1-зертханалық жұмыс Тақырыбы: Компьютердің архитектурасы. Ақпараттарды сақтау. Санау жүйелері Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата16.10.2023
өлшемі20,41 Kb.
#115864
  1   2

1-зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Компьютердің архитектурасы. Ақпараттарды сақтау. Санау жүйелері
Жұмыстың мақсаты: Дербес компьютердің архитектурасын, ақпаратты сақтау әдістерін және компьютерде қолданылатын санау жүйелерін меңгеру.
Уақыт балансы: 4 сағат
Теориядан қысқаша мағлұматтар
Бағдарламашы қолдана алатын, оның логикалық ұйымы, құрылымы мен ресурстары компьютердің архитектурасы деп аталады.
Дербес компьютер келесі негізгі блоктардан тұрады:
- процессор;
- егізгі жады;
- дисктік жинақтаушылар;
- периферилік құрылғылар.
Барлық блоктар өзара жүйелік шинамен байланысқан (магистральмен).
Электронды және электромеханикалық элементтерді және құрылғыларды қолданумен құрылған (HardWare) аппаратура компьютердің негізін құрайды. Компьютердің жұмыс істеу принципі (SoftWare) бағдарламаны орындаудан тұрады.
Компьютерлік бағдарлама жеке командалардың тізбегінен тұрады. Команда – компьютер орындауға арналған операцияның сипатталуы. Командада өзінің коды (шартты белгілері), бастапқы берілгендері (операндтар) және нәтижесі болады. Мысалы, «екі санды қосу» командасында операнды болып қосылғыштар, ал нәтижесі олардың қосындысы болып табылады. Ал «тоқта» командасында операнды жоқ, нәтижесі бағдарламаның тоқтатылуы болып табылады. Команданың нәтижесі компьютердің конструкциясына қойылған берілген командалар үшін дәл анықталған ережелер бойынша жүзеге асады. Берілген компьютермен орындалған командалар жиынтығы сол компьютердің команда жүйесі деп аталады.
Жадының функциялары:
·  басқа құрылғылардан ақпарат қабылдау;
·  ақпаратты есте сақтау;
·  машинаның басқа құрылғыларына сұраныс бойынша ақпарат беру;
·  арифметикалық және логикалық операцияларды орындау жолымен берілген бағдарлама бойынша деректерді өңдеу;
·  компьютер құрылғыларының жұмысын бағдарламалық басқару.
Командаларды орындайтын процессордың бөлгі арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ) деп аталады, оның құрылғыларды басқару функциясын орындайтын бөлігі басқару құралы (БҚ) деп аталады. Кейде осы екі құрылғы шартпен ғана бөлінеді, конструктивті олар бөлінбеген.
Процессордың құрамында регистр деп аталатын бірнеше арнайы қосымша жады ұяшықтары бар. Қысқа уақытта санды немесе команданы сақтау функциясын регистр орындайды. Кейбір регистрлер мазмұнына арнайы электрлік схемалар қандайда бір манипуляцияны орындай алады. Бір екілік санды сақтай алатын (екілік кодтың разряды), триггер деп аталатын электронды схема регистрдің негізгі элементі болып табылады. Жалпы басқару жүйесімен бір-бірімен анықталған тәртіппен байланысқан триггерлердің жиынтығын регистр деп атайды. Орындайтан операцияларының түріне байланысты регистрдің бірнеше типтері бар.
Негізгі жады (НЖ). Ол сақтауға және машинаның басқа блоктарымен оперативті ақпарат алмасуға арналған. НЖ екі сақтау құрылғысынан тұрады:
- тұрақты сақтау құрылғысы (ПЗУ);
- оперативті сақтау құрылғысы (ОЗУ).
ПЗУ тұрақты бағдарламаларды және анықтамалық ақпаратты сақтауға арналған. Онда сақталған ақпаратты жылдам санауға мүмкіндік береді (ПЗУ-ғы ақпаратты өзгертуге болмайды).
ДК ағымды уақытта орындалатын ақпаратты-есептеу үрдісінде тікелей қатысатын, жылдам жазуға, сақтауға және ақпаратты санауға (бағдарламаларды және берілгендерді) ОЗУ арналған.
Оперативті жадының негізгі ерекшелігі оның жоғарғы жылдам жұмыс жасау әрекеті және жадының әрбір ұяшықтарына жеке жету мүмкіндігі (ұяшыққа тура адрестік жету) болып табылады. ОЗУ–дың бір кемшілігі компьютер сөндірілген соң ақпаратты сақтамайды.
Ішкі жады. Ол ДК ішкі құрылғысына жатады және кез келген ақпаратты ұзақ сақтауға арналған. Көбіне ішкі жадыда компьютердің барлық бағдарламалық қамтамасыздандыруы сақталады. Ішкі жады әр түрлі сақтау құрылғыларынан тұрады, бірақ практикалық тұрғыдан кез келген компьютерда бар аса кең таралған түрлері қатты (НЖМД) және иілгш (НГМД) магниттік дискілерінде жинақтауыштар болып табылады.
Бұл жинақтауыштардың тағайындалуы — үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау, жазу және сұраныс бойынша оперативті сақтау құрылғысына сақталған ақпаратты беру. Қатты және иілгіш дискілердің ақпаратты сақтау көлемімен және іздеу уақытымен, жазу және ақпаратты санаумен конструктивті айырмашылығы ғана бар.
Сыртқы жады құрылғылары ретінде магниттік лентада кассета (стриммеры), оптикалық дискілерде жинақтауыш CD-R, CD-RW, DVD-R, DVR-RW сақтау құрылғылары қолданылады.
Компьютердің құрылғыларын функционирлеу 0 және 1 екі цифрларын қолданып екілік санау жүйесінде жүзеге асады. Ақпаратты сақтауда екілік санау жүйесінде жүреді. Екілік кодтар 8-дік, 10-дық, 16-лық санау жүйелеріне ауыстырылады.
Кестеде онық санау жүйесіндегі 0-ден 15-ке дейінгі сандарға эквиваленті екілік санау жүйесі келтірілген (Кесте -1.1).
1.1-Кесте



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет