1. Еңбек психологиясы



Дата07.01.2022
өлшемі19,03 Kb.
#19689
Байланысты:
енбек психологиясы


1.Еңбек психологиясы адамның еңбек ету процесіндегі психикалық әрекетінің қалыптасуы мен танылу заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымдарының бір саласы болып табылады. Ол адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Еңбек психологиясының мақсаты – әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті жақтарын қарастыру.Бұл салалардың

әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бір-бірімен байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «ергон» – жұмыс және «номос» – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнімөндірудегі жетекші рөлі, техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, «адам – машина – орта (еңбектену) жағдайын» қарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп қояды.

Авиациялық психология ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын , жалпы, адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология – адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына (шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т.б.) қатысты болып келеді.

  1. Ғылым объекті – зерттеу жұмыстары бағытталған қандай да бір біртұтас жүйе.

Еңбек психологиясы ғылымының зерттеу объекті жалғыз-ақ: ол – тұтынушылар құндылықтарын жарату процесіне қатысушы адам болып табылады.

Ғылымның пәні – бұл тікелей зерттелуі қажет объектінің қылары, аспектілері және элементтері.

Еңбек психологиясының пәні болып психологиялық заңдылықтар, психологиялық процестер, өндірістік әрекетпен, әлеуметтік және адамдар ортасымен байланысты болған жеке тұлға қасиеттері танылады.

  1. Еңбек психологиясының міндеттері:

қажудың алдын алу;

кәсіби сырқаттардың алдын алу;

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

жеке тұлғаның кәсіби деформациялануының алдын алу;

еңбек маңыздылығын арттыру;

жұмысшының жан-жақты дамуына жағдай жасау;

еңбек өнімділігін арттыру.

  1. Еңбек психологиясы психология ғылымының төмендегі салаларымен тығыз байланысты:

жалпы психология,

әлеуметтік психология,

педагогикалық психология,

жас кезеңдері психологиясы,

медициналық психология,

арнаулы психология және т.б.

Жоғарыда көрсетілген салалардың әрқайсысы психология ғылымының өзіне тиісті болған аспектін зерттейді (мысалы, медициналық психология – медициналық, әлеуметтік – қоғамдық).

Еңбек психологиясының зерттеу өрісінің тез кеңейуіне байланысты психологтар қазіргі таңда басқа да білім салаларының, әсіресе, социология мен өнеркәсіптік инженерияның теорияларына, түсініктері мен әдістеріне үлкен қызығушылық танытып отыр.

Өнеркәсіп орындарында қызмет ететін социологтар, инженерлер және басқа да мамандар клиенттер мен кәсіпорын басшыларының өте маңызды проблемаларымен жиі кездесіп отырады және оны шешу үшін жеке бір алынған дисциплинамен шектеліп қала алмайды. Сондықтан еңбек психологиясы мынадай ғылымдар және қолданбалы дисциплинамен тығыз байланыста болады:

еңбек физиологиясы – еңбек пен денсаулықтың өзара байланысын, адамның физиологиялық дамуын зерттейді;

социология – еңбек процесіндегі қоғамдық қарым-қатынастарды зерттейді;

еңбек құқығы – еңбек қатынастарының құқықтық реттелу мәселелерін қарастырады;

еңбекті қорғау – еңбек процесіндегі адамның денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелерін қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет