1. Электростатикалық өрісіндегі диэлектриктер. Электр диполі. Сегнетоэлектриктер. Диэлектрлік гистерезис. Кюри нүктесі



бет1/10
Дата09.05.2023
өлшемі90,83 Kb.
#91232
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1. Электростатикалы рісіндегі диэлектриктер. Электр диполі. Се


1-билет


1. Электростатикалық өрісіндегі диэлектриктер. Электр диполі. Сегнетоэлектриктер. Диэлектрлік гистерезис. Кюри нүктесі.


Электірлік диполь деп бір бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан шамалары тең,таңбалары қарама қарсы екі зарядтың жүйесін айтады. Диэлектрик - электр тогын өткізбейтін, байланысқан зарядтары бар заттар. Бейтарап атомдардағы электр зарядтары бір-бірімен байланысқан болады да, заттың бүкіл көлемінде, өткізгіштердегі еркін зарядтар сияқты өріс әсерінен орын ауыстыра алмайды.
Сегнетоэлектриктер — белгілі температуралар аралығында бағыты сыртқы әсерлер арқылы өзгертіле алатын спонтанды поляризацияланған кристалл диэлектриктер.
Электр тогын өткізуге қабілеттілігі жоқ заттар диэлектриттер деп аталады.
Диэлектрлік гистерезис – сегнетэлектриктің диэлектрлік полярлануларының
сыртқы электр өрісінің кернеулігіне бірмәнді болмайтын тәуелділігі.
Кюри температурасы -
екінші текті фазалық өту температурасының жалпы аты.
ферромагнетиктің парамагнетикке фазалық өту температурасы.
сегнетоэлектриктегі өздігінен болатын поляризация жоғалатын температура
2. Жарықтың екі жақтылығы.Фотондардың энергиясы мен импульсі. Жарықтың қысымы. Комптон эффектісі.
Сонымен, жарықтың корпускулалық–толқындық дуализмі (екі жақтылығы) байқалады: бір құбылыстарда оның
толқындық табиғаты білінеді де, ол өзін электромагниттік толқын
сияқты көрсетеді, басқа құбылыстарда жарықтың корпускулалық
(кванттық) табиғаты білінеді де, ол өзін фотондар (кванттар)
ағыны ретінде көрсетеді.
Фотон энергиясы Е=ҺV
Фотон импульсы P=mc=ҺV/c Векторлық түрде P=k импульс бағыты электромагнит сәулесінің таралу бағытымен сәйкес келеді. K – толқындық сан. Фотонның тыныштық массасы m0=0. Тең болғандықтан , тек қозғалыста өмір сүре алады. Бар болғаны бір бөлшектен тұрады.
Жарық қысымы — жарықтың шағылдыратын және жұтатын денелерге, бөлшектерге, сондай-ақ, жекеленген молекулалар мен атомдарға түсіретін қысымы , Жарық қысымы — жарықтың жұтылу не шағылу процестері кезінде денеге фотондар (электрмагниттік өріс энергиясының кванттары) импульсінің берілу нәтижесі.
Комптон эффектісі - шашыраған сәуле шығарудың толқын ұзындығы түскен сәуленің толқын ұзындығынан көп болған кездегі еркін немесе әлсіз байланысқан электрондағы жоғары жиілікті электромагниттік сәулеленудің серпімді шашырауы
КОМПТОН ЭФФЕКТІСІ – электрмагниттік сәулелердің еркін (немесе әлсіз байланысқан) электрондардан толқын ұзындықтарын арттырумен қабаттасатын серпімді шашырауы; қысқа толқынды рентген және гаммасәулелердің шашырауы кезінде байқалады
3. 296 К температура шамасында қандай да бір газдың орташа квадраттық жылдамдығы
480м/с-ке тең. Осы газдың 10 г-да қанша молекула бар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет