1.Пластидтер.Лейкопластар Биология ғылымында түрлі термин түрлері бар.Жалпы, біз білеміз пластидтер – өсімдіктер жасушасындағы ең негізгі, маңызды органоид болып табылады, яғни тек өсімдіктерге ғана тән.Пластидтер өсімдікке түс бере отырып, өң береді де өсімдіктің көркін жеткізеді. Пластидтер құрылысы мен пішіні, атқарар қызметі бойынша әртекті болып келеді екен.Пластидтер түстер бойынша ерекшеленеді және қарай үшке бөлеміз.Олар:хлоропластар, хромопластар, лейкопластар. Хлоропластар – жасыл түсті пластидтер, яғни хлоропластарда жасыл түс бере алатын пигменті болады.Ол-хлорофилл пигменті.Оған дәлел ретінде күнделікті өмірде көріп жүрген жасыл өсімдіктерді алсақ болады.Хромопластар – қызыл, сары түсті, қызыл қоңыр пластидтер.Лейкопластар - түссіз пластидтер.Біздің тоқталатынымыз осы лейкопластар.
Лейкопластар-түссіз, яғни пигменті жоқ.Сондай-ақ лейкопласттың пішіні шар, сопақ пішіндес болып келеді.Менің түсінуім бойынша, лейкопласт өзінің бойына қор заттар жинайды.Ол қандай қор заттар? Лейкопласт кор заты етіп, белокты, майды, крахмалды жинайды.Бұлардың әрқайсысының өзіндік ғылыми атаулары бар екен.Мысалы, егер лейкопласт қорға крахмал жинаса оны біз – амилопласт деп атаймыз.Май жинаса – элайлопласт, белок жинаса- протеинопласт деп атаймыз.Лейкопласты біз қайдан кездестіреміз?Көбінесе күн сәулесі түспейтін, яғни, күн сәулесінен тыс жатқан жерде тамырда, дәнде, түпте т.б кездеседі.Біз білетіндей лейкопласт – қос мембраналы.Өз кезегінде лейкопласттың ДНҚ-сы, жаңағы мен жоғарыда көрсеткен қордағы заттардың ссинтезделуі мен гидролизін жүзеге асыратын зат бар.Ол-фермент.Лейкполасттың басты қызметі-жинақтау және синтездеу.
Гүл.Аналықтың құрылысы Әлемде қаншама гүлдердің түрі әдемілікті адам көңіліне сыйлағанымен, көптеген адамдар гүлдің құрылысынан хабардар емес болып жатады.Біздің білетініміз, гүл – қысқарған өркен, яғни түрі өзгеріске ұшыраған қысқарған өркен. Оның құрылысы біршама күрделі.Мысалы, гүлдің сыртын әдемі етіп қоршап тұратын – тостағанша мен күлте жапырақшалары.Бұл жапырақшалар гүлді қоршап тұратындықтан, ғылыми тұрғыдан біз оны – гүлсерік деп атаймыз.Ал, гүлге әртүрлілік түс беретін не?Ол-күлте.Дәл осы күлтеде бізге белгілі аталық пен аналық болады.Біздің тоқталатынымыз аналықтың құрылысы. Гүлдер және гүлді өсімдіктер өмірде жыныстық жолмен көбейеді. Бұл процесс сабақ, я болмаса жанама бұтақ арқылы орындалады. Гүлдерден жемістер, кей кезде тұқымдар шығып, сол арқылы гүл өсіп шығады. Бұл – гүл элементтерінің маңызды бір элементі. Бұл тұрғыда, аналық гүлдің құрылысы – аналық және аталық арқылы жүзеге асатыны бәрімізге белгілі. Аналық гүл құрылысы үш бөліктен тұрады: Аналықтың ауызы, мойны, жатыны. Аналықтың ауызы – түрліше сипатта болады, оның бетіне аталықтың тозаңдары түскеннен соң, ол жабысқақ сұйықтықты аналық мойнына қарай өткізіп жібереді. Аналық мойыны аналықтың ауызы мен жатынын байланыстырып тұратын бөлшек. Бұл қызғалдақ пен көкнәрда болмайтын аналық құрылысының бір бөлшегі. Жатын – аналық құрылыстың ең маңызды астыңғы бөлшегі. Оның ішінде көптеген тұқымбүршіктері бар. Олардың сыртын екі қабықша қаптайды. Онда жасушалар мен ұрықтар бар. Сол себепті ұрықтану процесі аналық құрылысында жүреді екен.
3. Malvaceae тұқымдасы Malvaceae тұқымдасы қазақша сөздікте Құлқайыргүлділер тұқымдасы болып қолданылады. Құлқайыргүлділер тұқымдасына әдетте табиғатта, бұтақта, ағашта, шөптекті де өмір сүретін өсімдіктер жатады. Тіпті, бұл жолда ағашта өмір сүретін Құлқайыргүлділердің жапырақтарыы саусақсалалы және жай болуын келуі мүмкін. Қазіргі күнде бұндай өсімдік түрінің мыңнан артық түрлері бар. Ал, Қазақстанда он сегіз түр, жеті туысы кездеседі. Олар ағашта, орманда, далалы аймақтарда мекен етеді.
Құлқайыргүлділердің табылатын аймағы еліміздегі Күнгей, Алтай, Іле Алатауы, Теріскей, Мойынқұм. Бұл аймақта кездесетін Құлқайыргүлділер қос жынысты және қос гүлсерікті. Ал, құрылысы жағынан аналыққа қарағанда, аталықтары көп. Олар табиғатта түтікше кейіпте келіп, аналықты қорғайды, қоршауға алады. Маусым, қыркүйек айларында гүлдеуі процесін бастап, шілде айларында жемістерін сала бастайды екен. Жемістері құрғақ әрі қауашақты болып кездесетіндіктен, оларға бір тұқымды жаңғашқалар жатады. Бұндай тұқымдастардың ең негізгі түрі – мақта, баобаб. Бұндай Құлқайыргүлділер тұқымдасының түрлері медицина мен халықтың қажеттілігін өтейді. Мәселен, түймегүлді – үйде өсіретін төрт түлікке азық ретінде берсе, Могилев құлқайыр деп аталатын түрін – тұқмыстық өнімде салатқа қолданады.