1-топ Ә. Бөкейханов: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі31,73 Kb.
#65344
1   2   3   4
Сталинизм жазалау шаралары .
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл — әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.
Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды
Қазақ зиялы қауымын жаппай қудалау 3 кезеңнен тұрды:
1. 1928жылдың соңында 44 адам- бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық» ұлтшылдар деген кінәмен тұтқындалды.Олар: слайдтан көрсетіледі.
2. 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында 40 адамнан тұратын 2-ші топ ұсталды.Олардың 15-сі Ресейдің орталық қара топырақ аудандарына жіберілді.1937-1938 жылы лаңкестік жаппай сипат алды.Көптеген зиялылар 1937-1938 жылы атылды.
Соның ішінде деп слайд арқылы сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.
3. 1946-1953 жылдар Қ.Сәтбаев,М.Әуезов,Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады.
«Халық жауларын» жазалау.Біріккен мемлекеттің саяси басқарманың (БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне мынандай жалған кінәлар жапты:
— Кеңес билігінің саясатына қарсы шықты;
— Жауапты кадрларға қатысты лаңкестік актілер ұйымдастыру үшін жастар арасынан әскери топтар ұйымдастырған;
— Жастар арасынан әскери кадрлар дайындаған;
— Байлар мен арадағы байланысты орнату үшін «Алқа» үйірмесін құрған;
— Кеңеске қарсы үгіт жүргізген;
— Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп,Жапонияның протектораттығына бермек болған;
— Өздері Жапония мен Германияның тыңшысы, «ұлтшыл фашистер» деген т.б болжаммен айыпталды;
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:
Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.
Мақсаты:
— отаршылдық салдарын жою
— саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру
— тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру
Статистикалық мәлімет:
Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам Сталиндік репрессия құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары
— 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 жылдар аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған адам ақталды. Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар.
Саяси қуғын-сүргін сипаттары:
— 1921 – 23 жылдарда малды тартып алу
— малдан айырылудың кесірінен болған аштық
— шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан
— бай –кулактарды жою, олардың мүліктерін
тәркілеу және жер аудару
— 1923-33 жылдар аралығындағы дін өкілдерін жазалау
халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес

1.Зиялы қауым өкілдеріне тағылған «халық жауы» деген айыппен қаншалықты келісесің?



2. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе бойынша қандай қорытынды


шығаруға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет