының қатысында 65-75 градус температурада және 2,5 МПа қысымда жүреді. Ары қарай этилсульфаттардың гидролизінің нәтижесінде (95-100 градус жане 0,2 МПа) диэтил эфирі түзіледі:
CH3CH2OSO2OH + H2O = H5C2-O-C2H5 + 2H2SO4 (CH3CH2O)2 SO2 + O2 = H5C2-O-C2H5 + H2SO4
Медициналық практикада медициналық эфир және наркозға арналған эфир қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |