Өкпе рагы- бронхтар,бронхиолдар,бронхиальды бездер мен альвеоларлы эпителийлердің кілегейлі қабыршағынан дамитын қатерлі ісік ауруы. Негізінен бронхтарда өсіп шығатын күрделі ісік. Сондықтан оны бронхогендік карцинома деп атауға болады. Өкпе альвеолаларының карциномасы осы ісіктік тек 1% ын құрайды
Жер шарында 1 миллион 200000 адам осы ауруға шалдыққан.Еуропа мен Солтүстік Америка дерт жоғары деңгейде дамыса,Азия мен Африкада аз тіркелген. Қазақстан дерт бойынша Орта Азия елдері арасында бірінші орында. Ерлер әйелдерге қарағанда 10 есе жиі ауырады. Көп жағдайда қарт кісілер жиі шалдығады. Қазақстанда соңғы деректерге қарағанда жылына 30 000 адам осы дертке шалдыққан.
Халықаралық статистикаға сәйкес, өкпе қатерлі ісіктерді 60% өліммен аяқталады.
Әлемде минут сайын 1 адам осы дерттен қайтыс болады.
Өкпе ісігінің пайда болуына сыртқы және ішкі себептер әсер етеді.
Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары мен өкпеге физикалық, химиялық, канцерогендік заттармен ластанған ауаның, зиянды заттардың шаң-тозаң, асбесвт, т.б. енуі, темекіні жиі тарту.
Ішкі себептерге: өкпедеге әр түрлі созылмалы қабынулар, имундық жүйке жүйесінің төмендеуі жатады.
Өкпе қатерлі ісігі әйелдерге қарағанда 45-60 жас аралығындағы ер адамдар жиі шалдығады.
Дүниежүзі ғалымдарының зертеуінше, негізінде бұл аурудың 90% шылым шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі тартса, олардың өкпедегі қатерлі ісікке шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артады
Шылым түтінінің құрамында әртүрлі зиянды және канцерогендік заттар бар. Шылым түтінінің канцерогендік әсері эксперимент арқылы да дәлелденген. Осы заттар бронх эпителийіне тікелей әсер етіп, оларды метаплазиялық, дисплазиялық өзгерістерді тудырады. Әрі қарай қарцинома дамиды.