Түркі дүниетанымы



Дата05.09.2022
өлшемі19,41 Kb.
#38455


Түркі дүниетанымы

Қазақтың ерте замандағы дүниетанымдық ой-пікірлері бізге аңыз, қиял-ғажайып ертегілері, мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары, ұлағатты сөздері түрінде жетті. Өткен замандарда өмір тіршілігінің көбін табиғат құшағында, кең байтақ даламызда малының өрісін қомдап жүрген көшпенді қазақ қауымы, айналасын қоршаған жаратылыс дүниесін және оның сан-алуан құрылыстары - Аспан мен Жер, Ай мен Күн, Күн мен Түн, Қараңғы мен Жарық, Адам мен Табиғат, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім, Жақсылық пен Жамандық, Бақ пен Сор сияқты сан алуан мәселелер жөнінде түрлі аңыз, қиял-ғажайып ертегілер, өлең-жыр, мақал-мәтел және толғаулар ойлап шығарып, түрліше болжамдарды айтқан.


Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасында адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болғаны туралы, Күннің, Айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Ерте замандағы қазақтың ұғымында: жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен - Топырақ, Су, От және Ауадан жаратылған. Барлық болмыстың өмір сүру тетігі: жарық пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Олардың ойынша: Жарық-жылудың, күннің, өмірдің, жақсылықтың және өмірдің нышаны. Ал, Қараңғылық - суықтың, түннің, өлімнің, жамандықтың, сор-қырсықтың нышаны. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептеген.
Бұрынғы замандағы қазақтың санасында: жаратылыс дүниесі адамдардың тұрмыс- тіршілігіне ұқсатып топшыланған. Олардың ойлауынша, әлемдегі барлық нәрсе және тіршілік жоқтан бар болып, кішкенеден үлкейіп, бір-бірінен туып, өсіп-өрбіп отырған. Ерте замандағы қазақтың «жасаған», «жаратқан» деп сыйынатын «иелері» де бейне бір асқан шебер өнерпаз «ұста адам» бейнесінде болған. Қазақтың жер мен аспан алғаш жаралғанда тым кішкене екен. Алғашында «әуе айнадай, жер тебінгідей» ғана болыпты. Ол кезде бүкіл әлем қаратүнек тұман ішінде тұрған. Кейін ұзақ замандардың өтуімен, жер мен аспан бірте-бірте үлкейіп, бұлардың арасынан күн мен ай туып, қараңғы мен жарық айырылып, адамзат, жан-жануардың тіршілігі пайда болған екен дейді.
Қазақтың көне дәстүрі бойынша, Жер - адамзат, жан-жануар, ағаш шөптің анасы. Аспан - жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші - атасы есептелген. Сондықтан, ерте кездегі қазақтар Көк-Тәңірге, Жер-Анаға табынған.
Қазақтың ұғымында: Көк Аспан - бейне қазақтардың киіз үйі сияқты, барлық өмірге пана болған көк күмбез, Аспан әлеміндегі жұлдыздар - осы көк күмбезге жағылған шырақтар, олардың ойынша: аспандағы жұлдыздардың адам өмірімен тығыз байланысы бар. Әрбір адамның өмірін жаратып, тағдырын белгілейтін бір жұлдызы болады. Ол жұлдыз жоғарласа, бұл адамның бағы көтеріледі, егер сол жұлдыз төмендесе, бұл адамның бағы қайтады. Жұлдызы оңынан туса, барлық іс сәтті болады, жұлдызы солынан туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе, бұл адам өледі де, оның жаны (көкке) Тәңірге ұшады дейді. Қазақтар: ісі оңалған адамды «жұлдызы оңынан туды» дейді, аспандағы аққан жұлдызды көргенде: «менің жұлдызым жоғары», «сақтай гөр, жасаған» деп сыйынады. Олардың ұғымынша: адамдардың жұлдыздары әр түрлі, біреуі топырақ, біреуі су, біреуі от, кейбіреуі ауа сияқты болып келеді, бұл сол адамның мінездемесін, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды белгілейді. Мысалы, жұлдызы су сипатты адам жұлдызы от сияқты адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-зайыптыларды көргенде «бұлардың жұлдыздары жараспады» дейді, өмірінде бір-біріне өш болып өткен адамдарды «бұлардың бір-біріне жұлдыздары қарсы» дейтін болған .
Ертедегі қазақи түркілер арасында әр түрлі дүниетанымдар таралған, олардың ішінде ең әйгілілері – От-анаға табыну, жануарлар иесіне табыну, қоршаған табиғатқа табыну. Егіншіліктің пірі - Диқан баба, желдің пірі - Жалаңаш-Ата, жылқыға - Қамбар-ата немесе жылқышы-ата, қойға - Шопан-ата, түйеге - Ойсылқара, сиырға - Зеңгі-баба, ешкіге Сексек-ата қамқоршы деп саналған. Қыдыр-ата алуан түркілік игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғарғы құдай -Көк Тәңірі идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың ата-бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке (Тәңірі) және Жер-Суға сиыну болды. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі – Көк Тәңірі болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі – Ұмай-ана отбасы мен бала-шағаның қорғаны, қолдаушысы болған. Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!» - деп жазылған. Тағы бір жерінде: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстінде ата-тегім Бумын қаған, Істеми қаған отырған. Отырып, түркі халықының ел жұртын қалыптастырған, иелік еткен!».
Көшпелі түрктер мен малшылар өмірінің ерекшелігі олардың әр кезде өзінің құдайы аспанды бақылауының арқасында, дала тұрғындары өздеріне ыңғайлы көшу бағытын біле алатын болды.


Олар Шолпан жұлдызында әлі туылмаған жандардың жаны бар деп есептеген. Ай ғарыштың қожайыны болып танылған. Мұндай халық қиялы жазба ескеркіштерде жақсы көрінеді. «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғызнамада» Дерсе хан баласын тәңіріден тілеп алса, Оғыз қағанның балалары аспаннан түскен нұрдан жаратылған әйелден туады. Сондықтан да олардың атын Ай, Күн, Жұлдыз қояды. Көктің құдіретімен түркілер біресе жеңістерге жетті, біресе жеңілістерге ұшырады. Басқа қиыншылық түскен сәттерде қоршаған табиғатты көмекке шақырып отырған. Түркі билеушілері туралы жазба деректерге сүйенсек үнемі Аспаннан соларға қайырымды болуды өтінеді. Кімнің болса да тағдыры тәңірдің қолында. Ол үкім шығарады. Бұдан шығаратын түйін дәл осы жерде біртәңіршілік айқын сезілгендей, әйтсе де тәңірлік туралы ой қорытатын ғалым Н.Ғ.Аюповтың өте әділдікпен көрсеткеніндей, «діни түсініктер пайда болған екен, енді ол адамдар санасынан ұзақ уақыт шыға қоймайды, сол себепті бұл жүйеде одан ары қарай дамыған табиғат туралы таным түсінігі сақталған. Себебі, жазба деректерде жоғарғы биік құдай Тәңірге сиыну өз алдына, ертедегі түркілердің табынған басқа да тәіңрлері болғаны туралы мәліметтер келтіріледі. Жақсылық тәңіріне Йер-Су (Жер Су) – жауын-шашын жіберетін, өсімдіктер мен жан- жануарларға өмір беретін молшылық тәңірі жатады...».
Монотеистік сипаттағы діни жүйе саналатын Тәңіршілік (Тенгрианство) өз бойына ертедегі түркілердің діни-мифологиялық байлықтарының барлығын сіңірген. Тәңіршілік – ол бүткіл ғаламды жаратқан Тәңірге илану, яғни Құдайға бас ию, алайда ғаламнан аулақ тысқары, оның төбесінде орын теппеген Құдайға емес, болуға тиісті нәрселердің барылығына, солардың арасында адамның ішкі рухына, оның жаны бар тәніндегі барлық қатысты әрекеттерге ұйтқы болатын Құдайға сену; ал бұл дегеніңіз – қоршаған табиғат ғажайыптарына өмір сүрудің тұтастай тіршілік көзі деп сыйыну; бұл ең аяғында, өмірлік талпынысқа, сергектікке илану; бұл – барлығымызға бірдей, алдыға ынталандыратын белсенді алғашқы бастама, яки кез-келген тұлғаға барынша ілтипатты тән бастама, бұдан о дүниелік өмірге, ажалсыздыққа сену келіп шығады. «Түрктердің дүниеге көзқарасының ерекшелігі Аспанға табынуында, түрктер аспанға жоғары Құдай ретінде қарады, одан Жоғары ешкім болмайды деп есептеді. Сондықтан да олар ең биік таудың шыңын Хан-Тәңірі деп атады. Біз бұл жерде шынайылықтан Аспанға бас июге өтуді және оны рухани рәмізге айналдыруды көрудеміз. Аспан денелерінің орналасуын білуі, оларға болмыс тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет