5 практикалық сабақ. Саяси элита және көшбасшылық Жұмыстың мақсаты мен міндеті



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі33,05 Kb.
#21243
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5. Практикалық сабақ


5 практикалық сабақ. Саяси элита және көшбасшылық

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Саяси лидерлік, оның билік институты ретіндегі мәні. Саяси лидерліктің қызметі, типологиясы. Қоғамдағы саяси элитаның орны мен ролі. Саяси элитаның құрылысы және негізгі қызметтері. Мемлекеттік бюрократия. Саяси элита мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде.

Техникалық және инструментальдық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.

Жұмыстың өткізу тәртібі: Саяси лидерліктің негізгі түсініктемелері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал. Саяси лидерліктің билік институты ретінде. Билік институты ретіндегі саяси лидерліктің мәні және сипатты белгілері.. Саяси лидерліктің атқаратын қызметтері. Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері. Саяси лидерлік туралы Антикалық дүние авторлары Геродот, Плутарх және басқалары өздерінің ойларын тұжырымдаған. Саяси көшбасшылықты зерттеуге Николло Макиавелли (1469 - 1527) біраз үлес қосты. Ол батырларды, монарх және қолбасшыларды тарихтың шынайы жасаушылары санады. Оның түсініктемесінде саяси лидер-бұл бүкіл қоғамды біріктіруші және танытушы, өз билігін және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін кез келген әдіс-амалды қолданушы.

Одан кейінгі саяси ойға және практикаға көрнекі ықпал еткен лидерлік концепциясын жасап шығарған Фридрих Ницше (1844 - 1900). Ол былай деп жазған: "Адамзаттың мақсаты оның жоғарғы өкілдерінде жатыр. Адамзат ұлы адамдарды тудыру үшін талмай еңбетенуі тиіс, - оның міндеті өзге ештеңеде емес, тек осында". Оның пікірінше, тұрғындардың басым көпшілігі дербес әлеуметтік шығармашылыққа қабілетсіз.

Марксизмде саяси лидер таптың бөлігі, ең қабілеттіі, саналы және таптың еркін іскер білдруші болып табылады.

1. Саяси лидерлік - бұл бүкіл қоғамға, ұйымға немесе топқа белгілі тұлғалар тарапынан тұрақты басымырақ ықпал ету.

Саяси лидер айрықша басым ықпал мен иеленуі тиіс.

2. Саяси лидерлік - бұл басқарушылық мәртебе, әлеуметтік тұғыр , бұл жетекшілік мансап.

3. Саяси лидерлік - бұл саяси нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің ерекше түрі.

4. Саяси лидерлік - бұл топтың қоғамдастығының және саяси мнез-құлқының символы- рәміздік көрінісі.

Саяси лидерлік ұғымының екі аспектісі бар: Формалдық-мансаптық мәртебелік. Ол билікті иеленумен байланысты.

Қазіргі саясаттануда лидерліктің бірнеше теориясы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет