№10 дәріс: Бірге жазылатын сөздердің емлесі. Бөлек жазылатын сөздердің емлесі Қарастырылатын сұрақтар: 1.Сөз тіркестерінің емлесі.
2. Күрделі сан есімдердің емлесі.
3.Күрделі сын есімдердің емлесі.
4. Құрама етістіктердің емлесі.
5. Идиомалық тіркестердің емлесі.
6.Екі түбірден құралған зат пен ұғым атауларының емлесі. Заттың, ұғымның атауына айналған күрделі сөздердің емлесі. Қосымшалы күрделі атаулардың емлесі.
§23. Алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болатын сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, jylqy etі, sıyr etі, temir kúrek, tas eden, bas qyzmetker, keń saraı, egemen el, resmı habar, bas ınjener.
§24. Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń toǵyz júz elý úsh, tórt mıllıart, jıyrma úsh bútin onnan bir.
§25. Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.
§26. Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, jumys qylý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.
§27. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, pen, qoı, ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn; sabaqtan keıin, kezdeskennen keıin; budan buryn, ákeden buryn; jınalysqa deıin, keshke deıin, túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter; aıta ǵoı, kóre ǵoı; ol da,men de; qaryndash ta, úkimet te; Bar ma? Sóıleı me? Suraq pa? Kóp pe? Az ba? Kem be? Sen she?
Е с к е р т у. Ma (me, ba, be, pa, pe) сұраулық шылауы түбір сөз бен қосымша арасында қолданылғанда my (mi, by, bi, py, pi) болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады: Baramysyń? Kelemisiń? Sultanbysyń? Tólenbisiń? Qazaqpysyń? О́ zbekpisiń?
§28. Da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: ý da shý, as ta tók, ur da jyq, qara da tur, kir de shyq. Бірақ -лық қосымшасымен келгенде бірге жазылады: urdajyqtyq, astatóktik.
§29. Негізгі сөзге тіркескен алды, арты, асты, үсті, қасы, маңы, жаны, іші, сырты, басы, тұсы, шеті, бойы сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, mektep qasynda, qala mańy, bazar janynda, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.
Е с к е р т у. Көмекші есімдермен тіркесіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.
§30. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, baǵy jandy, ıek artty, bas tartty, bet burdy, qol jalǵady, qol ushyn berdi, ıin tires, qyrǵı qabaq.