10. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Бірнешеуіне түсініктеме беріңіз



Дата24.12.2022
өлшемі152,47 Kb.
#59422
түріСабақ

10. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Бірнешеуіне түсініктеме беріңіз.
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты. 
Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, дұрыс көзқарасты қалыптастыруда сабақтан тыс кезде өткітілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері артады. 
Тәрбие формасы- бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары:
- Шағын
- Топтық
- Жеке
- Топтық(ұжымдық)
- Бұқаралық

11. Сынып жетекшісінің педагогикалық қызметі.
Сынып жетекші - сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. 
Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:
- Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру;
- Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру;
- Мектеппен отбасының байланысын жасау.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсеңді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау.

12. Педагогикалық диагностиканың қызметін түсіндіріңіз.
Диагностика – объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі.
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің , көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
- Жүйелілігі
- Объективтілігі
- Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
-Талдамалы қызмет
-Жеке диагностикалық қызмет
-Бағалаушылық қызмет
-Коррекционалдық қызмет
-Бағытталған қызмет
-Ақпараттық қызмет
13. Тәрбие әдісінің негізгі түрлері. Бірнешеуіне түсініктеме беріңіз.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс — әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принсиптеріне және мазмұнына , балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне , олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты.
Тәрбие әдісінің негізгі түрлері:
• Сендіру әдісі – сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция; бұл ең жетекші әдіс.
Практикалық әдіс – жағымды мінез-құлыққа жатықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық-азаматтық, пионерлік тапсырмалар беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияларға қатыстыруға тапсырмалар беру.
• Ынталандыру әдісі – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды»,- дейді. «Менің атым – Қожа» балалар киносында Қожаның айна алдына отырып, өзіне-өзі бұйрық беруі.
14. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістері.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс.
15. Тәрбиенің бағыттары.Кластерге жазу арқылы түсіндіріңіз.


16. Ұжымдық іс-әрекеттер және олардың орындалу барысы. Түсініктеме беріңіз.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - әрбір оқушы субъектілік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік алатын мұғалім ұйымдастырған оқушылардың бірлескен іс-әрекеті. Сынып ұжымын ұйымдастыру формасы жеке топ және
ұжымдық шығармашылық әрекеті түрінде атқарылады.
Ұжымдык шығармашылық форма - оған қатысушы
жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге
асады Ол үшін:
• қатысушының қызуғышылығы және қажеттілігі ескерілуі керек;
• жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық
мақсатка қарама-қайшы келмеуі тиіс;
• үжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс.
Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады.
1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді.
2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай онын
шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады.
3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылып, қажет
болған жағдайда түзетулер енгізеді.
5. Шараның нәтижесін қорытындылау. Шараны өткізіп болғаннан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленді, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді.
17. Сынып сағатының бағыттаушылық қызметі.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық.
Бағыттаушылық қызметі
оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі.
18. Мектептен тыс мекемелер, олардың қызметі. Кластерге жазу арқылы түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет