Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі



Дата06.10.2022
өлшемі19,83 Kb.
#41722

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы — бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды — тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.
Фонетикалық жаттығулар
Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық қателер
Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «…значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады .
Мысалы, жазылуы айтылуы
домбыра домбұра
жорық жорұқ
Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.
Фонетикалыќ талдау
Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.
Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдаукүрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдауорнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.
Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:
— дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
— фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;
— дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;
— қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
— қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
— ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
Дәрісті қорытындылау: Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар 
Әдебиеттер:

  1. Әлімжанов Д., Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. 1965

  2. Жиенбаев С.Қазақ тілінің методикасы. 1941

  3. Исабаев Қ.Мектепте математиканы оқыту. 1976

  4. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет