1-шi аралық бақылау жауаптары «Жемқорлықтың»



Дата01.11.2022
өлшемі26,14 Kb.
#46808
Байланысты:
Ағиев Мирас НВП-ответы


1-шi аралық бақылау жауаптары

1.«Жемқорлықтың» тарихи дамуы-.Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан . Қарт тарих шумерлар мен семиттер дәуірінде де мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық дендегенін айтады.


2. Жемқорлық - антиәлеуметтік көрініс ретінде-Сыбайлас жемқорлық ұғымы және түрлері.Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
3. Жемқорлыққа төзбеушілік идеясы-Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес, деп есептейді ғалымдар. Бір ғана факт бар: жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Бұл ұғымның ресми түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда сыбайлас жемқорлық – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді. Латын термині «corruptio» екі түбірден құралған сөз: «cor» - жүрек, жан, рух, ал «ruptum» - бүлдіру, бұзу. Демек, «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, мемлекеттік билік жүйесінің құлдырауы ұғымдары жатыр.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабылдуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
4.Қазіргі заманғы мемлекеттердегі жемқорлықтың трансформациялануы- Елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, алға қойылған мақсаттарды, міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін бюджет қаражатын тиімді бөлу.
5. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қатынастары жүйесінің реформалануы, жемқорлыққа қарсы тұру мәселесіндегі басты фактор.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процессін жетілдіру- Жылдан жылға электрондық түрде көрсетілетін қызметтер саны ұлғаюда. Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімінде 700-ке жуық қызметтер бар, олардың 85,5%-ы онлайн. Біздің мақсатымыз - биыл осы көрсеткішті 90 пайызға жеткізу. Осы кестеде қызметтерді электрондық түрге көшіру жөніндегі мемелкеттік органдармен атқарылған жұмыстың қазіргі жағдайы көрсетілген. Әлі де тиісті көрсеткішке жете алмағандар бар. Осы жұмысты уақтылы аяқтау қажет. Қызметтер көрсетілу сапасын бақылау - Мемлекеттік істер агенттігінің құзыретінде. Олар жүргізген Қоғамдық мониторинг нәтижесін қарасақ, еліміздің аумақтарында халықтың мемлкеттік қызметтермен қанағатану деңгейін көтеру қажет екені айқын. Ол үшін алдымызға қойылатын бірқатар ашық мәселер бар. Мысалы, мемлекеттік қызметті алу үшін халық әлі де тікелей мемлекеттік орган немесе әкімдікке жүгінеді.
7. Мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру - Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын болады:
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын нақты белгіленген орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағдарлау.
2. Алға қойылған мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру.
3. Шығындарды басқарудан нәтижелерді басқаруға көшу.
4. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, алға қойылған мақсаттарды, міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін бюджет қаражатын тиімді бөлу.
8.«Электронды үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру-«Электрондық үкіметті» құру идеясын Қазақстанда бірінші рет ел президенті Н.Н. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкіметті» Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың қызметін ізерлеу мүмкіндігіне, құрамы бойынша тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру-Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің жауап әрекетінің болуын қамтамасыз етіп және кінәлілерді заңда белгіленген жауапқа тарта отырып, құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары деп айқындалсын.
10. Жемқорлық мінез-құлықтарының тетіктері-Жемқорлық мінез құлық тетігі дегеніміз- объективті шындықтың сыртқы факторлары мен жемкорлыққа бару шешімін детерминиация-лайтын ,бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкы, психикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы
11. Жемқорлық мінез-құлықтарының тұлғалық детерминанты-.Жемқорлық мінез құлықтарының тетігі тұлға мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады . Қылмыс жасау тетігі әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады ал тұлға болса өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды.
Детарминация латынның анықтау айқындау деген сөзінен шыққан . Яғни Дереминация ол айқындау , анықтау сөзінен шыққан
12. Тұлғаны профильдендіру өзін-өзі тұлғалық ұстаудың моделі - Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы.
өзін-өзі тұлғалық ұстаудың моделі
13. Жемқорлықты факторлар ықпалына түспейтін тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері-Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу негізгі қызметтің басымдығы болып табылады. Сондықтан ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, басқаларға және дәстүрлерге құрметпен қарауға, білім мен жұмысқа деген құштарлыққа, әдептілік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Ғасырлар бойы бұл сезімдер халқымыздың қанында келе жатыр. Өз балаларын тәрбиелей отырып, қазақтар берілетін бірқатар түзетулерді ұрпақтарға таратуда. Балаларды тәрбиелеуде еңбекке, парасаттылыққа және адамгершілікке шақыратын мақал-мәтелдер үлкен рөль атқарады. Дәстүрлермен халық өздерінің білімдері мен бақылауларын ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, ал жастар осы бақылауларды жасай отырып, өз тұжырымдарын жасап және әлемге басқаша көз-қараспен қарай бастайды.
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және адамгершілік сана-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-бұл адамдардың сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде қабылдауды білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен көзқарастар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана -адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықты көрсетіп береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың функциялары бар олар, -танымдық, реттеуші, бағалаушылық,болжамдық .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы- сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде танып,ол туралы білімді жинақтап, оның негізінде адами өзара қарым-қатынастарды орнатудан тұрады.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бақылау-Қоғамдық бақылау ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретіндегі негізгі қағидаттары, маңыздылығы мен мазмұны.Сыбайлас жемқорлықтың етек алу елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтікэкономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады.ағынасы
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мағынасы-Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе сарапшының жалған қорытыңдысы, сот актісінің орындалмауы т.с.с., осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. ... Осы тұрғыда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген түсініктің мән-мағынасына зер салу қажет.
17.Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру 
дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 
маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания 
сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, 
құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық 
нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің 
кепілі. 
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын 
қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай 
нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға 
болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып 
саналады. 
18.Сыбайлас жемқорлыққа қарсылықтың жаңа идеология- 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
19. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні
интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір
білім алушының соған көзін жеткізу.
Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты
болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие
жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан
білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы
туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар
мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші
жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана-
сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет
етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
20. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері-Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
21. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері-Сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру мәселесі біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралы – әрбір азаматтың осы процеске қатысуы, өйткені сыбайлас жемқорлық көріністерінің деңгейін жалпы күш-жігермен ғана төмендетуге болады.
22. ҚР этникалық мәдениеттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік-
Мемлекеттік қызметке алынған мемлекеттік қызметші конкурстық емтихан немесе өзге тексеру нысандарының нәтижесіне қарамастан, разряд үшін, ман-сапты құруды бастайды.
Мансап дегенді қалай түсінеміз ? Мансап (фр.сөзінен Сагіега) -қызметтің (қоғамдық, қызметтік, ғылыми, кәсіби) осы немесе өзге түрі бойынша жоғары көтерілуді білдіреді.
Мансапты таңдау өте маңызды шешімнің бірі болып табылады, себебі адам өзінің өмірінде жеке тұлғалығы мен жұмыс сипатына қарай, сондай -ақ жеке мансаптың ұйымның мүмкіндіктерімен жеке күтуге қатысты қызметтің осы немесе өзге сферасында алға жылжуы үшін адамның қабылдайтын шешіміне тәуелді келеді.
23. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ҚР ұлттық қауіпсіздігінің факторы ретінде-
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Президент 2014 жылдың 26 желтоқсанында бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез -келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс.
24. Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері-
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік. Бұл мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында белгіленген заңнамалық тыйымдардың, талаптар мен шектеулердің бұзылуы, олар тәртіптік жаза қолдану немесе сенімді жоғалтуына байланысты жұмыстан шығару үшін негіз болып табылады.
25. Әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері-
Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісінде - ең алдымен құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің рөлін анықтап, сол мәселелер төңірегінде маңызды іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға баса назар аудару қажет. Қоғамдық өмірдегі рухани бастауларды зерделеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын басшылыққа алу керек.Құқықтық білімнің негізі мектепте салынады, сондықтанда құқықтық тәрбие тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарды негізінде іске асуы қажет. Ао ЖОО келген жастардың құқықтьқмәдениетті кәсіптік-теориялық білімдерімен қатар әртүрлі ғылыми-жобалар, студенттің өзіндік жұмыстары, диспуттар, ғылыми конференциялар т.б. формаларды қолдана отырып жүргізудің маңызы зор.
26. Қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері-
Сыбайлас жемкорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен бiтe кайнасуы, сондай-ақ, лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетімен көрініс табады.
27. Қоғамдағы моральдық-этикалық жауапкершілік- Қоғамдағы моральдық-этикалық жауапкершілік.Бұл жауапкершілік көрінісі қоғам үшін алаңдатушылықпен анықталады. Жауапкершіліктің бұл түрі ең қиын деп есептеледі, себебі адамның бәрі де, барлығына да жауапты. Адам бұл жауапкершілікті білмейді және мойындамауы мүмкін.
28. Жанұядағы моральдық-этикалық жауапкершілік -Моральдық жауапкершілік – адамды моральдық талаптарды орындау тұрғысынан сипаттайтын этика категориясы. Жауапкершілік жеке адамның немесе әлеуметтік топтардың өздерінің моральдық жетілуіне және әлеуметтік қатынастарды жақсартуға қатысу дәрежесін білдіреді.Моральдық еркіндік адамның ерік бостандығымен шартталған.
Ерік еркіндігі – адамның өз дүниетанымына сәйкес өз бетінше әрекетін анықтау, өз шешімі негізінде әрекет ету қабілеті.-
29.Еңбек ұжымдағы моральдық-этикалық жауапкершілік-Ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың этикалық нормаларын басқару
Ұжым-бұл өзара байланысты адамдар мен жеке тұлғалардың көптеген топтарынан тұратын күрделі жүйе. Жеке тұлға-бұл адамның ішкі рухани әлемімен көрінетін, оның қоғамдық қарым-қатынасының, психологиялық және физиологиялық реакцияларының барлық жиынтығымен берілген нақты адам. Психологтар жеке тұлға деп оны басқа адамдарға жасамайтын тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін атайды.
30. Сыбайлас жемқорлық үшін әр түрлі діндердегі жауапкершілік-Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды . Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ , Еуропа Одағы , Еуропа Кеңесi , Америка мемлекеттерінің ұйымы , сонымен қатар , Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады . Тарихи дамудың қазiргi кезеңiнде жемқорлықтың трансұлттылығы букіл қоғамдастық қауiпсiздiгi үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет