1. Оқуды жақсартудың түйінді факторлары Оқушылармен тиімді кері байланыс қамтамасыз ету



Дата29.12.2023
өлшемі16,13 Kb.
#144961

Билет №6
1. Оқуды жақсартудың түйінді факторлары
1.Оқушылармен тиімді кері байланыс қамтамасыз ету
2.Оқкшылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады
3.Бағалау нәтижесін ескере отырып, оқытуды түрлендіру
4.Бағалаудың оқушыларды өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едеуір ықпал ететігін мойындау
5.Оқушылардың өз қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор ( Бегляров Э. 2010).
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі–оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе–оқыту әдісін дұрыстаңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.

2. Көшбасшы бойындағы қасиеттер


1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4.Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бірорындатұрмай, өзбетіншедамуменболады.
13. Өзгешеойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияғасәйкесөзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекшеболғанынқалайды.
3. Кез келген оқиғаға байланысты Блум таксономиясы бойынша сұрақтар ойластыру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет