Экономикалық және саяси географиясының теориясы мен методологиясы, экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері және методологиясы



Дата19.04.2023
өлшемі14,74 Kb.
#84191

Экономикалық және саяси географиясының теориясы мен методологиясы, экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері және методологиясы

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілімі.


Экономикалық процестері танып – білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласы, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық үлгі (модель) жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз – зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан – жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады.
Географиялық зерттеу әдістері, географиялық зерттеу әдістемесі –
1) жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);
2) нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалыкэкономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);
3) ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);
4) ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);
5) алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет