Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар



Дата14.12.2022
өлшемі26,31 Kb.
#57402

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс
Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету.
Құзыреттілік оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық., іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі
Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:
•бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды;
•оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
•диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;
•ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
•тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесіне қойылатын талаптар
Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне қатысушылардың барлығына алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы бағалаудағы балл беру критерийлерімен) салыстыру арқылы, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір тақырыптың бөлімі бойынша оқу мақсаттарының жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін:
•қалыптастырушы бағалауды;
•ішкі жиынтық бағалауды;
•сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына (15 сәуір 2016 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес уәкілетті орган білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді. Осыған байланысты, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау талаптары сатылап критериалды бағалау жүйесіне көшіріледі.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс.
Ескеретін жағдай, мектепте оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді.
Инклюзивті білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін жетілдіріп, оның келесі мүмкіндіктерін беретіндей көп атқарымды және қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет:
•оқушының оқу материалдарын қаншалықты табысты меңгергенін МЖМБС талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтауға мүмкіндік беруі;
•танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын қадағалап отыруға мүмкіндік беруі;
•критериалды бағалау жүйесінің талаптарына түзетулер енгізу үшін жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру;
•оқушының жеке қажеттіліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін түзетулерді болжау.
Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша, балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.
Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену қажет:
•меңгеру деңгейін саралау;
•критериалды бағалау;
•бағалаудың объективтілігі;
•бағалауды дараландыру;
•бағалауды жариялау
Инклюзивті сыныптарда оқыту адамгершілік тұрғыда, тұлғаға бағытталған негізде, дамытушы, дифференциалды және жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған бағалау принциптерін ескере отырып, мектептің құзыретті білім беруге жағдайында қалыптастырылған оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі мектеп практикасындағы жаңа білім парадигмаларының талаптары мен бағалау құралдарының арасындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі.
Атап айтқанда:
•оқу материалдарын игеруіне қарай деңгейлеп дифференциациялау арқылы қалыптастырылған бағалау шкаласының критериалды бағалау платформасы білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді;
•бағалаудағы жариялылық көптеген психологиялық тұрғыдағы мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың ата-аналарының арасындағы қанағаттанғысыз бағаға қатысты қақтығыстар, білім алушылар мен олардың мұғалімдерінің арасындағы балаға қойылған бағаға келіспеушілік тұрғысындағы даулар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қостарапты түсініспеушіліктер.
Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау, кейбір бұзылыс түрлеріне байланысты шектеулерді ескермегенде (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары, әлеуметтік-эмоционалдық бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы бағаланады.
Түзете дамыту пәндері бойынша бағалау критерийлері кез келген тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған дағдыларымен тығыс байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады және жұмыс барысында оқу әрекеттерін жүзеге асыра отырып, білім деңгейін шыңдауына көмектеседі. Осылайша белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын жедел бақылап отыру жүзеге асырылады.
Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерилері жаңа сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа жасалады.
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру барысында келесі ерекшеліктер:
•оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету (пәндік бағалау, пәнаралық және білім деңгейлеріне өту аралығыдағы тұлғалық қалыптасуы) ;
•бағалау критерийлерін әзірлеуге біртұтас көзқарас, яғни жалпы білім беру жүйесі мен түзете дамыту жұмыстарының үйлесімділігін сақтау;
•бақылау және бағалау әрекетіне білім алушыларды белсенді қатыстыру;
•оқу мазмұнын игеру процесінде тәжірибелік және танымдық тапсырмаларды орындауда танытқан қабілеттерін жүйелі бағалау;
•білім алуда арнайы қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасын бағалау;
•білім сапасының артуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі және сыртқы бағалау тетіктерін үйлестіру;
•білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау мен аттестаттауда дербестікті сақтау және білім жүйесінің даму тендециялары мен білім деңгейін сараптауда, басқа да аттестаттау мақсаттарында тәуелсіз бағалауды ұстану;
•жоспарланған жұмыстардың нәтижесін қалыптастыруға және деректерді ұсыну барысына қажетті деңгейде көңіл бөлу;
•оқушылардың жеке оқу жетістіктерінің динамикасын сипаттайтын жинақтаушы бағалау жүйесін (портфолио) қолдану;
•стандартты жазбаша немесе ауызша бағалау әдістерімен қатар, практикалық жұмыс, жобалау, шығармашылық жұмыс, өзін-өзі бағалау, бақылау және тағы басқа тәсілдерді қолдану ескерілуі тиіс
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың ерекшеліктерінің ескерілуі жан-жақты бағалау өлшемдерін енгізуді талап етеді. Аталған бағалау өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, түзете-дамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға ықпал етеді.
Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар жасалғанда ғана объективті болады.
Атап айтқанда:
•білім, білік, дағдыларды тексеру жұмыстарын (шағын топтарда, жеке дара), ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып қолайлы ұйымдастырған жағдайда;
•сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай туғызу (өз мұғалімінің немесе қажет болған жағдайда бөлінген әлеуметтік қызметкердің қатысуы, үйреншікті құралдар мен тірек аппараттары: сызбалар, аудио жазбалар, қажетті көрнекіліктер, тапсырманы орындаудың жалпы алгоритмі);
•бастапқы кезеңде жалпы ұйымдастыру жұмыстарының этаптарының сақталуын және қалыптасуын қадағалап отыру.
Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті білім беру жағдайында оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің тағы бір ерекшелігі, мұғалім оқу процесінде қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтап, алдағы уақытта жетілдіру үшін білім алушының оқу жетістіктерін зерделеп отырады.
Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге бағытталған жұмыс болып табылады.
Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту компонентінен ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушымен түзете-дамыту жұмыстары жүргізілген жағдайда, пән мұғалімі жеке дамыту бағдарламасының нәтижелерін өз жұмысының барысында ескеруі тиіс. Бұл жағдайда, критериалды бағалау жүйесінің икемділігі мұғалімге қалыптастырушы бағалау критерийлерін жекелеген тақырыптарды өту барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта оқушыға қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады.
Критерийлер оқу тапсырмасының қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір тапсырма бағаланып отырады. Нәтиже әрбір тапсырманың жекелеген элементтерінің дұрыс орындалуына қойылған бағалаудан тұратын жиынтық балдық көрсеткішпен өлшенеді.
Критериалды бағалау жүйесі кері байланыс функциясын атқарады. Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін берілген ұсынымдар деп қабылдайды. Критериалды бағалау жүйесінде әр балдық көрсеткіш жетістік деңгейін көрсетеді. Маңыздысы, бағалау шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші.
Оқушының білімін критериалды бағалауға арналған дескрипторлар тексерілетін әр тапсырмаға құрастырылады.
Қазіргі уақытта білім алушының оқу жетістіктерін бағалауда жалпы қолданысқа енген бірыңғай критерийлер жоқ. Себебі, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері қандай да бір педагогикалық мақсаттар таксономиясының негізінде жасалады.
Бүгінгі күні, деңгейлер санымен, сол деңгейлердің негізінде жасалған критерийлерімен, әрбір деңгейлерді тармақтарға жіктеп көрсететіндігімен ерекшеленетін көптеген таксономиялардың түрлері бар екені белгілі. Дегенмен, бұл мақсаттардың барлығы да білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін қалыптастыруға болатын негізгі төрт деңгейді қамтиды.
Инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуде қандай мақсаттар таксономиясын негізге алуға болатындығы сол сынып оқушыларының үлгерімі мен сабақ үстіндегі өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнату белсенділіктеріне байланысты анықталады.
Топтық тапсырмаларды орындау кезіндегі белсенді өзара әлеуметтік қарым-қатынас білім алушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және бір біріне қолдау көрсетуіне бағытталған. Сондықтан, мұндай жұмыстарды белсенді ұйымдастыру мүмкіндігі бар инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарында критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру негізіне жоғары эвристикалық мақсаттарды алуға болады. Бұл ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және алдағы уақытта жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалауда жиі қолданылатын өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері, инклюзивті оқыту сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімді әдістердің бірі. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өз нәтижесін зерделеуге жетелейді және жиынтық критериалды бағалау нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет