«№ 8 жалпы білім беретін мектеп » КММ -нің
«_____» ________ № ___ бұйрығына
1-қосымша
Жалпы ережелері
«Тілші мұғалімдер-2023» олимпиадасын өткізу ережелері (бұдан әрі- қарай Олимпиада) оның мақсаты, міндеттерін, өткізу тәртібін анықтайды.
2. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері
1) Мақсаты :
Педагог кәсібінің мәртебесінің арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту.
Міндеттері :
Талантты педагог қызметкерлерді анықтау және мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату ;
Білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздеу;
Оқушылалдың қабілеттерін дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету.
Олимпиаданы ұйымдастыру
Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру алқасы құрылады.
Ұйымдастыру алқасы :
Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізудің жалпы тәртібін анықтайды ;
Олимпиадаға тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады ;
Пәндік қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады ;
Олмпиаданың қорытындысын талдайды және қорытындылайды,бұйрық жобасын әзірлеуге қатысады ;
Олимпиаданың өткізу кезеңдері
Олимпиада екі кезеңде өтеді :
1 кезең аудандық олимпиада ( 06-10 ақпан аралығы)
ІІ кезең қорытынды- облыстық олимпиада (22-23 ақпан күндері)
Олимпиаданың бірінші кезеңін өткізу мерзімі аудандық білім бөлімдер басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
Олимпиаданы өткізу шарттары
І тур - теориялық кезең. Эссе жазу ( 250-300 сөз, уақыты – 60 минут, берілген 3 тақырыптың ішінен таңдаған тақырыбына жазады.) Эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, тұжырымдалады.
Эссеге қойылатын критеррийлер (15 ұпай ):
-Жеке көзқарастың көрінісі ; (3 ұпай)
- Логикалық заңдылықтың сақталуы ; (3 ұпай)
Терминдерді, цитаталарды қолдануы;(3 ұпай)
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; (3 ұпай)
Сауаттылық ; (орфография, пунктуация) (3 ұпай)
Үздік эссе жұмыстары облыстық,республикалық БАҚ-тарда жарияланатын болады.
Тапсырмалар.
Қазақ және орыс тілі пәні мұғалімдеріне
Фонетикалық ,морфологиялық, синтаксистік талдау
Ағылшын пәні мұғалімдеріне
Граматикалық талдау (15 ұпай) ( 30 минут)
Педагогикалық идея (15 ұпай)
Идеясының өзектілігі (5 ұпай)
Әдістің ерекшелігі (5 ұпай)
Жаңашыл инновациялық әдісін тиімді қолдануы,нәтижесі (5 ұпай)
ІІ тур практикалық кезең. Пән бойынша ашық сабақ (5-11 сынып арасы, жеребе бойынша анықталады) (35 ұпай)
Сабақ мақсатының қол жетімділігі ;
Сабақтың құрылымы, жүйелілігі ;
Белсенді оқу мен оқыту әдіс- тәсілдерінің тиімділігі, сабақ мақсатына сәйкестігі ;
Критериалды бағалауды қолдану ;
АКТ-ны пайдалануы. Кері байланыс ;
Уақытты тиімді пайдалануы ;
Сөз мәдениеті, дикциясы, рефлексияны басқару ;
«№ 8 жалпы білім беретін мектеп » КММ -нің
«_____» _______№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Мектепішілік «Тілші мұғалімдер-2023» олимпиадасының қазылар алқасының құрамы
Т.С. Аймағанбетов – қазылар алқасының төрағасы, мектеп директоы
Г.Т. Каленова-төраға орынбасары, ДӘЖО
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
Қ. Мұханова
А. Елешова
К. Абдикадирова
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша
1. З.Орисбаева
2. Б. Ахметова
3. Р. Қалжанова
3.Ағылшын тілі пәні бойынша
1. Д. Нурбавлиев
2. Г. Абдешова
3. А. Тұрсынбаева
Достарыңызбен бөлісу: |