1. Глоссарий
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының
зақымдануы.
Аллеломорфты белгілер – бір геннің әр түрлі аллельдерінің әсерінен пайда
болған белгілер.
Аллополиплоидия – Бір организмнің жасушасында әр түрдің
диплоидты
хромосомалар жиынтығы.
Антигендер – организмге кірген бөгде заттар иммундық жауап туғызады.
Антидене – жоғары сатыдағы организмдердің иммундық жүйесі бөліп
шығаратын белок, олар бөгде молекулалық заттарды ерекше түрде байлайды.
Антидене организмдерде пайда болған антигендерге жауап ретінда бөлінеді.
Антикодон – тРНК молекуласының бөлігі, үш
нуклеотидтан тұратын және
өзіне сәйкес амин қышқылын кодтайтын иРНК ның үш нуклеотидтен
тұратын бөлшегін таниды.
Аутбридинг – генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру.
Бактерофагтар – бактерияларда өсіп-өнетін вирустар.
Биотехнология - әр түрлі микробиологиялық синтезді,
генетикалық және
клеткалық инженерияны, ферменттер инженериясын қолдану арқылы
өсімдіктің, жануарлардың организміне
ықпал ететін және жасанды
қосылыстарды өндірістік реакторларда алу үшін көп бағытта жүргізілетін
ғылыми-техникалық салксы.
Вектор – дербес еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен
өзгертілетін геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік.
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді
жасау мәселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы.
Генетикалық код – белок молекуласына
қажетті амин қышқылдарының
орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы.
Делеция – мутацияның нәтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы.
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден
организмнің қорғану әрекеті.
Иммундық
реакция
–
генетикалық
бөгде
заттарды
құртуға,
бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы.
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру.
Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы.
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру,
өсіру негізінде
жасушаның жаңа типін жасау әдісі.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар
немесе ұрпақтар.
Кодон – триплет.
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы,
олар бірге
әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны.