Поэзия кеші
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақ болмысының ұлылығын дәріптейтін Поэзия кешке қош келдіғіздер!
2-жүргізуші
Поэзия – қайратты қайнардай балғын жігіттің отты көзі, өрен ерлігі, тентек тегеуріні, аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ болған, өмірдің уы мен балын бір-ақ рет сарқа сімірмек болған тойымсыз талабы..
1-жүргізуші Поэзия досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған,
Шағымда шабыттанған, қиялданған,
Шапағың бар шаттығын құяр маған! -деп, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали жазып кеткен поэзия кереметі туралы жазылған өлеңмен бастап, бүгінгі дарындылардың өнерлерін тамашаласақ?
2-жүргізуші Ендігі кезекте 5 а сынып оқушысы Мыңбай Інжу М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңімен
1--жүргізуші
5 “А” сынып оқушысы Чары Абдурахим А.Құнанбаев “Білімдіден шыққан сөз”
2--жүргізуші
5 “А” сынып оқушысы Табынай Каусар Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”
1-жүргізуші
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы атаананың ерекше биік орны,қадірқасиеті ше? Ананың ақ сүтін әкенің адал күшін ақтау- өз болашағыңды сақтау.
2--жүргізуші: О, Ата-анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
1-жүргізуші
Олай болса, ендігі кезекті2-жүргізуші_6В_сынып_оқушылары_Алпысбаева_Дана_мен_Табынаева_Дильяра_Төлеген_Айбергенов_“Ана”___1-жүргізуші'>2-жүргізуші'> 6 “А” сынып оқушысы Табынай Ерасыл Қадыр Мырза Әли “Бәріде Ана” өлеңімен
2-жүргізуші
Келесі кезекте 6А сынып оқушысы Тілеужан Асылхан М.Мақатев “Шеше сен бақыттысың” өлеңімен
1-жүргізуші
Келесі 6 А сынып оқушысы Тажиков Жасулан М.Мақатаев “Түн маған ұйықтау үшін жарлалмаған”
2-жүргізуші
6В сынып оқушылары
Алпысбаева Дана мен Табынаева Дильяра Төлеген Айбергенов “Ана”
1-жүргізуші
Келесі кезекті 7 а сыныбына берсек.
2-жүргізуші
7В сынып оқушысы Бегімбет Каусар Сұлтанмахмұт Торайғыров “ Мен қазақ” өлеңімен
1-жүргізуші
7В сынып оқушысыҚасымбек Мөлдір М.Мақатев “Дос болам десең”
2-жүргізуші
7В сынып оқушысы Махсет Нұрсұлтан М.Жұмабев “Сұлу қызға”
1-жүргізуші
7В сынып оқушысы Жанглышов АйдынғалКүләш Ахметова “Сен қазақсың”
7В сынып оқушысы Джуманова Жанерке Шортанбай Қанайұлы “Зар заман”
1-жүргізуші
8А сынып оқушысы Довлет Жұлдыай М.Мақатаев “Ғашықпын”
Домбыраның қос ішегін құт білді,
Сезім тұнған жүрегімен ұқтырды.
Сәл иегін көтерді де қол сілтеп,
Алатау мен Қаратаулар тік тұрды деп Ш.Сариев атамыздың өлеңін арқау ете отырып келесі кезекті ---------------------------- күйін орындайтын 9а оқушысы Нұрсая
1-жүргізуші
Ф.Оңғарсынова «Поэзия – адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күшпен сезімнің сан алуан түрлі рақатына бөлейді. Жақсы көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату – осының бәрі тұтас алғанда адам жанының табиғи нәрі, рақат сәттері. Өйткені мұңның да, қуаныштың да өзіндік ләззаты бар. Бір сөзбен айтқанда, сезінуге, сезім шалқарлығына тәрбиелейді, адам жүрегінің кез келген қарабайыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында». Деп поэзияны биік шыңға, керемет күшке балаған.
2-жүргізуші
Олай болса ендігі кезекті 9 а сынып оқушысы
1-жүргізуші
Келесі кезекте 9 В сынып
2-жүргізуші
Поэзия адамды дүниені басқаша тануға үйретеді,оның жан-дүниесіне өзгерістер әкеледі. Поэзия адамды өз жанының терең бір түкпіріндегі құпия боп келген сезім-түйсіктерді бастан кешіртеді, өз жүрегіңе үңілуге үйретеді. Поэзия шын мәніндегі мәдениетті тәрбиелейді. Егер ақын жасанды болса, оның ақындық тағдыры да қисық бұтадай ғұмырсыз деген сөз. Поэзия әлемі қатал, әрі оның талабы да тым биік.
1-жүргізуші
Ендігі кезекті 10 А сынып оқушысы Қожахмет Дариғаны М.Шаханов «Әке үкімі» өлеңімен .
10В сынып оқушылары
1-жүргізуші: Қадірлі көрермен!Біз бүгінгі кешімізде қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қосқан ақындарымыздың өлеңдерін сіздерге жеткіздік.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін , — деп М.Жұмабаев айтқандай , аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!
2жүргізуші: Сіздерге жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |