1. Отбасының тәрбиелік әлеуеті дегеніміз не?



бет1/4
Дата13.10.2024
өлшемі29,92 Kb.
#147922
  1   2   3   4
Байланысты:
Айдарова Назерке ДуПмно 22-1


1.Отбасының тәрбиелік әлеуеті дегеніміз не?
Отбасының тәрбиелік әлеуеті – балаларды тәрбиелеудегі отбасының материалдық, ұлттық, психологиялық, педагогикалық, рухани, эмоционалды мүмкіндіктерінің жиынтығы, оның ерекшеліктерімен (түрі, құрылымы, дәстүрлері және беделі) анықталады.









2.Балага тарбие мен білім берудегі отбасынын ен манызды рөлі кандай?.










Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты іс. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек деген ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» демекші ұрпақ тәрбиесінде балаға білімнен бұрын тәрбие беру маңызды екенін дәлелдеген. Адамгершілік негізі - имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне әсері зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, кісінің ала жібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі ұрпақ еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет