1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата16.10.2023
өлшемі17,32 Kb.
#115553

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар




Бөлім «Ел – ұлт пен ұлыс тілегі». «Стиль»





Оқу мақсаты

9.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі



Білім алушы

  • Берілген мәтінді тыңдап,диктантты сауатты, көркем жазады.

  • Мәтіннің стилі мен жанрын анықтайды.

Білу және түсіну


Қолдану



Орындау уақыты

20-30 минут

  1. Диктант



Ұрпақ – өмір жалғасы

Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы - сұлулық пен арпалысқа, қым - қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың, халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала - құлалық болғанымен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені, перзент - жеке адамның ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа барар аманат. Бұл - табиғат - ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс.
Ұрпақ - саналы өмірдің ең басты кепілдігі. Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары - ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген, не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты, әрбір ру мен аталықтың, әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі - ұл тілеген. Ұл - берісі өз үйінің отын өшірмесе, әрісі елге қамқор, жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала - ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы, қала берді, қарт ата - ананың сүйеніші. Дүниеге қыздың келуі - отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата - анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп, жүріс - тұрыс, іс - қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді, қызға қамқор болады.
(173 сөз)
2. Тапсырма: Мәтіннің стилі мен жанрын анықтаңыздар.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

1

Берілген мәтінді тыңдап,диктантты сауатты, көркем жазады.

7

Мәтін бойынша берілген тапсырманы орындайды.

2

Мәтінді түсініп оқиды;
Мәтіннің стилін анықтайды;
Жанрын табады

1


1


1

Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет