1. Əр нəрсеге мəн бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың көркі шаш, шаштың көркі шаштеңге» деп есептеген. Ұлт



Pdf көрінісі
Дата11.12.2023
өлшемі81,8 Kb.
#137340


1-мəтін
1. Əр нəрсеге мəн бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың
көркі — шаш, шаштың көркі — шаштеңге» деп есептеген. Ұлт
мəдениетінде əр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.
Əйел шашы табиғатына қарай «қолаң шаш, сүмбіл шаш», өріміне
қарай «жалғыз бұрым, қос бұрым» деп аталады. Оның əр талын
«жібектей» деп, өрілген бұрымды «білектей» деп көркем сөзбен
кестелеген. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы
тағылатын сұлу бұрым бойжеткен көркін одан əрі арттыра түсті.
Абай: «Қолаң қара шашы бар жібек талды», Ақан сері: «Сүмбіл шаш,
пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек», — деп
əнге қосып, таңданған.
2. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру — үлкен бір тəрбие
мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн
тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет — осының
бір дəлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, тағатын
зергерлік əсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін сиыр мүйізінен
жасалған, тісі əртүрлі тарақ қолданылған. Шашты жалтырату үшін
шашмай жаққан.
3. Шолпы — шашқа тағатын жəне оның сəнін келтіретін сəндік
бұйымдардың ішіндегі ең асылы. Шолпының түрлері өте көп:
қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы
шолпы, моншақты шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы, алтын
шолпы, күміс шолпы.
4. Ұзын шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген
кезде күн сəулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Əсем аяқ
алысына үн қосып, ару сыны мен сымбатын арттыра түседі. Мұндай
сұлуды халқымыз «сыңғырлаған күлкісіне күмбірлеген шолпысы үн
қосады» деп ардақтаған. Шолпының күміс, алтын теңгелерден
тізбелеп жасаған түрі — шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбауға
немесе шаш ұшына байланады.
5. Өмірден түйгені мол дана халқымыз: «Шолпы таққан
қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын, əрі сұлу, берік болып
өседі, ерте түспейді», — деп жорамалдаған.
1. Шаш тарауға арналған тісі əртүрлі тарақ.
A) Қошқар мүйізінен жасалған
B) Ешкі мүйізінен жасалған
C) Арқар мүйізінен жасалған
D) Сиыр мүйізінен жасалған


2. Ақан сері таңдана жырға қосқан шаш:
A) Сүмбіл шаш
B) Бес күн өрген шаш
C) Шолпылы шаш
D) Қолаң шаш
3. Халқымыздың шолпының үніне қатысты көркем сөзі
берілген азатжол:
A) бірінші
B) бесінші
C) төртінші
D) екінші
4. Шаштеңге туралы сөз қозғалатын азатжолдар:
A) Екінші, үшінші
B) Бірінші, төртінші
C) Үшінші, төртінші
D) Бірінші, үшінші
5. Əйел шашын өріміне қарай қалай атайды?
A) қолаң шаш
B) сүмбіл шаш
C) қос бұрым
D) ұзын шаш
2-мəтін
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дəстүрлеріміздің
бірі - ер балаға айдар шаш жəне кекіл қою. Қазақ халқынын
салт-дəстүрінде
адам
шашын
ерекше
қастерлеген.
Қазақта
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар ер баланы тіл
мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір
жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана
шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын
болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Салт-дəстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар
қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде
айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын


беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық
айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды
бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан
сақтайды деп алғызбаған. Халық дəстүрінде балаға сұқтанған
адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар
қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген
ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі
Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам
есімі бар.
Қазақтар тəрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды.
Олардың наным-сенімдері аурушаң балаға айдар қойса, ол тез
сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен
соң айдарды алып тастайды екен.
6. Мəтінге байланысты дұрыс тұжырым(-дар).
1. Айдар шаш - ежелгі салт-дəстүріміздің бірі.
2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.
3. Наурызбай батырдың айдары болған.
A) Үшеуі де бұрыс
B) Біріншісі мен екіншісі
C) Екіншісі мен үшіншісі
D) Үшеуі дұрыс
7. Мəтін бойынша балаға айдар қойылатын кез:
A) Қырқынан шығарған кезде
B) Тəй-тəй басқан кезде
C) Бір жасқа толған кезде
D) Сүндетке отырғызған кезде
8. Мəтінге лайық атауды таңда:
A) Бүгінгі шаш үлгісі
B) «Айдар» есімі туралы
C) Айдар шаш
D) Қарын шаш


9. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімі:
A) Тіл мен көзден сақтайды
B) Бала аурудан тез сауығып кетеді
C) Бала дəулетті, бай адам болады
D) Баланың дос-жарандары көп болады
10. Мəтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың
айдарын қай кезде алады?
A) Мүшел жасқа келген кезде
B) Бала сырқатынан айыққан кезде
C) Үйленген кезде
D) Жеті жасқа толған кезде


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет