1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау



бет1/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру.Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау.
Топырақтану ғылым:
Топырақтану ғылымы – топырақтың құрылымын, топырақтың құрамын және қасиеттерін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар оның географиялық аумақ бойынша таралуын, топырақтың түзілумен қатар экологиялық мәселерді зерттейтің ғылым саласы. Топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В.В.Докучаев.
Табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі:
Топырақ –тіршілік аймақ, яғни биосфераның басты бөлігі. Топырақтың табиғаттағы маңызы ерекше, себебі топырақ тіршіліктің дамуына қолайлы орта болып табылады. Оған себеп, жер бетінде үздіксіз үлкен геологиялы және кіші биологиялы зат айналымдар жүреді. Кіші биологиялы зат айналымынан құнарлы топырақ түзіледі, яғни қоректік заттар топырақтың тамырлы бөлігінде жиналады. Ал үлкен геологиялы зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты түзіледі, ол құрғақ және теңіз арасындағы геологиялық жер аумақта түзіледі. Жалпы осы екі байланыс топырақ арқылы жүзеге асады.
Топырақ - адамзат үшін баға жетпес байлық және құрлықтағы басты тіршілігінің негізі. Адамның тіршілігіне ең қажетті және маңызды ол ауа, су, тамақ. Адамзат баласы ауа болмас 2 және 5 минут қана, су болмаса 5 және 7 күн ғана, тамақ болмаса 30 және 35 күндей ғана өмір сүре алады. Осы маңызды заттарды топырақ атқарады. Демек, топырақ ауа және судың химиялық құрамын реттейді. Сонымен қатар топырақ фотосинтез процесінеде қатысады, ол дегеніміз топырақ арқылы барлық биосфералық құбылыстарды реттейді.
Ауа-райының және топырақтың пайда болу процестері:
Топырақ –тау жыныстарының үгілу нәтижесінде түзіледі, яғни қатты тау жыныстары майда ұнтақталған тау жыныстарына айналуы қажет. Жалпы үгілу топырақ түзілуіне дейін болған, ол дегеніміз топырақ түзілуіне жағдай жасаған. Сонымен қатар ауа-райы топырақ түзілуіне маңызы зор, себебі температура, су, жел, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топырақ түзілуіне септігін тигізеді.
Тау жыныстардың үгілуі: физикалық, химиялық және биологиялық.
*Физикалық үгілу –тау жынысының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамай, механикалық бөлшектерге бөлінуі. Оған жел, температура, тасқын сулар мен мұздар жатады.
*Химиялық үгілу –тау жыныстардың құрамында әр түрлі тұздардың түзілуі, сонымен қатар басқа қосылстардан оттегіде тотығу құбылыстары. Физикалық –химиялық құбылыс қатар жүреді, оның нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі.
*Биологиялық үгілу нәтижесінде тау жыныстарында ылғал сіңіргіш және су өткізгіш қабаттар түзіледі.
Ауа райының топырақ түзудегі орны өте жоғары. Себебі, климатына байланысты әр жерде әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі.
Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау:

  1. Кешенді – топырақты үлкен жүйенің құрамдас бөлігі ретінде зерттеу, яғни оның айналасындағы объектілер мен құбылыстарды зерттейді.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет