1. «Neet санатындағы жастармен жұмыс»: Ұлытау облысы бойынша Neet санатындағы жастар саны 517 адамды құрайды. Облыс бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба»



Дата03.11.2023
өлшемі19,12 Kb.
#121695
Байланысты:
сводд


1. «NEET санатындағы жастармен жұмыс»: Ұлытау облысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 517 адамды құрайды. Облыс бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында және жұмыссыздықты азайту мақсатында NEET санатындағы жастарға жыл басынан бастап 20 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аталмыш санаттағы жастар арасында облыстық орта, кәсіптік білім беретін мекеме өкілдерінің қатысуымен тренинг өткізу жоспарлануда.
NEET санатындағы жастарға орталықтарда арнайы психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі.Заңгерлік көмекке 90 адам жүгінсе, психологиялық көмекке 155 адам жүгінген. Жеке кеңес алуда жастардың несиені мөлшерден тыс алуы, шот бұғатталған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы және Egov электронды үкімет арқылы жұмыс жасау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2. «Жұмыс істеп жүрген жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету»:
Ұлытау облысы бойынша 12 жасқа сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
3.«Жастарды жұмыспен қамту»:
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына 1038 жас өтініш білдірді, оның 688 - тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 258 - қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 31 - әлеуметтік жұмыстарға, 17 - жастар практикасына жіберілді.
"2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" аясында және жұмыссыздықты азайту мақсатында NEET санатындағы жастарға жыл басынан бастап 20 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Нәтижесінде 190 жас бос жұмыс орындарына жолдама, 27 жас ұлттық жоба бойынша кәсіби бағдарламаға, 100 адам мемлекеттік грант алу бойынша кеңес алды.
4.«Кәсіптік бағдар беру»:
5. «ЖРО-да жүргізіліп жатқан жұмыстар есебі»:
2023 жылы мемлекеттік жастар саясатының 9 бағыты бойынша 3000 адамды қамтыған 90 астам іс-шара өткізілді. "Волонтерлер жылы" шеңберінде өткізілген іс-шаралар-10, жастар арасында құқық бұзушылық пен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – 3, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс – шаралар -5, патриоттық, әскери - патриоттық тәрбие – 5, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" - 0, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында ғылыми – техникалық әлеует - 5, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау – 5, экологиялық мәдениетті қалыптастыру - 0, Салауатты өмір салты бойынша -5 іс-шара ұйымдастырылған.
Волонтерлық желінің басты мақсаты жастар саясатының дамуына үлес қосып, қаламыздың саяси-мәдени өміріне ат салысу болып табылады. Жастарды волонтерлық желіге тарту мақсатында облыс бойынша 9 маманнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жасақталған. Ақпараттық-түсіндіру тобы қаламыздың мекемелеріне, оқу орындарына, Полиция басқармасына және қалалық емханаға жастар саясаты және жастар саясатының бағыттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
6.«Жастар арасындағы суицид»:
Қазіргі таңда Ұлытау облысы бойынша 25 кездесу өткізілді. Кездесуде жастар саясатының күрделі мәселерінің бірі жастардың мөлшерден тыс несие алуы және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсуі болып табылады. Несиелердің басым көпшілігін шағын несиелік ұйымдар құрайды. Бұл дегеніміз жастар арасында психологиялық қысымды арттырып, жұмыссыздық деңгейін көбейтіп, несиені өтей алмаған жастар өз-өзіне қол жұсау фактісі (суицид) белең алуда. Жоғарыда аталған жастар арасындағы мәселердің шешімін табу мақсатында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, халықты жұмыспен қамту, сот орындаушылар және екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысып, несие алушылардың заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіріп,айқындады.
Орталықта арнайы психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілді.
7.«Әскери-патриоттық тәрбие»:
2023 жылы Жастар ресурстық орталығының жоспарына сәйкес «Барыс» әскери-патриоттық жобасы іске асырылуда. Жоба мақсаты жастардың бойында Отанға деген адалдықты, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге, борыштық және қызметтік міндеттерін адал атқаруға дайын болуды дамыту үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа тиімді жүйесін құру болып табылады. Жоба аясында жыл бойы ерлік сабақтары және тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен, спорт мәдениетінің қайраткерлерімен, атқарушы және заң шығарушы органдардың өкілдерімен кездесу жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Жастар ресурстық орталығының «Ауғанның отты жалыны» атты кездесулері өткізілді. Ардагеріміз Ауған соғысының қасіреті жайлы қысқаша тәрбиелік мәні бар мәліметтер ұсынды. Қатысушылар арасында сұрақ қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.
8.«Жасыл ел» жобасы:
Ұлытау облысы бойынша жасыл ел мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылдың жазғы маусымында (маусым, шілде, тамыз айлары) 750 жас сарбаз қамтылу жоспарлануда. Бағдарлама аясында аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты жастар қамтылады. Жобаға 14 және 35 жасқа дейінгі жастар қамтылады.
9.«Жастар практикасы» жобасы:
Жұмыспен қамту орталығының ақпаратына сәйкес «Жастар практикасы» жобасы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында 17 жас жұмыспен қамтылды.
10.«Алғашқы жұмыс орны» жобасы:
Жұмыспен қамту орталығының ақпаратына сәйкес 2023 жылдың 1 тоқсанында 26 жас жұмыспен қамтылды.
11.«Дипломмен ауылға» жобасы:
2023 жылдың 1 тоқсанында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 102 жас адам тіркелді.
12.«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы:
2023 жылдың алғашқы 2 айында «Ұрпақтар келсімшарты» жобасы аясында іс-шаралар жоспарланбаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет