Билет
1.Фонетиканың зерттеу нысаны, аспектілері, бірліктері, салалары.
Фонетика (гректың- дыбыс) сөзінен алынған тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстары 1-шіден- адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, 2-ден- белгілі бір жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, 3-ден,- белгілі бір ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады.Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дьібыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б. Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылыктарын меңгеру аркылы тілдің лексикалык жэне грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондыктан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.
3.Дыбыстық құбылыстар Дыбыстық құбылыстар – сөз құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден‚ жат сөздерді бастықтырып‚ дыбыстық игеруден туады.
Дыбыстық құбылыстарды 9-топқа бөлуге болады.
Протеза (грек‚ prothesіs – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыс қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Қазақтың төл сөздері й‚ у‚ р‚ л үнділерінен басталмайтыны белгілі. Тілімізге енген кірме сөздер осы дыбыстардан басталуы әбден мүмкін. Оларды бастықтырып өзіндік ету (игеру) үшін алдарынан дауыстылардың бірін қойып айту керек болады.
Эпитеза – протезаға қарама-қарсы‚ сөздің соңынан дыбыс қосылуы: акт(і)‚ такт(і)‚ факт(і)‚ аспект(і)‚ проспект(і)‚ диалект(і)‚ банк(і)‚ танк(і)‚ митинг(і)‚ фонд(ы)‚ шланг(і)‚ шрифт(і)‚ штамп(ы)‚ рейтинг(і)‚ кемпинг(і)‚ контакт(і).