1. Саясаттану саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым



Pdf көрінісі
Дата29.11.2023
өлшемі358,52 Kb.
#131319
түріСеминар


Терминдер 
1-10 семинар
№1
1.Саясаттану
- саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым.
2.Саяси ғылымның зерттеу объектілері
:саяси теория;саяси институттар;саяси партиялар,
топтар,қоғамдық пікір;халықаралық қатынастар.
3.Саясаттанудың қызметі 
– қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды)
атқарады. Оған ең алдымен 
танымдық қызметі 
жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды
танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі
қызметі - бағалау
. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға
береді.
4.Экономика-
материалдық өндіріс,өнімді өндіру,тұтыну алмастыру саласы,басқаша айтқанда
қоғамдық тіршіліктің қайнар көзі,бастауы
.
5.Саясаттану парадигмалары
- саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді
ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау
үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
6.Саяси билік
- таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу
мүмкіндігін білдіреді.
7.Саяси жүйе
- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы
өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар,
мекемелер мен институттар жиынтығы.
8.Саяси тәртіп
- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.
9.Саяси мәдениет
- белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-
әрекеттердің жиынтығы.
10.Саяси әлеуметтану
- арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни
саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен
ережелер арқылы зерттейді.
11

Саяси сала
-мемлекетті,қоғамды басқару әдістері мен нысандары,билік тұтқасының қызметі.
12
.
Әлеуметтік сала
- адамдардың түрлі топтар мен ұлыстардың тыныс-тіршілігі,қызмет
әрекеті,өмір сүру саласы.
13. Рухани сала- 
қоғамның және адам адамдардың рухани болмысы,ой өзегі,тілі,дәстүрі мен әдет-
ғұрпы,мәдениеті.
14
.
Мемлекет
-белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік
беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы
дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. 
№2
1
.
Саяси ғылым 
- қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси
жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті


зерттейді.
2.Саяси ғылымның даму кезеңдері
- саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне
дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер.
3.Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі
- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын
біріктіруші ұйым. ЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған.
4.Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары
: саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және
білім беруге қолдаушылық көрсету; саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты
таратуға көмек көрсету;саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс
жүмысын ұйымдастыру;СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми
журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару;саяси ғылымдағы бірлескен халықаралық
зерттеулерді қамтамасыз ету.
5.Саясаттың негізгі элементтеріне 
билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси
қатынастар мен саяси мәдениет жатады.
6.Саяси өмір
– бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру
тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі.
7.Мораль мен саясат 
арақатынасының үш негізгі нұсқаларын бөліп көрсете аламыз: 1) саясаттың
мораль мен дінге толық бағыныштылығы; 2) саясат пен мораль арасындағы байыпты алшақтық; 3)
демократиялық, құқықтық қоғамдағы саясат пен мораль өзара байланыстарының парасаттылығы.
8.Саясат пен құқық
арасындағы арақатынастардың келесі нұсқаларын ерекшелеуге болады: 1)
саясат пен құқық арасындағы бағыныштылық; 2) құқықты абсолюттендіру және оған іске аспайтын
мүмкіндіктерді белгілеу; 3) саясат пен құқық арасындағы саналы өзара байланыстарды сақтау.
9.Саясат 
– бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен
байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы.
10.Саясат 
– мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару
өнері).
11.Авторитаризм -
(гр. '
autoritas' - билік, ықпал ету
) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық -
біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті
монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
№3
1.Саяси билік
- таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу
мүмкіндігін білдіреді.
2.Саяси билік
тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар,
халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
3.Саяси билік принциптері
- легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр
бермеу принципі.
4.Саяси билік әдістері
- саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру,
дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.
5.Саяси биліктің легальдылығы
- басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық
тұрғындармен мойындалуы.
6.Саяси биліктің легитимділігі
- халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен,


дәстүрмен анықталған билік сапасы.
7.Легитимдік
дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы
мен шешімдерін растауы.
8.Саяси билік ресурстары
- субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз
ететін барлық құралдар.
9.Саяси билік субъектілері
- іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап,
партия, мемлекетті айтады.
10.Саяси биліктің маңызды қырлары
:адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші
субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату;адамдардың билікке тиімсіз іс-
әрекеттерінің алдын алу қабілеті;нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге
асыру мүмкіндігі;тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мұндай
мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.
11
.
Тоталитаризм 
(лат. 
totalіs 
– 
тұтастай

түгелдей
) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған
мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен
конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге
ұшыратылады. 
№4
1.Саяси элита
- қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы
интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы
билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
2.Саяси көшбасшылық
- саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік
топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия
білген адам жатады.
3.Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-
аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру.
4.Саяси көшбасшылықтың жіктелуі
- Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды
топтастыруға алғаш қадам жасады.
5.Саяси көшбастаушы болудың жолы:
көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып,
ойынан шығу; ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
6.Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар 
– саясаттың аса белсенді субьектілері.
7.Контрэлита 
– бұл билеуді элитаға қатысты оппазиция ролін сол сәтте атқаратын саяси элитаның
бөлігі.
8.Әкімшілік элита 
– бұл меншік ресурстарының негізінде билік құрылымына өзінің қатысуын іске
асыратын билеуші билеуші элитаның бөлігі.
9.Әскери және полициялық элита 
– билеуші элитаның маңызды жігі.
10.Саяси элитаның маңызды жігін 
идеологиялық – ақпараттық элита құрайды.
№5
1.Саяси жүйе
- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы


өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар,
мекемелер мен институттар жиынтығы.Оның 
негізгі элементтеріне
мемлекет, саяси партиялар, дін
орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
2.Саяси жүйені жіктеудің
ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық,
авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
3.Қоғамның саяси жүйесі
Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси
институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
4.Саяси жетекші; саяси көшбасшы
- мемлекеттің, саяси партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі;
саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.
5.Саяси режим, саяси тәртігі
экономикалық және мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен
құралдарынын жиынтығы.
6.Саяси қатер, саяси тәуекелдік
әскери әрекеттер, үлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу
және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.
7.Саяси баспана
Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне
сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі.
Ж.Блондель саяси жүйені басқаруды 5 түрге бөледі
:либералдық демократия; коммунистік жүйе;
дәстүрлі саяси жүйе; Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе; авторитарлы-
консервативтік жүйе.
Г.Алмонд
саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-
американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп
жіктейді.
№6
1.Азаматтық қоғам
– саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті
әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы.
2.Азаматтық қоғам
- ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде
қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi
дaмығaн қoғaм.
3.Құқықтық мемлекет 
— конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот
билігі бар мемлекет нысаны.
4.Құқықтық мемлекет
– өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін,
басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол
бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды
қарастыратын мемлекет.
5.Құқықтық мемлекет идеясының мәні
- оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі
халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы.
6.Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы
- мемлекеттің және оның органдарының зорлық-
зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен
байланыстылығы.


7.Әлеуметтік мемлекет
– кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін
көтеруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы
жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін құруға, әлеуметтік әлсіз
топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған
белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет.
8.Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты
– қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай
жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы
төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру.
9.Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет
ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болды.
10.Құқықтық мемлекет
жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы,
негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс.
№7
1.Саяси режим
— саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын
ұйымдастыру қағидалары.
2.Саяси режим
- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін
қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
3.Демократия
– сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни
“халық билігі” деген мағынаны білдіреді.
4.Авторитаризм
- (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі.
5.Авторитарлылық 
- біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
6.Авторитаризи түрлері 
- абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық
тәртіптер.
7.Авторитарлы саяси жүйе
- демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-
қайшы.
8.Авторитарлы билік заңдылығының негізі
- дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы.
9.Тоталитаризм
– деспотизмнің бір түрі.
10.Тоталитарлы саясаттық жүйе
- мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау
орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі.
№8
1Кең мағынада сайлау жүйес
і 
дегеніміз 
— Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен
ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі.
2.Tap мағынада сайлау жүйесі
дегеніміз 
— сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси
партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі.
3.Мажоритарлық жүйе
- сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған
болып саналатын сайлау жүйесі. 
4.Пропорционалды сайлау жүйесі
— сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия


Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі.
5.Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі 
— бес жыл.
6.Сайлау округтерінің
— бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі
бар.
7
.Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — 
бір мандатты
сайлау округі
деп аталады.
8
.Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — 
көп мандатты
округ
деп аталады.
9
.Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық
тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — 
біртутас жалпыұлттық
сайлау округі
деп аталады.
10
.Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — 
сайлау
комиссиялары 
болып табылады
.
№9
1.Саяси партия
— мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,
ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың
немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
2.Саяси партия қызметтері
- саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді
жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және
бағытталған түрде енгізу.
3.Саяси партиялардың олигархизациялануы
- партиялар дамуына тән үрдісті негіздеу: әлеуметтік
ұйымдарды басқаруда демократиялық түрдегі ұйымдардан қатаң бюрократиялық аппаратқа көшу.
4.Партия
- бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым.
Алғашқы саяси
партиялар
Ежелгі Грекияда пайда болған.
5.Саяси партиялардың дамуы келесі кезеңдерден тұрады
:аристократиялық үйірмелер;саяси
клубтар;көпшілік партиялар.
6.Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар
азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам
мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
7.Саяси партияларды 4 түрге бөледі
:авангардтық партиялар; сайлаушылар партиясы;
парламенттік партия;қауымдастық партия.
8.Партияларды таптық негізде жіктеу
: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық.
9.Саяси жүйедегі рөліне байланысты
: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп
жіктелуі.
№10
1.Қоғамдық қозғалыстар
— қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ


әрекеті.
2.Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді
:Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған
ұйымдар.Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.Таптық белгісіне сай
ұйымдар.Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар.
3.Кәсіподақ 
– бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды
біріктіретін қоғамдық ұйым.
4.Лоббизм
-билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер
мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын
жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік
тапсырысты алу үшін талаптануы.
5.Лобисттер 
- кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының,
экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін;
осы топтардың агенттері.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет