Сабақтың тақырыбы: Синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдану Оқу мақсаты



бет1/3
Дата21.03.2023
өлшемі335,13 Kb.
#75661
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ жоспары
Бекітемін: ____________________ Бейсенова Ш.

Мұғалімнің аты-жөні:

Жанәділов Азамат Абылайұлы

Сынып:

9 Б

Күні:

31.01.2023

Бөлім атауы:

9.3А Үшбұрыштарды шешу

Сабақтың тақырыбы:

Синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдану

Оқу мақсаты:

9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану;

Бағалау критерийі:

- косинустар теоремасын біледі және қолданады;
- синустар теоремасын білу және қолданады;
- синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолданады;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Сабақ кезеңі
Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру


6 минут



Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Синус және косинус теоремаларын үшбұрыштарды шешуде қолдану тақырыбын қарастырамыз
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
- Оқушыларда сабаққа қажетті құралдардың болуын қадағалау.
-Топқа бөлу. QAZmath бағдарламасын пайдалану арқылы сынып 4 топқа бөлінеді.
-Үй жұмысын тақтамен салыстыру Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырып тапсырмаларын тексеру
Өткен білімді актуалдау:
Үшбұрыштарды шешу” тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау. Анықтамалар мен тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтауға арналған тест.(жеке жұмыс)

  1. Үшбұрышта 150° бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады.(А)

  2. Қабырғалары 2 см, 7 см, 3 см болатын үшбұрыш бар.(Ж)

  3. Егер теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бір бұрышы 50° болса, онда табанына қарама-қарсы жатқан бұрыш 90° тең.(Ж)

  4. Егер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы 600 тең болса, онда оған іргелес жатқан катет гипотенузаның жартысына тең. (А)

  5. Тең қабырғалы үшбұрышта барлық биіктіктері өзара тең. (А)

  6. Кез-келген үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтарының қосындысы үшінші қабырғасының ұзындығынан кіші. (Ж)

  7. Екі доғал бұрышты үшбұрыш бар. (Ж)

  8. Егер үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 900-тан кіші болса, онда үшбұрыш доғал болады. (А)

  9. Косинустар теоремасы арқылы үшбұрыштың түрін анықтауға болады. (А)

  10. KLN үшбұрышында KL=8,4 cм, LN=13,2 см, KN=7,5 см. L бұрышы ең үлкен. (Ж)




Амандасады, үй тапсырмаларын тексереді.


Қойылған сұрақтарға жауап береді


− ақиқат тұжырымдарды анықтайды.
− жалған тұжырымдарды анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет