1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы



Дата24.12.2022
өлшемі14,49 Kb.
#59365
Байланысты:
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теориясына кіріспе


1.Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер).
2. Әлеуметтік орта, әлеуметтік мінез-құлық
3. Әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік институттар


Әлеуметтану – қоғам жӛніндегі ғылым. Оны ӛз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798 - 1857) еді. Бұған дейін қоғамның ӛмір сүруі дамуы жӛнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық кӛзқарастарының құрамды бӛлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы ӛзіндік ерекше, бірегей кӛзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, ӛнер мәселелері кӛне Үнді, кӛне Қытай, кӛне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын. Әлеуметтану философиядан бӛлінгенімен қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам ӛмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, ӛнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың ӛздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады. Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары жӛніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебаб теория ретіндегі рӛлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан саясаттану, құқұқтану, саяси экономика, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бӛлініп шықты. Содан бастап, яғни XIX ғасырдың ортасынан әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, ӛзінен бӛлініп шыққан ғылым салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебаб философиялық жүйелерге де байланысты еді. Бірте – бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастыру, оның объективтік және субъективтік жақтарының ӛзара әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы, әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам гуманизмі, әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде, осының бәрі әлеуметтанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден – бір жол болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтанулық кӛзқарастар қалыптасты. Сол кӛзқарастардан кӛпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтанушылардың әлеуметтік теориялары болатын. Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жӛніндегі концепциялары ӛмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де ӛздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Әлеуметтану әмбебаб философия жүйесінен бӛлініп, жеке ғылым болып дамығанына қарамастан, әлі де ӛзінің философиялық мазмұнын толық жойған емес. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы теориялық әлеуметтану ӛзінің іргелі ережелерімен және байыпты қорытындыларымен де, философиялық ғылым тұрғысында да кӛзге түсіп келеді. Сӛйтіп, философиялық алғышарттарға сәйкес жалпытеориялық әлеуметтану қалыптасты. Кейбір философиялық концепцияларға, жетекші рӛл атқарып келген белгілі бір дүниетанымға жалпытеориялық әлеуметтану арқа сүйеді. Бұл концепцияның ұстанымымен мына мәселелер: - қоғам дамуының қозғаушы күштері проблемалары; - әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері; - тұлғалардың ӛзара әрекеті; - әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы; - тарихи дамудағы материалдық пен рухани дүниенің ӛзара әрекеті, яғни қоғам ӛмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Олардың шешу методологиясы, дәлірек айтсақ, басқа да әлеуметтану проблемаларын жүзеге асыруды қажет етеді, соның ішінде жалпыламалыққа біршама қатысты болғанымен, жеке сипаттағы мәселелерді шешуді қолға алады. Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын дүниетанымы мен методологиясы - философия мен әлеуметтанудың әрдайым органикалық байланыста болатынын кӛрсету. Сонымен қатар, бұл ғылым салалары ӛз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың дербестігін кезінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап кӛрсеткен еді. Ол ӛзінің “Әлеуметтану әдісі” деген еңбегінде “Әлеуметтану ерекше және жеке-дара ғылым” екенін жазып, оның әлеуметтік фактілерді объективті зерттеуге бағытталғанын түсіндірді. Әлеуметтанудың ғылымдық сипаты мен мазмұны жӛніндегі осындай байыпты пікірді қазіргі кӛптеген белгілі әлеуметтанушылар ұстанып отыр, солардың арасында П.Лазарсфельд, Р.Мертон, Т.Парсонс, т,б бар. Олар әлеуметтанудың философиялық ғылым деп сыңаржақты пікір білдірген емес. Алайда, олар кӛптеген әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруде философиялық дәлелдемелерге жүгінеді, соның ішінде позитивизм, прагматизм, интуитизм, т.б. солар сияқты ағымдарға сілтеме жасайды. Ол орынды нәрсе. Ӛйткені қайсыбір қоғамдық құбылысты әлеуметтік терең зерттеу логикасының ӛзі сол талдау мен сараптаудан туындайтын қорытындыларды философиялық ой елегінен ӛткізуге әкеліп соқтырады. Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам жӛніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы ӛз алдына дербес ғылым. Кез-келген қоғамдық құбылыс қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы жүйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер олардың ӛзара бір-бірімен әрекеті ғылыми сараптаудан ӛтеді. Қоғам жүйесі түзілім ретінде ӛзінің элементтерімен және сол элементтердің кезкелген жиынтығымен салыстырғанда ғана ерекше сапаға ие болады. Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша, тұтастық ӛзі қамтитын бӛліктердің жиынтығынан әлдеқайда үлкен. Оның элементтері интегративтік тиімділікке жетіп, тұтастық жаңа сапаға ие болады. Бұл жаңа сапалар қоғамның жүйесі ретінде белгіленеді. Қоғам осы сапаларға байланысты ӛзін қалыптастырытын субъектілерден, әлеуметтік институттардан, қоғамдық ӛмір салаларынан, т.б. сол сияқтылардан дербестігін сақтап қалады. Ең алдымен қоғамның ӛмір сүру механизмдерін зерттейтін, түрлі субъектілердің ӛзара әрекетін зерделейтін, ұйымдар мен әлеуметтік институттарды қарастыратын әлеуметтану ғылымы баяндалған жағдайда ерекше белгілеп, дәлелдейді. Әлеуметтану сондай-ақ, қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді. Осыған орай, әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің ӛмір сүруі мен дамуының заңдары жӛніндегі, сол заңдардың субъектілердің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен кӛрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, мұның бәрі әлеуметтанудың ӛзіндік мәнін және ерекшеліктерін сипаттайды, оның зерттеу объектілерін де кӛрсетіп береді. Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастырытын ғылым. Бірақ қоғамда бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар: тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. ӛз ағымына сәйкес зерделеп, зерттейді. Бұдан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді?- деген заңды сауалдың тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін, яғни зерттеу тақырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әр түрлі ой-пікірлерді ұсынар едік. Ғалымдардың ӛз ішінде осы мәселе жӛнінде әлі күнге дейін тұрақталған пікір жоқ. Бұл мәселе әркім ӛз кӛзқарасын жӛн санайды. Дегенмен, әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сәйкес ғалымдарды екі топ пен бағытқа бӛліп қарастыруға болады: 1) әлеуметтанудың зерттеу тақырыбын ӛз зерттеу қорытындыларымен байланыстырған оқымыстылар; 2) әлеуметтану пәнінен осы ғылымның ең басты ұғымын тауып, сол пәнге айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар. Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждары, құндылықтары, бұлардың ӛмірде байқалуы мен ӛзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды. Әлеуметтанушы ӛз назарын қоғамдық ӛмірдің кез-келген құбылыстарына аударады. Бұл - кӛпжақты әлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам болуы мүмкін немесе қоғамдық ӛмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді – кішілі әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық топтар, бұларға қоса жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ ӛкілдерінің топтары, ӛндірістік және басқа да ұжымдар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар болуы да мүмкін. Әлеуметтанудың пән ретінде кӛңіл аударатыны – жеке тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның бастапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік – психологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған мүддесіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, кӛршілер, достар, т.б. болуы әбден мүмкін. Кӛріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі объектісінің шеңбері ӛте ауқымды, кӛпқырлы және кӛпжақты. Бұл жағдай оның білімдік құрылымын анықтауға мейлінше кӛмектеседі. Әлеуметтану білімінің құрылымы – қоғамдық құбылыстар мен процестер жӛніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл – ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтіріліуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі ӛзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесі. Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы кӛп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады. Бастапқы алғышарт, негізінен алғанда, объектілерге байланысты құрастырылады, сондықтан зерттеуді қоғамды тұтас бір ауқымды қарастырудан бастау керек. Ӛйткені адам да, кез – келген әлеуметтік топтар да, әлеуметтік ұйымдар мен институттар да, материалдық және рухани мәдениет те, бір сӛзбен айтқанда, қоғамдағы дүниенің бәрі оның дамуының жемісі болып табылады және олардың ӛзіндік әлеуметтік табиғаты әр қилы. Тіптен жеке адамның азық – түлікке деген сұранысы немесе ұрпақ жалғастыру жӛніндегі талап, ниеті таза табиғи қажеттілік – мұқтаждыққа жатпайды. Бұл – оның әлеуметтік мазмұны жағынан биоәлеуметтік қажеттілігі. Олардың биологиялық негіздері бар, алайда ол әлеуметтік формада кӛрінеді және материалдық ӛндірістің дамуын немесе отбасы деңгейіндегі әлеуметтік тәсілдермен қанағаттандырылады. Кез – келген әлеуметтік құбылысқа қоғамның элементі ретінде және жалпы сол қоғамның ӛзі арқылы қарау, оны дамушы және ӛмір сүруші әлеуметтік жүйенің бӛлігі ретінде қарастыру – ғылыми әлеуметтанудың аса маңызды әдістерінің бірі.
Әлеуметтану (XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Ӛйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының ӛзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, oғaн дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде кӛріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пiкipлep бой кӛрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Кӛне Египет, Вавилон, Yндi, Қытай - қоғам туралы пiкipi мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертеден Қытай қауымдастығындағы адамдардың ӛзін-ӛзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, ӛнегелі болатын, жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін кӛрсетеді. Сондай-ак, Конфуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап ӛтеді. Адамдардағы популизмге, атақкұмарлыққа ұмтылу пиғылдарының ӛpic алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, ӛз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын кӛрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю», «тура жолмен жүру» (дао) сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты - Борыш пен заңды мойындайтын, оны бipiншi орынға қоятын адам мен ӛз пайдасын кӛздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы кӛрсетеді. Бipiншi образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кepi ұмтылатынын баса айтқан. Бipiншicінің басқа үшін ӛз жанын қиюға баратынын, екіншісінің ӛзіне-ӛзі ор қазатындығын немесе ыза-кектен ӛзіне-ӛзі қол салуға жақын болатынын кӛрсетеді. Яғни Конфуцийдің пікірінше, бipiнші адам үш нәрседен қорқады: аспан құдіретінен, ipi тұлғалардан, ақылды адамдардың сӛзінен. Ал адамдық қасиеті тӛмен адам — аспан тәңірінен қорықпайды, жоғары лауазымды адамдарды жек кӛреді, ақылдының сӛзіне құлақ салмайды. Сонымен, Конфуций лауазымды басқарушылардың басқалар алдында моральдық жағынан таза болып, оларға үлгi болуы – қоғамды басқарудың кілті деп кӛрсетеді. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оны сыйлайды, соңынан ереді дейді. Қорыта келгенде, Конфуций дұрыс әлеуметтік қатынастың тұтқа кӛздерін анықтады. Егер басшы жақсылыққа ұмтылса, кең болса, халық та соған ұмтылады деп тұжырымдайды. Әлеуметтік қатынас жӛніндегі Заңшылдар мектебінің пiкіpi конфуцийшілерге кереғар болғанын кӛруге болады. Мәселен, олар адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты моральдік нормадан гӛрі, заң арқылы күштеу тәсілдеріне негіздеуді уағыздайды. Ар-ұяттың орнына «үрейді» қояды. Қоғамды басқарудағы қаталдықты, қатыгез механизмдерді жақтайды. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтерінде біршама қарастырылған. Мәселен, джайнизмнің этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен тақуалық (аскетизм) мінездің кей формалары берілген. Тақуалық (аскетизм) деген «нәпсіні тый» деген мағынаны білдіреді. Ондай норманың бipi ретінде ахисаны алады, яғни «тipi жaнғa зиян келтірмеу» принципі. Алайда, ежелгі Шығыс елдеріндегі социологиялық ой-пiкip прагматистік сипат алды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғaна байланыстырылды. Жағымды мінез құлықтардың үлгілерін тек уағыздаумен және адамның міндеттерінің тізбегін атаумен ғана шектелді. Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық ииституттарға ерекше кӛңіл бӛлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер кӛбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударады. Ӛйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне кӛңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. Софистердің ішіндегі біршама кӛрнекті ӛкілі — Протагор болған. Ол ӛндіргіш күштердің рӛлінің маңыздылығын кӛре отырып, онымен бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады. Сондай-ақ оның еңбектерінде адамның табиғи құқы туралы идеялар болды. Бүкіл қоғамдық қатынасты адамның еркіндігімен ӛлшеді, «Адам барлық нәрсенің ӛлшемі» деп кӛрсетті. Ол ӛз еңбектерінде азаматтар дұрыс ӛмір сүру үшін ӛз еркіндіктерімен мемлекет құрады деген пікірді айтты. Сонымен қатар софистердің әлеуметтік кӛзқарастарында адамдардың табиғи теңдігі идеясы да кӛрсетілген. Қорыта келгенде, софистердің ілімінде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын кӛруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолютті түрде еркін болған, кейін сол абсолютті еркіндік адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге әкеліп отырғанда да, адам ӛмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелері ортақ нормаға бағынатын болды деп кӛрсетеді. Платон ӛзінің социологиялық мифтерінде софистердің мемлекет адамдарының ортақ келісімінің нәтижесінде пайда болды деген пікірге қарсы болады. Платонның пікірінше, мемлекет адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралатын болған, содан еңбек бӛлінісі пайда болады. Қоғамдық еңбектің бӛлінісіне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бӛледі: - жоғарғы билеуші топ; - қолӛнершілер; - құлдар. Адамдар арасындағы касталық қатынасты жақтайды. Адамдар, Платонның пікірінше, табиғатынан тең емес. Жаратылысынан адамның бipi аристократ, екіншісі шаруа, үшіншісі құл болып туылады және ӛмір бойы солай ӛтеді. Халық соны мойындауы керек. Бipaқ, олар тату ӛмip cүpyi тиіс, ӛйткені олардың бәріне ортақ нәрсе - Жер-Ана деп кӛрсетеді. Платонның іліміндегі социология үшін басты нәрсе, ол — қоғамдық еңбектің бӛлінуі және оның, қоғамдық қатынас, әpi жеке адамдар арасындағы қатынасушы маңызды фактор болуы. Екіншіден, ол қоғамдағы таптық күрестің болу потенциалын кӛрсетеді, ӛйткені, ол еңбектің бӛлінуінен адамның табиғи теңсіздігінен мемлекеттің үлкен екі топқа: ауқаттылар мен кедейлер тобына бӛлінуін кӛреді. Үшіншіден, Платон қоғамда адамдарды бірлікке шақыру үшін тәрбиенің, қоғамдық сананың қажеттілігін кӛрсетеді. Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қортындылай келе, адам - әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Мемлекет адамдардың туа біткен «бipiгiп ӛмір сүруге ұмтылғыштық» қасиетінен пайда болады деп кӛрсетеді. Оның пікірінше, қоғам үлкен екі әлеуметтік институтқа бӛлінеді құл иеленушілер және құлдар. Бұл да Платонның идеясын қолдайды, яғни адамдар жаратылысынан тең емес деп түсінеді. Аристотель мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты ӛмірін қамтамасыз ету деп есептейді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп кӛрсетеді. Бәpiне ортақ мақсат - ӛздері құpған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады. Адамның ұнамды мінез-құлқы осы ортақ жетістік үшін қызметі арқылы ӛлшенеді деп кӛрсетеді. Аристотель жеке меншікті жақтайды. «Адамдар, - дейді Аристотель, - тек ӛзіне қатысты заттар жӛнінде кӛбірек қамқорлық жасайды, ал меншік ортақ болған жерде оған ерекше ынта білдірілмейді, енжарлық танытады. Меншіктің ортақ болуы ынтымақты азайтады, адамдардың ықыласын кемітеді». Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде, орта ғасырда, қайта ӛрлеу, жаңа дәуірлерде де адамдардың қоғамдық ӛмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайтын еді, ӛйткені олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады. Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық кӛреді. Miнe осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қояды. Miнe осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз болады. О.Конт социологияның кажеттілігін қалай негіздеді деген сұрақ туады? Бұл мәселені О.Конт философия саласындағы ӛзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық жәме позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сӛзбен айтқанда оларды адам интеллектінің дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни, бұл адам ақылы ӛзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен теологиялық діни, содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік (ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын кӛрсетеді. Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында ӛзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулар мен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше ойлаудың алдыңғы сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл кӛзінің дамуы осы үш сатының бірінен eкiншісіне, одан үшіншісіне ӛту эволюциясын кӛрсетеді деп тұжырымдайды Конт. Сӛйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп кӛрсетеді. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтқанда, адам ақылының бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде социология пайда болуы керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін пайда болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тipi жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол, ол әлеуметтік құбылыс peтiнде адамның әрекеттерін қарастырады деп кӛрсетеді. Яғни социология адамды ӛзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Екіншіден, социология ӛзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді деген пікipгe келеді. Демек, социология ӛзінің теориялық талдауларында әр түрлі бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерге сүйенеді деген сӛз. О.