ПЕД 2 СРСП
1)Зерттеу мақсаты - бір немесе бірнеше сұраққа жауап табу, мəліметтерді жинау жəне
оларды талдауға қолдау көрсету. Зерттеу міндеттері - зерттеудің мақсатына жауап беру
үшін қажетті мəліметтерді жинау жəне оларды талдауға қолдау көрсету. Зерттеу
əдістері - зерттеу мақсатына жауап беру үшін қажетті мəліметтерді жинау жəне оларды
талдауға қолдау көрсету.
2)Ғылым əдіснамасы - бұл ғылымның жүйелік түрлерін, əдістерін жəне олардың
қолданылуын анықтауға арналған құжаттың толық нұсқасы. Ғылыми-зерттеу əдістері -
бұл ғылымның əдістерінің жиынтығындағы əдістер жиынтығы.
3)Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми
танымның тəсілі немесе ғылыми əдістің өзі болып табылады. Əдіс – бұл белгілі бір
қорытындыға жетуге көмектесетін əрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның
негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның əдісін циркульмен салыстырған. Əрбір
адамның ойлау қабілетінің деңгейі əртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке
жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми əдіс
осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, əдіс адамдардың мүмкіндіктерін
теңестіріп қана қоймай, олардың іс - əрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің
ұқсас нəтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын əдістердің
жиынтығына негізделген. Осыған қоса əрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге
ғана емес, сол объектіге сəйкес арнаулы əдіске де ие болады.Зерттелетін заттардың
əртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның
методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы
методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда
қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың
пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Əлеуметтік
танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пəннің өзіндегі
айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) əлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы
нəтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға əкеліп
соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану
ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, əлеуметтік танымда ондай
емес. Сондықтан, əлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай,
сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді.
Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі.
Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тəн ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану жəне гуманитарлық ғылымдардың
методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың
негізгі жəне қағидалық айырмашылықтары əлі де сақталуда.
Ғылыми əдістер эмпирикалық жəне теориялық əдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық əдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мəліметті табиғи жəне жасанды тілдің көмегімен
бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тəжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына
байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми əдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын
абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дəлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дəлелдеуді қажет
етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік əдіс – нəтижесінде эмпирикалық фактілер
тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін
жасау.
Зерттеу əдістерінің классификациясы аса күрделі мəселе болғанның өзінде де,
дəстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми жəне жеке ғылыми
əдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми əдістер барлық ғылым салаларына тəн
жəне оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық əдістерді,
яғни: бақылау мен тəжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен
дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық əдіс, т.б.
біріктіреді. Интерғылыми əдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу,
ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми əдістердің көптеген
ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми əдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге
(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне жəне т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен
қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік
беретін ойлау əдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін
зертеу мен талқылау əдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау
əдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы
туралы айтуға үмкіндік беретін таным əдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның
бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға:
тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия жəне т.б
- классификация- зерттелетін пəннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша
түрлі топтарға бөлу (əсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б.
ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми əдістер қолданылады:
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың
ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа
аймаққа ауысуы;
• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар
мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды,
көрсеткіштерді табу;
• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық,
информациялық жəне графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген
түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті
жақтарының дəлме – дəл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің
тарихи дамуын зерттеу, яғни оның əртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының
динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі əдістерді қолданады:
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді
алып тастау;
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни
жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.Жоғарыда айтылып
өткен əдістердің немесе тəсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін,
дəлділігі мен дəйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті
зерттеуде жоғары нəтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану
ғана тиімді бола алады.Ғылыми танымның логикасы мен парадигмаларыЗерттеу
құралдарына түрлі процедуралар, əдістер, тəсілдер, методикалар, жүйелер мен
методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Əдіс -
зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше
метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға
негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын
қамтамасыз ететін іс-əрекеттердің жиынтығы. Тəсіл – күрделі əдіс болып табылады, ол
зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы əдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе
бірнеше əдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың
жиынтығына негізделген əдістер. Методология - зерттеу əдістері, жүйелері мен
методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді
зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.Ғылыми
танымның нəтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі
бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң
логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген.
Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не
Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония -
түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз
жүретін күрделі үрдіс. Əрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер
жүйесі болып табылады.Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің
жай жиынтығы емес. Фактілерді əдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге
тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ
немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде
Ньютонның аспан жəне жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені,
бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дəл
осылай, электрлік, магниттік, оптикалық жəне радиотолқындық процестерді зерттеуші
барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына
сүйенді.Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген
америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы
парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа,
терең жəне күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның
дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
- қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы
мəселелерді шешуге пайдаланаған;
-экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.
Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай
байланысы ж
4)Əдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың,
əдістер мен тəсілдердің жиынтығы; Əдіснама философиялық, жалпы ғылымилық,
нақты-ғылымилық жəне технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевски, В.
А. Сластенин). Əдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар,
күрделі жүйені құрайды.
Əдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері
мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі
əдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Əдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пəндерде
(салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады.
Əдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез – келген арнайы ғылыми пəнде (салада)
қолданылатын зерттеу əдістері, принциптері жəне шараларының жиынтығы.
Педагогиканың əдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайылықты көрсете - тін
педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары жəне
көзқарастарының принциптері туралыбілім жүйесі, сонымен қатар осындай білім
алудың жəне зерттеу жұмыстарының бағдарламасын, логикасын, əдістерін, сапасын
бағалауды негіздеу əрекетінің жүйесі.
Əдіснаманың технологиялық деңгейі (зерттеу əдіснамасы) зерттеудің əдістемесі мен
техникасынан тұрады, яғни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық
материалды алуды жəне оның бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар
жиынтығы.
Чехтың педагог – зерттеушісі Яна Скалкова былай деп тұжырымдайды: «Педагогика
əдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы туралы білім беру жүйесін
ұсынады». Мұндай педагогика əдіснамасының ұсынысы толық бола алмайды. Мəнін
ашып түсіндіру үшін педагогика əдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл
бөлуіміз керек.
оқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мəнінде,
парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау
сияқты процестердің ғылымның кəдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын
байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне
үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың
тарапынан қарсылыққа кездесті.
Достарыңызбен бөлісу: |