1-Тақырып: Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны.
Мақсаты: Басқарудың тарихын көрсету, пәнің, мендетін және әдіснамасын анықтау
Негізгі ұғымдар : басқару, менеджмент, даму тарихы
Жоспары: Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Ғылыми менеджмент мектептері. Пәннің ұғымдық аппараты. «Менеджмент» ұғымына берілген анықтама түрлері. Менеджмент кәсіби білім беру жүйесіндегі интеграциялау үрдісі ретінде.
Басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметі орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тәртіп алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.
Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы жəне тарихы. Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр.Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді: І кезең – ежелгі кезең ( б.э.д. 6-9 ғғ.- ХҮІІІ ғ. дейін) Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен, кейіннен термешілік пен аң аулаудан өнеркəсіптік өндіріске ауысу менеджементтің қалыптасу бастамасы болды. Біздің заманымызға дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) мемлекеттің билігі «үздіктерге» яғни тəжірибелі, адал, əділетті, ұқыпты, мемлекеттік басқару өнерін меңгерген адамға берілуі керек. Платон (б.з.д 428-348) мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге басқару органдарының функцияларын анықтаған, «Мінсіз мемлекет» азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қажеттіні жасайтын қолөнершілердің жер өңдеушілердің, қауіпсіздікті сақтайтын əскерилердің жəне ақылмен, əділетті түрде басқаратын философбасқарушылардың бірлестігі болуы керектігін айтқан, ал Александр Македонский (б.з.д 356-323) əскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты. Менеджмент туралы сөз болғанда біз ең бірінші Əбу Нəсір ƏлФарабиді (870-950) еске аламыз. Əл-Фараби басқару мен патшалық құруға, жоғары өкіметтің негізі болып табылатын басқару саясатына зор мəн берген. Оның ойынша басқару өнерінің басты бір ерекшелігі – адамдар мен əлеуметтік топтардың үйлесімдігіне жету, олардың мұң-мүддесін ескеру. Басқару теориясы жайлы алғашқылардың бірі болып 2,5 мың жылдықта жазған Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций болды. Ол адамдарды заң арқылы басқару емес, моралдық қағидалар мен қалыптасқан дəстүрлерге байланысты басқару керектігін жəне қоғамның дамып, гүлденуі үшін басшының өзі моралдық жағынан көшбасшы- қайырымды, ұқыпты болуын, осы сапаларды басқаларда да дамыту керектігін жəне мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың сыпайылығы басқарудың негізгі, міндетті элементі болып табылады деген тұжырым айтты.[3] ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Өкілдері: А. Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне қарай жалақы төлену керектігін айтты. ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. [1] Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады.
20 ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан- жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, 20- ғасырдың басындағы Нью- Ланардегі Робер Оуеннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолданған емес. Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми- әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредарик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынада йтоқтамға келеді: «дәстүрл әдістің орнына – ғылымо, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...» Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз- қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:
тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері
«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.
«биологиялық жүйелерді басқару» - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы- жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып. «Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз»- шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объекті - әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің ( шамамен 1575-1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады. Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді – олар қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді. Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.
Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады. Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық. Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:
Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);
Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).
Басқа да бірқатар анықтамалар бар.
Жалпы қорытынды мынандай: басқарудың нақты тарихи және саяси сипатын барлық (басқару анқтымасының) авторлары атап көрсетеді. Оның нысаналылығы атап айтылады.
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатт іске асырумен байланысты. Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрстеуд басқару буындарынан тұрады. Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты обектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды. Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән. Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды. Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуі қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, басқарудың перспективалы мақсаттарының бірі оны кәсіпорындар мен аймақтар деңгейінде демократияландыруды одан әрі тереңдете түсуі тиіс.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары мыналар: а) басқарудың әлеуметтік маңызы; ә) эмпериктік білім жинақтау; б) ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады, олар ғылымның пәні, әдісі, теориясы. «Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.
Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен бір тұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп( белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі. Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады немесе басқа бір анықтамасы- басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады. Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік – экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі – оның зерттейтін пәні- басқару қатынастары болуына байланысты. Басқару қатынастары мынандай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден басқарушы және басқарылушы жүйелер арсындағы, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастарға, екіншіден басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады:
а) басқару сатылары арасында басқару аппаратының арасындағы қатынастар ( тік байланыстар);
ә) әрбір сатыны басқару буындарының арасында. б) басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатнастар: мысалы министрліктің оспар- экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.
Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буныындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары).
Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастары).
Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару; ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қатынастардың сипаты және жасаушыларының санына қарай оларды басқаруды: жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы, және аралас сондай- ақ, коллективтік және жеке қатынастарға бөлуге болады, ал олар өз кезегінде: тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді. Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.
Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, консультациялар, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді. Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.
Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:
мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу,сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;
адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;
ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;
оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;
өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;
«еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен,сөйлеумен;
Сын ойлай білу және айқын белсенді пшозициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін,сенімділікті және істі көрсете білу;
өз сабақтарын түрлендіре білу.
Достарыңызбен бөлісу: |