Контты социологияны жасауға итермелеген eкінші бip нәрсе — ол еңбектің бӛлінуі және кооперациялану заңынын ашылуы. Осы факторлар қоғам дамуында маңызды рӛл атқарады. Ӛйткені еңбектің бӛлінуі мен кооперациясы арқылы қоғамда кӛптеген жетістіктерге жетуге болатындығын мойындай отырып, Конт, сонымен бipгe ол факторлар (еңбектің бӛлінуі мен кооперациялануы) қоғам негізін әлсіретіп, күйреуге де әкелуі мүмкін дейтін пікір айтты. Себебі, олар байлықтың, біржақты шоғырлануына, адамды адамның қанауына, бip жақтылы кәciптенyiне, адамның бұзылуына бағытталған деп кӛрсетіледі. Ортақ әлеуметтік сезім бip бағыттағы маман иелерін ғана бipiктipe алады. Ал ондай сезім оларды басқа маман иелеріне қарсы қоюы мүмкін. Осыдан топтық кооперациялық эгоистік мораль қалыптасады да, олар ӛз тарапынан бүкіл халық арасындағы бірлік, ымырашылдық сезімді бұзады деген қорытынды жасайды. Miнe, сол халық арасындағы бірлік пен ынтымақты қалыптастыруға ықпал ету үшін, оған мүмкіндік туғызу үшін социология пайда болды деп кӛрсетті Конт. Тегінде Конттың социологиялық концепциясының басты ӛзегі — әлеуметтік реттілік пен әлеуметтік прогресс мұраты болып табылады. Қaзipгi қоғамдағы ipi саяси және моральдық күйзелістерді Конт ең алдымен адам ақылындағы иерархиямен байланыстырады. Ол бүгінгі әлеуметтік гармонияның табанында жатқан нәрсе — ол «ақылдағы қайшылық болуы мүмкін» деген қорытындыға келді. Қоғамдық процестерді қадағалап жүрген адам және социолог қоғамда ортақ идеяның жоқтығын бірден байкауына болады, сондықтан, эмпирикалық факторларды зерттеу негізінде жаңа ортақ идеяларды кӛтере отырып, жаңа қауымдастықтардың құрылу принциптерін аша отырып қоғамдық күйзелістерді толық жоюға болады деп есептейді. Жеке дара дарынды адамдар ақылға ақыл қоспайынша ортақ идея жасалынбайды, ал ортақ идеясыз, ортақ ақылсыз парасатты қоғамды құру туралы парасатты доктрина жасалынбайды дегенге келеді. Қаншама уақытша саяси шаралар қолдағанменде, қоғам революциялық жағдайда қала береді, адамдар қауымдастығы уақытша сипат ала береді деп кӛрсетеді Конт. Алайда Конт қоғамының табиғи қозғалысына ӛте сақтықпен, байыппен, даналықпен араласуды ескертеді. Ал ол үшін адамның жеке ӛмірі және олардың қауымдастық ӛмipi туралы білімді сондай-ақ адамдардың ойы, сезімі, әрекеттері туралы білімді бірыңғай жүйеге келтіру керек деп есептейді. Адамзаттың табиғи даму желісіне тек дәл баға беру арқылы ғана оның бағытына жариялалық тұрғыдан ықпал жасауға болады деп кӛрсетеді. O.Koнт социологияны негізінен екіге бӛледі әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика әлеуметтік жүйенің ӛмip сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейді. Конт социологиясының бұл бӛлімінде негізінен әлеуметік институттардың, әcipece: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі және қоғамдағы бірлікті қалыптастырудағы рӛлі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің ӛзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт коғамдық прогресс теориясын дамытады. Бұл жерде Конт, коғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын кӛрсетеді. Екінші сӛзбен айтканда, Конт үшін әлеуметтік динамика — ол қоғам анатомиясы, қоғамның реттілігі туралы теория, қоғамдық тіршілікті ұйымдастырудың ең жоғарғы үлгісіне, әлеуметтік гармонияға жету теориясы. Конт қоғамды тipi организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі біp қызмет атқарады деп кӛрсетеді. Демек, бip органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бӛліп алып карауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның 6ip құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады. Бүтін мен бӛлек арасындағы диалектикалық байланыста немесе қоғам мен адамның сондай қатынасында, Конт үшін басты нәрсе қоғам болып есептеледі. Ceбeбi, адам ӛзінің әлеуметтік болмысын ӛзі жеке-дара қалыптастыра алмайды, кepiciншe, оның әлеуметтік табиғатын анықтайтын коғам деп кӛрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет