1. Проблемалы оқытудың негізгі ұғымдарына сипаттама. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері



Дата10.05.2023
өлшемі42,46 Kb.
#91460
Байланысты:
МОӨЖ №12


1.Проблемалы оқытудың негізгі ұғымдарына сипаттама.


2.Проблемалық оқытудың ерекшеліктері.

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.


Сабақты әзірлеу тіпті тәжірибелі мұғалімдер үшін де қиын іс болып табылады. Олардың творчестволық лабораториясы нақ осы жерде ашылады. Проблемалық сабақтарды әзірлегенде мұғалімдерге қиындық келтіретн нәрсе не? Мұғалім кандай, оның оқушылары қандай екендігіне байланысты олар көп болуй мүмкін. Дегенмен неғұрлым ерекше төрт қиындықты айталық:
Біріншісі тек қана оқу материалын меңгертуді ғана емес, сонымен қатар оқушылардың дербес танымдық қызметін, олардың ақыл-ойының даму процесін басқаруды қамтамасыз ете алатындай сабақты және оқыту методын ұйымдастыруды іздестірумен байланысты.
Екінші қиындық проблемалық ситуацияның типтерін айқындау мен оларды класс үшін және оқушылардың жекеленген топтары үшін арнап жасаудың тәсілдері мен әдістерін табудан тұрады. Ол мұғалімде проблемалық сұрақтарды, есептерді және тапсырмаларды тұжырымдау шеберлігі мен дағдыларының жоқтығымен байланысты.
Үшіні қиындық мұғалімнің қайсыбір оқушының жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін өздігінен меңгерту процесін сөзсіз дараландыруға тап болуымен де байланысты: өйткені әркім проблеманы және оны шешу тәсілін өзінше түсінеді, танымдық есептерді тұжырымдаудың варианты болуы керек.
Төртінші қиындық мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын қоздырудың жаңа әдістерін үнемі іздестіруі мен олардың эмоциялық көңіл күйін жасаумен байланысты пайда болады.
Осы қиындықтардың негізгі себептері неде? Мұғалім мен оқушылардың оқу процесіндегі қызметінің арақатынасы өзгерді. Мұның өзі олардың өзара әрекетінің жаа құрылымын іздестіруді талап етті. Мектеп оқушыларының өзіндік дербес оқу-танымдық қызметінің үлгісі артты, сөйтсе тұра мұғалімнің қолындағы бар методика оған сабақ құраудың барлық қиыншылығын жеңіп шығуға көмектеспейді, бұрыңғы көрнекі материал көп жағдайда сөздік көрнекілік оқытуға арналған да, оқушылардың өздігінен орындайтын белсенді жұмысы үшін үйлесімі аз, ал жаңа техникалық құралдар жеткіліксіз игеріліп, тиімсіз пайдаланылады.
Сондықтан оқыту теориясының алдында оқу-танымдылық процесі жандандыру жолын іздестірумен бірге проблемалық сабақтарды әзірлеудің дәлелдеген тәсілдерін табу міндеті төтенше шұғыл қойылды.
Әзірлеудің өзара байланысты екі жағы бар: оқу мазмұнын әзірлеу, яғни нені оқыту керек және оны меңгеру процесін әзірлеу, яғни қалай оқыту және оқу шеберлігін қалай дарыту керек деген мәселе. Әрине, оқыту теориясында бұл мәселеге бұрын да көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар проблемалық оқыту тұрғысынан жоспарлаудың белгілі принциптері анықтай түсу мен толықтыруды керек етеді. Әр түрлі зерттеушілер тарапынан шарттар белгіленген, оларджы сақтау, проблемалық сабақтарды әзірлеуде табысқа жетуді қамтамасыз етеді:
А) оқушылардың берік меңгеруіне арнеп мұғалімнің жоспарларын ұғымдар мен әрекет тәсілдері өздігінен қорытудың нәтижесі ретінде пайда болуы керек;
Ә) оқу тапсырмасын айқындау және оның сапасын бағалау қажет (сабақта қандай проблемалық тапсырмалар беруге болады, олардың фактіге негізделген материалмен байланысы, олардың фактіге негізделген материалмен байланысы, олардың қайталанушылығы ауыр-жеңілдігі; сабақта қандай тапсырмаларды пайдаланып, білімдерді тексерген кезде немесе үйге қандай тапсырмалар беру керек);
Б) оқушылардың тапсырманы орындауға деген әзірлеген бағалау (олардың осы тәріздес мәселелерді қарастыру белгілі әрекет тәсілін жаңа ситуацияға қолдану, жауаптың логикалық схемасын жасау шеберлігі) және оқушылардың ойлау қызметінің құрамын айқындау;
В) мұғалімнің ұғымдардың мәнін түсіндіруі үшін ол ұғымдарды анықтау.
Педагогикалық озық тәжірибеде әзірлеудің көрсетілген шарттарын қамтамасыз етіп, проблемалық сабаққа қойылатын талаптарды сақтайтын үнемі проблемалық ситуатциялар жасап отыру мен оқүшылардың дербес жұмысын ұйымдастыруды көздейтін мұғалімдер ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі. Оқү материалын талдау кезінде олар ең алдымен берілген ғылымның негізгі (неғұрлым жалпы) және екінші дәрежелі (жеке) ұғымдарын ажыратады, сабақтар жүйесін жоспарлайды, сөйтіп сабақта әрбір келген оқушының ең күрделі деген ұғымды түсінуге шамасы жететіндей болу үшін олардың мәнін ашуға уақытты көп бөледі, оларды бекіту үшін көптеген жаттығу жұмысын жүргізеді.
Біздің зерттеулеріміз сабақтарда арналған оқу материалын әзірлеу мен жоспардың ғылыми негізделген жуйесі мынаны қамтитынын көрсетеді:
А) праграммалардың (оқу материалының) мазмұнын дайындау және ә) оқыту процесін жоспарлап, дидактикалақ шарттар жасау.
Сабақтардың (сабақтың және сабақтар жүйесінің) мазмұнын дайындау қазіргі заманғы оқу-тәрбиелік процеске және проблемалық сабаққа қойылатын таламтарды айқындайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, «Мұзмұн-методтар» жүйесінде бірінші элемент жетекші болып табылғандықтан сабақтарға ғылыми негізделген дайындық оқып үйренуге жататын білімдер жүйесі терең және жан-жақты талдаудан (мұғалім бір сабақты немесе сабақтар жүйесін жоспарлауға кіріскен, кіріспегеніне байланысты емес) басталуы керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқу материалын талдауды төмендегі схема бойынша жүргізген жөн: а) ұғымдық талдау; ә) логикалық; б) психологиялық; в) оқү материалының тәрбиелік маңыздылығын талдау және г) дидактикалық талдау.
Схема элементтерінің әрқайсымын проблемалық сабақтардың негізгі типіне дайындау тұрғысынан қарастырайық.
Оқу материалын ұғымдық талдау, яғни мазмұндағы негізгі принциптерді, заңдарды, ұғымдар мен фактілерді ажырату дидактикалық мақсат пен міндеттерді дұрыс анықтау үшін, сабақ өтудің әдістері мен методтарын іріктеу үшін қажет. Мұндай дайындық үшін мұғалім.
Жаңа материалдың көлемін айқындайоның бұрын оқып үйренілген материалмен байланысын анықтайды (жалпы жоспарда) және дидактикалық мақсатты белгілейді; міндетті және информатциялық материалды ажырытады; оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ұғымдарды ( немесе бұрыннан-ақ белгілі нәрсенің оқып үйренбеген қасиеттері мен белгілерін, жаңа ұғымдарды, (немесе олардың белгілерін) бөліп алады; негізгі және екінші дәрежедегі ұғымдарға бөледі, олардың күнделік дәрежесіне назар аударады, талдау және есте қалдыруға арналған фактілерді саралайды;
Білімдер құрамын анықтап, жаңа ұғымдардың мәнін ашып көрсетудің тәсілін ажыратып, ненің қайсысы творчестволық және ненің репродуктив меңгеруге жататындығын нақтылайды; ұғымдардың өзара байланысын (жаңа және белгілі болған), оқушылар сол ұғымдарға негізделіп білімдерді өздіктерінен (түгелдей немесе мұғалімнің көмегімен) меңгере алатын болуы керек, бұрын меңгерілгенің қайсысын тереңдетіп, бекіту, қандай ұғымдар мен әрекет тәсілдерін сабақта актуалдау керектігін айқындайды;
Қорытындылардың, анықтамалардың, ережелердің, теоремалардың, заңдардың және т.б. тұжырымдарының варианттарын әзірлейді;
Жүйеде келесі сабақтарда оқып үйренуге арналған ұғымдарды бөліп алады, олардың сол сабақтағы негізгі ұғымдарымен байланысын айқындайды.
Оқу материалының тәрбиелік мәндігін талдау мыналарды көздейді, мұғалім: а) ғылыми қозғалысты қалыптастыруға оқушылардың эстетикалық, атеистік, идеялық-саяси, еңбек тәрбиесін қалыптастыруға ықпал жасайтын ұғымдар мен түсініктерді саралайды; ә) мұғалімнің немесе оқушылардың қорытындыларын дәлелдейтін коммунистік құрылыс практикасын, ғылым тарихынан алынған фактілермен оқу материалын толықтырады.
Проблемалық оқыту процесі,ұғымдарды ғылыми жолмен қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, яғни олардағы танымдық қайшылықтарды шеше отырып, білімді сенімге айналдыру жөніндегі жүйелі жұмыс болып табылады.
Қоғамтану курсының қарастырылып отырған мысалында материал капитализмнің сөзсіз құритыны туралы, адамзаттың социализмнен коммунизмге өтуінің заңдылығы туралы сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыған қоса қоғамдық өмір фактілерін талдау, оларды практикалық, таптық тұрғыдан бағалау және қорытынды жасау шеберлігіне тәрбиелейді.
Мұғалімдерде материалдарды дидактикалық талдауда едәуір тәжірибе бар, талдау методикасы әдебиеттерде де жазылған. Проблемалық сабақты әзірлеу кезіндегі дидактикалық талдау мынаған әкеліп саяды.
Оқу материалын ұғымдық, логикалық және психологиялық талдаудан алынған нәтижелерден, мұғалім педагогикалық болжау тұрғысынан сабақтың дидактикалық мақсатын анықтайды және тұжырымдайды, оқушылар қандай ұғымдарды меңгеруі және қандай әрекет тәсілдерін қалыптастыруы тиіс екендігін белгілейді; дидактикалық міндеттер мен сабақ кезеңдері бойынша мұғалім мен оқушы қызметінің түрлері анық айқындалады;
Материалдардың көлемін анықтайды (меңгеру және информациялық материал үшін міндетті), қажет болған кезде оқулық материалын толықтырады, логикалық өзара байланысты бөліктерге бөледі және әрқайсысын оқып үйрену уақытын белгілейді; оқытудың жалпы және бинарлық методын анықтайды; сабақтың методикалық құрылымын белгілейді;
Сұрақтар мен танымдық міндеттердің, тапсырмалардың мүмкін болатын тұжырымдарын,проблемалық ситуация (және проблема қою) жасауға керекті сөз бен көрнекіліктің мүмкін болатын ұштастырылуын анықтайды; проблемаларды шешудің тәсілдерін анықтайды; бұрын алған білімді қайталауға және жаңаны меңгеруге керекті дербес жұмыс жүйесін таңдан алады;
Оқушылардың болжамдары мен гипотезаларының болуы мүмкін варианттарын қарастырады, жаңа ұғымдарды жақсы меңгеруге және проблеманы шешүінің дұрыстығын тексеруге қажетті ғылым тарихынан мысалдар мен мәліметтер жинайды; қосымша информацияның материалдарын айқындайды, оқушылар қандай фактілерді, мәліметтерді өздігінен табатындығын және оларды сабақта қалай пайдаланатындығын анықтайды;
Дидактикалық материалдарды және ОТҚ-ны әзірлейді; программаланған оқу құралын пайдалану мүмкіндігін қарастырады;
Білімді бағалау үшін, дараландыру үшін оқушылар тізімін белгілейді;
Пән аралық байланыстарды және өмірмен байланыстырудың әдісі мен тәсілдерін, сондай-ақ проблемалық ситуация, сонымен бірге қосымша сұрақтар, карточкалар, көрнекілік немесе өздігінен орындайтын жұмыстардың құралдарын жасаудың әдістерін анықтайды;
Меңгерілгенді қолдану шеберліктер мен дағдыларды, оқушылардың білімдерін бағалау үшінкеректі білімдер мен жаттығулар жүйесін таңдап алады.
Үй тапсырмасы үшін материал әзірлеп, оның сипатын анықтайды .
Біз бұдан әрі дидактикалық талдаудың мазмұны проблемалық сабақ жоспарының негізгі мазмұнына сәйкес келетіндігін көреміз. Нақты материалдан мұғалімің жоғарыдағы атап өтілген әрекеттері оңай да тез жүзеге асатыны әбден түсінікті, өйткені мұғалім бірден барлық материалды қамтиды, оның үстіне ол оны біледі.
2) Проблемалық сабақтарды әзірлеу және жоспарлау.
Оқу материалының мазмұнын ғылыми талдау оқу-тәрбие процесін жоспарлаудың негізі болып табылады. Педагагикада және мектепте жоспарлаудың алуан түрлері белгілі: календарьлық-жылдық, тақырыптық, сабақтық. Олардың мақсаты-оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың оқу программасын жақсы меңгеруіне қол жеткізу.
Календарьлық-жылдық жоспарлау-жоспарлаудың неғұрлым жалпы түрі (мектеп программасы мен оқу жоспарының бірдейлігі түрінде берілген), оларды басшылыққа алып, педпгпг жоспарлардың екі-тақырыптық және сабақтық түрін-жүзеге асырады.
Тақырыптық жоспарлау ең алдымен оқу тәрбие процесінің сабақтар жүйесіндегі және мектеп программасының сол тақырыбы немесе негізгі (оқытушы, дамытушы жәнен тәрбиелеуші) функциясын іс жүзесіне асырудың қолайлы жолдарын айқындау қызметін атқарады. Ол педагогикалық болжамды іс жүзіне асыру үшін де қажет. Дамытып оқытуды ұйымдастырудың озық тәжірибесі тақырыптық жоспарлау белгілі бір схема бойынша құрылуы керек екендігін көрсетіп отыр.
Қазіргі тақырыптық жоспар үшін қандай элементтер міндетті?
Педагогика бар календарьлық-тақырыптық жоспарлардан өзгешелігі, онда, оқу мателиалы мазмұнының элементтерін көрсетуден басқа, сабақтардың мақсаты, типі және құрылымы, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің методы көрініс табуы керек.
Толық жарымы тақырыптық жоспарды коллективтің күш-жігерімен методикалық орталықтарда талдау жасап, мұғалімге дайын түрде ұсыну керек. Әрбір облыс немесе республикада мұғалімдер білімін жетілдіру институттары бар. Пән кабинеттерінің методистері ең жақсы мұғалімдердің ішіндегі активтермен бірлесе отырып, ал қажет болған жағдайда, педагогикалық институттардың методистерінің қатысуымен де тақырыптық жоспарларды ең жоғарғы ғылыми дәрежеде талдау жасай алады, сол арқылы мұғалімнің оған кететін уақытын босатып оның сабаққа жоғары дәрежеде әзірленуіне мүмкіндік береді. Праграммалар тұрақты, сондықтан тақырыптық жоспарлар кейбір қосымшалармен және өңдеулермен бірнеше жыл пайдалана алады. Тақырыптық жоспар өзінің негізгі талаптарын іс жүзіне асырудың әдістері мен тәсілдерін творчестволықпен іздеу үшін бағыт береді, яғни сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің творчествосын керек етеді.
Копшілік жағдайда тақырыптық жоспарлар қандай схема бойынша жасалады? Әдетте, аптасы және күні, сабақтың тақырыбы, кейде мұғалімнің (немесе оқушылардың) жұмыс түрлері көрсетіледі.Бұл жоспарлардың кемшілігіне де? Олар қазіргі заманғы сабақтардың барлық талаптарына сай келмейді, мұғалімді белсенді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға бағдарламайды. Оларда сабақтың құрылымына сүйену жоқ,проблемалық принцип ескерілмеген.
Барлық пәндердің мұғалімдері оқытудың аса маңызды функциялары: программаны терең меңгерді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын, оларды жан-жақты тәрбиелеуді іс жүзіне асыруды қамтамасыз ете алатындай тақырыптық жоспарлаудың схемасына мұқтаж.
Сонымен тақырыптық жоспарлаудың схемасы бес бөлімнен тұрады, олардың ар қайсысының тұтастай алғанда сабақтар жұйесі үшін міндетті,бірақ сабақтарды ар түрлі типтерінде ар түрлі мазмұны болатын бірқатар элементтері бар. Схеманың негізін бірінші типтегі сабақ құрылымы құрайды.
Тақырыптық жоспордың бөлімдерінің мазмұнын қарастырайық.

  1. Сабақ тақырыбының аты (практикалық оқу) немесе сабақтардың жүйесі праграммадан алынады.

  1. Сабақтың (немесе бірінші сабақтардың) мақсаты программаның жоспарлаған тақырыбының, бөлімінің мазмұнына сүйеніп анықталады; ол сабақтың (сабақтардың) үйретуші, тәрбиелеуші және дамытушы функциясын көрсетеді, тақырыптық жоспарда жалпы түрде көрініс табуы мүмкін.

  2. Сабақтың типі: сабақтың мақсаты мен материалының мазмұнына сәйкес, бұл жерде сабақ типтерінің біреуі ғана көрсетіледі. Мәселен, бірінші тип (жаңа материалды оқып үйрену сабағы, проблемалық) немесе екінші тип (білімдерді жетілдіру, проблемалық емес). Сабақтың типтері мен шағын типтерін көрсетуге педагогикалық көрегендік принципін іс жүзінде асыруға жағдай жасайды, кейінгі жолы сабақты жоспарлау мен сабақты оқытуды техникалық құралдарын (ОТҚ) қамтамасыз етуді бірталай жеңілдетеді. Мұғалім таяудағы және алыстағы мақсаттарды белгілеп,авлдын ала даярлықты бастап, оқушыларға материалды күні бұрын бөліп беруі мүмкін. Сабақтын типін көрсету мұғалімнің өзінің білімдер жұйесіне әзірленуінің сипатын да күні бұрын анықтайды,оған танымдық міндеттер мен оқу тапсырмаларын әзірлеуге мумкіндік береді.

  3. Оқытуды методы: жалпы методтар немесе тек дидактикалық міндеттер мен методы іс жүзіне асыруды формалары көрсетіледі, мәселен, баяндама (әңгіме) құрастыру немесе тексті түсінік бере отырып оқу шеберлгін калыптастыру.

  4. Сабақты жабдықтау және информация көздері материалдың мазмұны мен ұсынылған жалпы методқа сүйеніп анықталады. Тек қана негізгі оқытудың техникалық құралдары қажетті әдебиет көрсетіледі.

  1. Актуалдау. Жоспардың бұл бөлімі жұмыс процесінің өзін алдын ала анықтайды. Оның көрсетуіне мыналар жатады:

  1. Бұрын оқып үйренген қандай ұғымдар актуалдануы тиіс (бұл жерде өткендегі оқумен байланысы да еске алынады);

  2. Өздігінен орындайтын жұмыс қандай типте болуы керек, білмін актуалдап, бұрын мегерген білімді түсінуді тереңдетеді.

  1. Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгеруді жоспардың негізгі бөлімі деп есептеу керек. Бұл жерде методис мыналарды атап көрсетеді:




  1. Осы сабақта немесе бірінші сабақта қандай жаңа ұғымдар енгізіледі (немесе ертерек меңгерілген ұғымдардың белгісіз белгілері оқып үйреніледі).

  2. Сабақтар мен уй тапсырмалары жүйесінде оқушылардың білімдегі, шеберліктері мен дағдыларындағы болжамды жетілдіру (нақты нұсқау да болуы мүмкін-олар сабақтардың тақырыбын, жүйесін оқып үйрену қорытындысында нені меңгеріп неменені үйренуі тиіс); өздігінен орындайтын жұмысты типі бұл бөлімде көрсетілмеуі мүмкін, әдетте ол творчестволық немесе жартылай творчестволық сипаттама келеді де; оқу проблемасының сипатымен, проблемалық ситуацияның типімен байланысты болады.

  3. Бір немесе бірнеше сабақтардың негізгі (жылжымалы) проблемалары тұжырымдалады немесе теқ қана аталып өтіледі.

  1. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Тақырыптық жоспарлардың бұл бөлімінің мазұнында атап көрметілетіндер:

  1. Сабақта оқылған материалды қамтитын оқушылылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының типтері;

  2. Жұмыс формалары (фронтальды, топпен, жекелей).

  1. Үй тапсырмасын қамтитыны:

  1. Оқулықтан және информатцияның басқада көздерінен қайталауға арналған материал

  2. Келесі сабаққа әзірленуге арналған өздігінен орындайтын жұмыстың типі.

Тақырыптық жоспар сабақтардың (бөлімнің, тақырыптың бүкіл жүйесін қамтиды, алайда жіктеп-саралау әдісіде болуы мүмкін (жеңіл тақырыптарда (сабақтар) жоспардың тек қана жалпы схемасы болуы мүмкін, ал неғұрлым күрделі тақырыптар толығырақ талданып жасалады). Тақырыптық жоспарлы белгігі бір бөлімі нақты сабақта сабақтың мақсатына және оның типіне байланысты атап көрсетуі мүмкін. Ол сабақтық жоспарда іс жүзіне асырылады (толтырылады), типті мұндада әр бір сабақта бөлімнің барлық элементтері бірдей орын ала алмайды.
Сабақты жоспарлау тақырыптық жоспарлауға қарағанда неғұрлым нақты болады.
Мұнда материалының мазмұны, белгілі бір уақыт аралығына (45минут) оны оқып үйренудің тәртібі мен тәсілі дәл анықталады. Сабақтық жоспарды мұғалім тақырыптық жоспарға праграмманың мазмұнына және өзінің класс жөніндегі біліміне, оқушылардың әзірлік, даму дәрежесіне және сабақты өткізудің шартына сүйене отырып,өзі жасайды.
Тақырыптық жоспарларға қарағанда, сабақтық жоспарлап бөлімдерінің саны мен олардың элементтерімен, бұл элементтердің бір ізділігі және мазмұны мен ерекшеленеді. Әрбір жоспардың мұғалімнің даралық жұмыс стиліне, оқушылардың оқытылу мен жас дәрежесіне,параллель кластың әзірлене және т.б. байланысты өз ерекшеліктері болады.
Дәстүрлі сабақты жоспарлауға оқушылардың ойлау қызметін активтендірудің арнаулы міндеті енгізілмеген, әдетте олардың сыртқы қызметі жоспарлап келеді. Дәстүрлі сабақтардың жоспарлары тұрақты,оларда сабақ бөлімінің дидактикалық тұтастығы жоқ. Мәселен, үй жұмысын тексеру мақсатын міндетті түрде сұрау жүргізу жоспарланады, ол материал жаңа материалмен байланысты немесе байланысты еместігіне қарамай-ақ жүргізіле береді.
Проблемалық сабақты әзірлегенде мұғалім оқүшылардың ой қызыметін, олардың жаңа білімдерді меңгеру кезіндегі ойлау қызыметінен белгілі бір әдістері болатынын үміт артып жоспарлайды; оқушылар қызметін басқару жөніндегі өзінің қызметін жоспарлайды (жалпылама сұрақтар түріндегі бағдарлау, проблемалық міндеттер және т.б.). Мұның өзі оның кездейсоқ жаймен оқушылар ойының өзі алдын ала болжалдай алмаған жүрісімен кезднсіп қалуын жоққа шығармайды. Мұғалімнен үлкен эрудиция оралымдық пен сезім ұшқырлығын талап етеді. Бірақ бұл ол сабаққа ешқашан да толық дайын бола аммайды дегенді білдірмей ме? Әлбетте, жоқ. Сабаққа дайындық ұғымының өзі өзгереді.
Сабақты жоспарлай отырып, мұғалім оқушылардың ой бағдарын болжауға тырысады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, класта бір ғана мәселе жөніндегі әр түрлі пікірдің саны үш-төрттен көп болмайды. Екінші жағынан,айтылған пікір (ойдың) варианттарының саны шешілуге тиісті нарсенің мазмұнына байланысты болады. Сондықтан жоспарлау кезінде мұғалім оқу материалын ғана емес,сонымен қатар оны оқып үйренудің әрбір кезеңін де, қайталауы мүмкін болатын жауап тұрғысынан (дұрыс және қате) алынғын әрбір сұрақы да талдайды. Басқаша айтқанда, мұғалім материалды мазмұны, логикалық құрамы, тәрбиелік мәні және оқушылардың ерекшелігі (психологиялық, ойлағаншық, дүниетаным, жас ерекшелігі) бойынша талдайды. Талдау неғұрлым терең және нақты болса оқушылардың проблеманы шешуге тиісті болжамдары көп болып, сабақ барысының мүлде кездейсоқ ауытқуына тап болуы аз болады.
Оқушылардың ойлау қызыметінің алуан түрлі варианттарын болжау мұғалімінің өз қызметінде алуан түрлі вариантта жоспарлауға мәжбүр етеді. Жоспардың кейбір элементтері көп вариантты болуы мүмкін. Жоспар бір класта былай, бір класта олай іс жүзіне асырылады. Көп варианттық оқушыларға даралық көзқарасты қамтамасыз етеді.
А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік
беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».
М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені, ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді»,-деп көрсетеді .
Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде
туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске
асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық
ойлауын дамытады деген сөз.
Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған
қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін
тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет
тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей
болып бөлінеді:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық
әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа
ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау
(ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу);
Біз проблемалық оқытудың барлық міндеттерінің ішінен аса маңызды екі міндетті бөліп көрсетеміз. Біріншісі – оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру; екіншісі – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.
Танымдық белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы,
оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында
қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді
орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді .
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу,оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты
болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі
мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің
нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі
тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң
нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылық – оқушының танымдық
қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.
Біздің пайымдауымызша, шығармашылық дербестік – жеке тұлғаның
танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық
ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі
шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті.
Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру
бағдарламаға ашылған жаңалықтар туралы материалды ендірумен, ғылым
негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес,
сондай-ақ, оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған әдістерін оқып-
үйренумен де қамтамасыз етіледі. Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні, оның элементтерінің өзара байланысы ғылымда бақылау, сипаттау, түсіндіру, болжау сияқты зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін жүзеге асыру барысында ашылады.
Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді
меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы: а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді; ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәніноқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өзойының күш салуымен» алады. Сөйтіп, бір жағынан оқытушы неғұрлым күрделі әрі өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады, екінші жағынан, жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады. Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып табылады.
Қорыта айтқанда, проблемалық оқыту – ғылыми дүниетанымды
қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық
қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.
2. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.


Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, « жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады: 
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет