11. Студенттердің конференция материалдарын шығару үшін баспаханаға өтінім жазыңыз. 12. Тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз



Дата17.03.2023
өлшемі16,8 Kb.
#75111

Тапсырма 7. Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі 

Тапсырмалар: Өз нұсқаңыз бойынша орындаңыз.


1.Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алғандығыңыз туралы қолхат жазыңыз.
2.Наурыз айындағы шәкіртақыны балалар қорына аударғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
3.Өзіңіздің көршіңіз А.Е. Еркіновтен 10 күнге 20000 (жиырма мың) теңге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
4.Ініңіз Е. Болатұлына «Мерседес» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз.
5.Жандос Айтбайұлына өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
6.Талғар күре жолы бойындағы саяжайыңызды балаңыздың сатуына және сіз үшін қол қоюына рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
7.Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техникалық құжатын (техпаспортын) жасатуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
8.«Атамұра» баспасынан шыққан кітаптарды ініңізге өзіңіздің атыңыздан алуға рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
9.Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан спорттық жарысқа қатысатын студентті сабақтан босату туралы Оқу ісі жөніндегі проректордың атына өтінім жазыңыз.
10.Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан тиісті орынға спорт жабдықтарын сұрап өтінім жазыңыз.
11.Студенттердің конференция материалдарын шығару үшін баспаханаға өтінім жазыңыз.
12.Тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз.
13.Тұрғын үйді сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
14.Тұрғын үйді ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
15.Жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
16.Жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
17.Жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз.
18.Автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
19.Автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
20.Автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
21.Пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
22.Айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
23.Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын деректер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат үлгісін жазыңыз.
24.Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.
25.«РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға ресми хат үлгісін жазыңыз.
26.Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақта болмағандарын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз.
27.Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
28.Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына қаладағы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
29.Кітапхана меңгерушісінің атынан ұйым басшысының атына қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
30.Топ басшысы ретінде мұғалімге сабақта болмаған оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, сағат санын көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
31.М.Әуезов атындағы қазақ драма театры Жеңіс күнінің 65 жылдығы мерейтойына арналған концерт өткізетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.
32.Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болатындығы туралы ақпарат хат құрастырыңыз.
33.Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 2023 жылдың наурыз айында «Қазіргі білім беру және оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілмекші. Осы жағдайға орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
34.Облыстық іскер әйелдер қоғамының ұйымдастыруымен «Әйел және іскерлік әлемі» атты дөңгелек үстел өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты күнін, өткізілетін орнын, қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
35.«Жұлдыз» республикалық дарынды балалардың орталығында нақты ғылымдардан республикалық олимпиада өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты олимпиаданың күнін, орнын, пәндердің тізімдемесін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
36.«Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
37.«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президентінің атынан Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, профессор Е.Қ.Бейсембетовті университеттің құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаңыз.
38.Мәжіліс, жиналыстарға байланысты хабарландыруға жағдаят: Жылдық есепті талқылау, келесі жылға арналған жылдық жоспарды бекіту жөнінде өткізілетін бөлім мәжілісіне хабарландыру дайындаңыз.
39.Мәдени шараларға байланысты хабарландыруға жағдаят: Студенттердің жетім балаларға көмек ретінде «Тәттілер жәрмеңкесі» ісшарасының ұйымдастырылатыны туралы хабарландыру дайындаңыз.
40.Жылжымайтын мүлікті, құнды заттарды сатуға байланысты хабарландыруға: бір қаладан екінші қалаға пәтеріңізді ауыстыру туралы хабарландыру үлгісін дайындаңыз.
41.Халықаралық Бизнес Академиясы Қаржы-экономика факультетінің 1 курсында оқитын Қойшыбеков Бөгенбай Нәбиұлына Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқитын жерінен алған анықтама үлгісін жасаңыз.
42. Ақшабаев Серіктің Өскемен қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 18 үй, 47 пәтерде тұратынын растап анықтама жазыңыз.
43.Әскери комиссариатқа өткізу үшін Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультетінің 1 курс студенті Омаров Олжасқа анықтама жазыңыз.
44.Студенттер басқармасы президенттігіне үміткерлер дебатын ұйымдастыру туралы Студенттік басқарма өткізген мәжілістің хаттама мәтінін құрастырыңыз.
45.Жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу туралы тұрғындар жиналысының хаттама мәтінін құрастырыңыз.
46.Салық полициясы комитетіне «программист» ретінде жұмысқа орналасуға үміткер ретінде түйіндеме жазыңыз.
47.«Каспий» банкіне «қаржыгер» болып орналасу үшін түйіндеме жазыңыз.
48.Денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
49.Отбасы жағдайыңызға байланысты кезектен тыс демалыс сұрап, өтініш жазыңыз.
50.Кезекті еңбек демалысын алу туралы өтініш жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет