Баяндама тақырыбы: Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі
Баяндамашы: Бактыбаева А.У. 2022-2023 оқу жылы
Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі Білім саласының даму көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ – бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірініші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еңшісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты сөзі бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуына, оның жан-жақты дамуына және баладан рухани бай тұлға қалыптастыра білу басты міндетіміз.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы бағдарламаларды іске асыру үшін мұғалімдерді біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету және олардың пікірлерін өзгертуге ықпал ету жеткілікті емес, ол үшін білім ордаларында арнайы бір бірізділік жүйе қалыптасу керек.
Біз «мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындаймыз?» және «XXI ғасырда оқушыларды табысқа қалай жетелеймін?» деген сұрақтарға жауап іздеуіміз керек.
Ол үшін «қалай оқыту керектігі» туралы ақпараттармен нәрленуіміз керек.
«XXI ғасырда табысты болу үшін мектеп оқушысы қандай дағдыларды меңгеруі керек?» Әрине оқушыны табысты етіп қалыптастыруға мұғалімнің орасан зор еңбегі қажет екені бесенеден белгілі. Ол үшін мұғалімде ең алдымен ұстаным қалыптасу керек.Оны Пажерестің сөзімен дәлелдегім келеді.
ХХІ жаһандану ғасырында бастауыш мектеп мұғалімінің іс-әрекетінің мазмұны мен сапасы жағынан өзгеріске ұшырады – ол дамитын әлеуметтік-мәдени ортаның жобасын жасай алатын педагог; баланың жеке тұлғалық-бағыттылық оқуын жүзеге асыра алатын педагог; компьютермен және интернет желісімен жұмыс істей алатын педагог; оқушыны жаһандық білім мен біліктерді игеруге бағыттай алатын педагог болуы қажет.
Бұл өз кезегінде, мұғалімнің мұндай жаңа және өте күрделі қызметі оның кәсіби дайындығының сәйкес деңгейін талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының дамуы оқу пәндерінің құралдары арқылы жүзеге асатын болғандықтан, мұғалім, ең алдымен, орыс тілін, әдебиетті, математиканы, жаратылыстануды да жақсы білуі қажет.
Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды бастауыш сыныптарда кеңінен пайдалану сабақты жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық.
Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар оқушыға арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі кезде цифрлық технология енгізу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде елімізде 3D принтер, онлайн — сауда, мобильді банкинг, цирфлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамып келеді.
Бұл мақсатқа жету үшін бүгінгі күндегі ұстаздың алдында тұрған міндет оқушыларды интернет ресурстарын пайдаланып, ақпараттық технологияның көмегімен оқыту.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады :
— оқу, жазу сауаттылығынан;
— жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
математикалық сауаттылығынан;
компьютерлік сауаттылықтан;
денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
құқықтық сауаттылығынан.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.
Білім алу — батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер!
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» — деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді
Цифрлық технологиялар қоғамды ақпараттандырудың негізгі факторларының біріне айналды. Қоғамның ақпараттануы жаңа есептеу құралдары базасында ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, сақтау мен тасымалдаудың жаңа әдістерін ендірумен ерекшеленеді. Білім қорын жинақтау мен түрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері адам іс-әрекетінің барлық саласында ойлау әрекетін дамытуға ықпал ететін, есептеу тәсілдерін қажет ететін маңызды үдеріс болып саналады.
Цифрлық технологияны қолдану сандық формада ұсынылған ақпарат түрлерімен жұмыс істеуді жедел әрі жеңіл ететіні белгілі. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуды бастауыш сыныптардан бастап оқыту еліміздің білім беру жүйесіне алғашқы тәжірибе ретінде енгізілді.
3 — сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының Әдістемелік нұсқаулығында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген кең ауқымды дағдылар: сын тұрғысынан ойлау, проблеманы шешу, өз бетімен білім алу, бірлескен топтық әрекетке түсу секілді ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту көзделген.
Әдістемеліктің әрбір тақырыбында оқу мақсаттарының мазмұнын игеруге тиімді болатын ақпараттар мен оқушыларға түсінікті әрі олардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар, сұрақтар берілді.
Тақырып мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен, бірлесіп оқуға арналған түрлі тапсырмалар, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу-әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Бастауыш орта білім беру деңгейінің 3-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6- тармақшасына сәйкес әзірленген.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, Роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың
есептей білу, роботтарды жинау мен программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды
құрметтеуді үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінезқұлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Цифрлық технологияларды пайдаланудағы құзыреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар Цифрлық технология бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-әрекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталады.
Оқушылардан күтілетін нәтижелер:
айналадағы қоршаған ортадағы ақпарат көздерін, түрлерін анықтайды;
компьютер құрылғыларын біледі және олармен жұмыс жасайды;
ғаламтор желісінен қажетті ақпаратты өздігінен іздеп табады, оны өңдейді және ақпарат алмасуды біледі;
цифрлық технологиялардың ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жасайды;
мәтіндік редакторда мәтін жаза алады;
программалау ортасында жобалар құрады;
робот жобаларын құрастырады;
мәтінді редакциялаудың түрлі тәсілдерін қолданады;
өзі қызығатын тақырыпта зерттеу жүргізіп, презентация жасайды;
компьютерде жоба дайындап, оны көпшілікке ұсынуды, қорғау тәсілдерін меңгереді.
Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;
проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;
оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;
оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;
тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс; бірін-бірі оқыту;
оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.