1. Егеменді Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуының негізгі кезеңдерін қалай жіктейсіз ?



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі21,3 Kb.
#137222
  1   2   3
Байланысты:
АРТ обр 14


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Егеменді Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуының негізгі кезеңдерін қалай жіктейсіз ?
Егеменді Қазақстан бейнелеу өнерінде жаңа үш бағыт пайда болғаны аңғарылады, олар символикалық - концептуальды тесіл, жаңа реализм, contemporary art - яғни, ағылшын тіліннен аударғанда жай ғана қазіргі кездегі өнер деген мағынаны білдіреді.
ХХ ғасырдағы Қазақстанның бейнелеу өнері парасатты және рухани кемелденген түрінде бірнеше мыңжылдыққа жетті. Осы мәдениетке тән негізгі жалпы адамзаттық құндылықтарды қазіргі заманғы суретшілер өз шығармаларында этика және әлемдік өнердегі жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философиясы мен мәдениетіндегі ірі ағымдар арқылы ашады. Нәтижесінде, бір ғасыр бұрын инновация негізінде пайда болған қазіргі қазақ өнері өзінің рухани ерекшеліктерін жоғалтпады және сәйкесінше өнердің қайталанбас пластикалық тілін қалыптастырды.Қазақстан бейнелеу өнері – басқа елдермен салыстырғанда жас өнер. Сондықтан да оның теориялық жəне практикалық негіздерінде игерілмеген көптеген тың проблемалар баршылық.

2. Сіз заманауи қазақстандық кескіндеменің қай бағытын ең перспективалы деп санайсыз?
Қазақстанның қазіргі заманғы кескіндемесі еуропалық сабақтастықтан және дәстүрлі өнердің дамуымен, мемлекеттің тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан өзіндік ерекшелік пен дамудың бұрын-соңды болмаған динамикасында, суретшілердің шығармашылық өз ойын білдіру еркіндігінде, ұлттық дәстүрлер мен қазіргі әлемдік өнердің тәжірибесіне негізделген бағыттар мен ізденістердің алуан түрлі және кең векторында ерекшеленіп келеді. Қазіргі кескіндемеде ұлттық тақырыптар, дәстүрлі рәсімдер, ұғымдар мен мифтер жаңаша түрде түсіндіріліп кескінделуде әрі дамуда. Кескіндеменің осы бағыты мен үшін , қазіргі уақыттағы перспективалы бағыттарының бірі болып табылады.

3. Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы монументалды мүсіннің осындай қуатты көтерілуіне не себеп болды?
Қазақстанның монументалды өнер дамуының ерекшеліктері, елдегі қоғамдық-саяси құрылымның ықпал етуімен айырмашылығы бар үш негізгі тарихи кезеңдерге бөлі­неді. Және монументалды өнердің әр кезеңде дами келе, өзінің өзектілігі мен қоғамды тәрбие­лейтін заманауи міндеті де болған. Тек мазмұны өз­гере түседі де, сарыны бір қалыпты болып қала береді, яғни, ескірмейтін жалпы адамзаттық құндылықтар өмір сүре береді. Ол – Отанға деген махаббат, табиғатпен үйлесімдік, болашақ ұрпақтарды патриоттық және эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу.
Монументалдық мүсін саласында Қабанбай, Райымбек, Қапал батырлардың көлемді мүсіндері ұлтымыздың рухани көнерген дара тұлғаларды бейнелеуімен ерекше назар аударады. Отанымыздың тарихында өз ізін қалдырған қуатты, дана және қайырымды батырларға ризашылық білдірген ұрпақтарға арналған осы және басқа да көптеген керемет ескерткіштер мен монументтер, қазір Қазақстан қалаларын безендіре отырып, елдегі монументалды мүсін өнеріңің қуатты көтерілуіне ықпал етті деген ойдамын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет