Оқиғаны қалай шешер едіңіз?



Дата21.03.2023
өлшемі15,92 Kb.
#75666
түріСабақ
Байланысты:
кейс стади


Кейс 1
Арман мен Андрей көрші тұрады және бір мектепте оқиды.Екеуі сабақтан үнемі бірге қайтады және бірге ойнағанды жақсы көреді.Көшеде өзге де балалар бар,бірақ олар орысша сөйлей алмағандықтан Андреймен ойнағанды ұнатпайды.
Бір апта өткен соң көрші үйге кәріс отбасы көшіп келді.Олардың Арманмен және Андреймен жасты Вася атты баласы бар.Вася келгелі,Андрей бар уақытын тек сонымен өткізетін болды.Арманның жолдасы басқа дос тапқанын кекетіп,өзге балалар:”Жан досың Андрей қайда?Әә,Васямен ойнап жүр екен ғой”,-деп қалжыңдауды бастады.

  • Оқиғаны қалай шешер едіңіз?

  • Оқиғаны өз ойыңызбен аяқтаңыз.

  • Берілген жағдаят бойынша сурет салыңыз.


Кейс 2
Әсия апайдың сыныбы көп ұлтты сынып.Онда қазақ ,өзбек, ұйғыр,татар балалары қатар білім алады. Сынып татулығы өте жақсы.
Ұлттар мерекесіне орай мектепте сайыс ұйымдастырылғалы жатқаны жайлы айтып, Әсия апай қазақ тілі сабағын тәмамдады. Сайыс шарты бойынша әр сынып бір ұлтты таңдап,сол халықтың ұлттық киімін киіп,сол тілде ән орындап,тағамдарын ұсынып сайысқа түсетін болды. Хабарламаны тыңдап болған соң, ұлтты таңдау кезегі келген кезде сыныпта келіспеушілік басталды. Оқушылар қай ұлтты таңдау жайында таласқа түсті.Бір оқушы : “Әрине қазақ халқын аламыз!”,-десе,бір жақтан “Өзбек халқын алайық” , “Жоқ,татар халқын аламыз”,-деген шу үдей түсті. Әсия апай даурығып қалды.Сынып татулығына кірбің түскендей болды.

  • Әсия апай орнында болсаңыз,оқиғаны қалай шешер едіңіз?

  • Оқиғаны өз ойыңызбен аяқтаңыз.

  • Берілген жағдаят бойынша сурет салыңыз.


Кейс 3
Біздің ауылда сүйікті Федя ата бар.Ұлты орыс болса да , отбасы түгел қазақша жақсы сөйлейді. Федя атайдың Саша атты немересі бар.Саша да жастайынан қазақ балалармен ойнап өскендіктен қазақша судай сөйлейді.
Жақында Сашаның әкесі оны қалалық мектепке ауыстырмақ болды.Қалаға келген соң, оны мектеп-интернатқа орналастырды. Қала өміріне үйренісе келе, Саша қазақ балаларының күнделікті өмірде орыс тілін жиі пайдаланатындығына таң қалды.
Алғашқы сабақ күні орыс тілі сабағында мұғалім балалардың есімін сұрап,танысып жатты.Кезек Сашаға келгенде,Саша орысша жауап бере алмағандығынан , қазақша жауап берді.Сынып ду күлді.Саша сабақ аяқталғанша үнсіз отырды да,қоңырау соққан соң орыс тілі мұғалімі Гаухар апайға келіп:”Апай,балалар менің жауабыма неге күлді?”,-деп сұрады.

  • Сашаның сұрағына сіз не деп жауап берер едіңіз?

  • Оқиғаны өз ойыңызбен аяқтаңыз.

  • Берілген жағдаят бойынша сурет салыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет