1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Қазақстандағы Столыпин аграрлық реформасы



бет4/92
Дата22.02.2022
өлшемі171.87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
5. Қазақстандағы Столыпин аграрлық реформасы

Бұл реформа патшалық Ресейдің шаруалар үлесіндегі жерге иелік жасауға арналған реформа. Реформа 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлік Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин еді. Содан болар реформа да осы Столыпиннің есімімен аталады.

Қоныс аудару басқармасы шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсететін болып шешілді. Қоныс аударушыларға шет аймақтардан жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906-1915 жылдары аралығында Қазақстанға көшіп келушілердің иелігіне қазақтардың 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, ал тұрғылықты халық қазақтар болса шөлейт, тастақты жерлерге қоныстана бастады.

Столыпин реформасының нәтижесінде қазақ даласы бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді. Олар: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу.

«Қоныс аудару қорына» қазақтардан жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу жерлеріне казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай қазақтардың ең шұрайлы деген жеріне көшіп келген өзге ұлттардың саны, казактардың саны 1 миллион 11 мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге қоныстанып, иесі атанды. Патшалық Ресейде аграрлық саладағы езгерістерінің  жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет