1.Лекция тақырыбы: Тілдің эстетикалық қызметін меңгерту арқылы оқу мотивтерін қалыптастыру
2.Лекция жоспары: 1. Тілдің эстетикалық қызметі: тіл және эстетика
2.Сөйлесім түрлері
3. Дәрістің күтілетін нәтижесі: Білімгерлер тілдің эстетикалық қызметін меңгеру арқылы оқу мотивтерін қалыптастырады. Қазақ тілі – тек қатынас құралы ғана емес, қазақ ұланын қазақ халқының өкілі етіп тәрбиелейтін рухани, психологиялық, эстетикалық құралы екендігін түсінеді.
4.Лекция мазмұны:Сөздің сыртқы түрі мен оның ішкі мағынасының бірлігін, сөздің түрлену заңдылықтарын саналы меңгерген балаға сөйлем, сөйлемнің құрылымдық жүйесі, оның түрлері туралы білім беретін синтаксис саласын оқу қиынға түспейді. Өз ойын нақты, ой ағымдарын бір-бірімен сабақтастыра жеткізуде сөйлемдерін дұрыс құрау арқылы тілдік дағдылары пысықталып, стиль жөніндегі түсініктері де кеңейтіледі. «Тіл мәдениетіне жетік болу – тек көп сөз білу емес, сол сөздерді орынды жұмсай білу. ол үшін сөз мағыналарын, мәндес сыңарларының бояу-нақыш ерекшеліктерін, әдеби, әдеби емес, еркін, тұрақты тіркес құрамына ену мүмкіншіліктерін ақсы білу керек» [1, 14-б]. Тілдік грамматикалық ережелерінің мәнін түсінген баланың әр бағыттағы жаттығулармен өздік, шығармашылық тапсырмаларды орындау үлгісінде тілдік қабілеті ұштала түседі. Тілдік ұғымдар туралы саналы түсінік кеңейе келе, оқу мативтері де тереңдей береді.
Ана тіліне оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір жолы – тілдің эстетикалық қызметіне көп көңіл бөліп отыру. Тілге деген эстетикалық сезім, эстетикалық қатынас қалай тәрбиеленеді? ол үшін бала өз тілінің әсемдігін, мәнерлілігін, байлығын сезіне білуі қажет. Әр бір тілдік единицаны оқытқанда, оқу мативтері негізінде біз оның осы қырларына да назар аударып отырдық.
«Қазақ тілі – тек қатынас құралы ғана емес, қазақ ұланын қазақ халқының өкілі етіп тәрбиелейтін рухани, психологиялық, эстетикалық құралы» [2,4-б]болуы үшін бүгінгі қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бірі болып саналатын оұушының ана тілге деген сүйіспеншілігін ояту, тілді құрметтеу сезімін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін де қазақ тілінің өзіне тән өрнек бояуларын, мол қазына байлығын таныту алғашқы кезекте тұр. әсіресе, жаңа дәуірдің бір көрінісі іспетті тілімздегі көне атаулар тілдік қатарға қосылып, кезінде талғаусыз, тасқын судай қаптаған шет тілінен енген сөздердің ығысып, төл атаулармен алмасып жатқан тұсында пән мұғалімінің дұрыс бағыт-бағдар бере білу шеберлігі үлкен рөл атқарады. Бұл орайда, пәнге саналы көзқарас қалыптастыруға себеп болатын факторлардың бірі – оқушыға ұсынылатын дидактикалық материалдарды дұрыс іріктеу.
Эстетикалық талғам – әсемдікті ажыратудағы адамның сезімталдығы. Бұл тіл сабақтарында да көркем өнер туындыларын қажетті жерінде дұрыс пайдаланудың тиімділігіне көрсетеді. Өнер туындысындағы сұлулықты сөзбен суреттеу, оның жетістіктерін сөзбен сомау арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру да мүмкін болады. Ал ең бастысы, баланың дүние танымы кеңейе отырып, тілдік қабілеті де артады. Қажетті сөзді сұрыптау барысында тілдік талғамы жетілдіріледі. Мұндай жұмыстар пәнге матив қалыптастыруға ықпал етті.
Эстетикалық талғам қалыптастыруға негіз болатын практикалық жұмыстардың ажырамас үш қыры бар: / орфографиялық және пунктуациялық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; 2/ оқушыларға әдеби тіл нормасын игерту; 3/ оқушының өз ойын нақты , дәл байланыстыра айта білу қабілетін дамыту.
Сауатты жазу – жазба тіл мәдениетінің маңызды бір элементі болғандықтан, оған қажетті іскелік дағдыларды: практикалық тұрғыдан сөздерді дұрыс пайдалан білуге баулу бір тұтас жүйелі жұмыс үстінде жүзеге асырылды. Әдеби тіл нормасын игеру де фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларды танумен, игерумен байланысты. Солар арқылы оқушының байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға жол ашылды.
Тіл мәдениетін жетілдіру үшін орфография мен орфоэпияның мәнін білу қаншалықты маңызды болса, сөздің лексикалық мағынасын білумен бірге сол сөздің грамматикалық, стильдік қолданыстарын дөп басып ажырата алу соншалықты мәнді.
Оқушының осы түсінік-ұғымдарының нақты жұмыс, әрекет үстінде жүйелі практикалық дағдыда айналуы үшін олардың әдеби тіл нормаларымен сәйкестігіне үнемі назар аударылып отырылды. Әрине, бұл нормалар жеке-дара қолданылмайды, олар бір обьектіге әртүрлі қырынан қойылатын талаптарды ұштастыруға қолайлы. Оқушылардың тілдік қабілеттерін шыңдауда бұл жүйе жан-жақты жүргізіліп, анық, айқын түсіндірілді. Өйткені қазақ тілінің ой-пікір білдіруінің пішіндік, мазмұндық құрылымында өзіндік ерекше сипат бар. Баланың сөйлеген сөзінде, иә жазған жұмысында бір сөздің әлденеше қайталануы, ойдың жалаң формация түрінде жеткізілуі, тіл көркемдігінің ескерілмеуі сөздің әсерлілігін төмендетеді. Сондықтан айтар ойдың нақтылығы мен жүйелілігіне қоса оның мазмұндық сипаттарының ажарлы тілмен берілуін ескерген ләзім.
Балаға пәннің қажеттілігін сезіндіруде біз Ж.Аймауытов ұсынған әдістерді де қолдандық. Мәселен, «оқушының» пәнге көзқарасын өзгертетін, оларды белсенді жұмыс істеуге жұмылдыратын бір жол – баланың қытығына тиіп, тентектігін қоздыру секілді оны қиын халдан жеңіп шығуға итермелейтін күштерді/ мотивтерді/ ояту» [3, 74-б]. Бұл жердегі жеңістің оқушының өз мүмкіндігін шамалап, бағалауына, өз әрекетін ұйымдастыруына түрткі болатыны ескерілуі тиіс. Оқыту үдерісінде мұндай әдістің орынды қолданылуы ерекше серпін туғызды. Ана тіліміздің қадірі арқанмен, оның әлі де кең қанат жая алмай отырғандығы жасөспірімдердің өз тіліне деген немқұрайлылығының тууына соқтырып отырғаны ащы шындық. Ол, әсіресе қала мектептерінде белең алған келеңсіз құбылыс. Сондықтан бұл тәсіл балалардың намысын жонуға әсер етті. Бұл әрдайым грамматикалық тақырыптарды бекіту барысында мысалдарды балалардың өзіне ойлатуды әдетке айналдырдық. Сонда тек тіл объектісін қамтуды көздеген қарапайым мысалдарға дер кезінде ескеру жасалып, түзетіліп отырды. Қай ортада, қандай жағдайда болмасын ойыңды анық, жүйелі, көркем тілмен айтудың тек білімділік нышаны емес, парыз екенін ескерте отырып, «Ендігі жерде – қазыналы тіліміздің иесі де, жоқтаушысы да сендерсіңдер» дегендей ой салмағын оқушының өзіне қарай аудару, ары қарай жүргізілетін жұмыстарға игі әсерін тигізді. Балалрдың дамуына осындай әрекеттердің мәніне назар аудару арқылы ден қойғызу маңызды шарт. /4/
Тіліміздің көркемдігі туралы қайта-қайта айта беру де ұтымды емес. Мұндай әдіс жиі қайталана берсе де бала құрғақ уағыздан шаршап, қайта жерініп кетеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар түрлендіріліп, бір-біріне сабақтасып, ойын элементтерімен де үйлестіріліп, жалғаса жүргізілгенде нәтиже бермек. Ең әуелі әсерлі әңгімеден есті бала біршама ой түйеді. Одан кейінгі сабақтарда ана тілінің құдіреті, сұлулығы, байлығы, өзіне тән ерекшеліктері туралы даналар айтқан сөздерді дидактикалық материал ретінде орынды кірістіру және тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарының мазмұны арқылы саналы түсінікке қол жеткізуге болады. Балаларға сөйлем құратқанда екі-үш тірек сөздерді ұсынып, соны кеңейтіп жазуды тапсыру – олардың ойлау қабілетін, әсем сөйлеуге құштарлығын өсірудің шарты. Мысалы, «етістікті» өткенде «Болат», «көл жағасы» деген сөздерді қатыстырып, өзі қалаған етістіктермен тіркестіріп, сөйлем құрауға тапсырма берілді. Оқушылар бұл тапсырманы аса ыждағаттылықпен, қызығушылықпен орындады. Олардың құраған сөйлемдерінің құрылысы да, айтатын ойы да күрделеніп дамығандығы аңғарылады.
Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу мәселесі тәуелсіз елдің болашағы, ана тілімен де қатысты екендігін оқушының қаншалықты түсінуімен байланысты. Оқушы өз тілін сүю, құрметтеу арқылы Отанын, елін сүюге, қорғауға үйренеді. Өз тілінің қасиетін таныған ұлан ғана өзге халықтың да тілін құрметтей алады, барлық тілдің теңдігін түсіне алады. Бұл ұғым да оқушының білім, көзқарасының үзілмес тініне айналу шарт.
Мұның қай-қайсысы да ана тілінің жекепәндік, арнайы міндеттеріне қатысты болса, екіншіден, сол міндеттер арқылы тілдің жалпыдидактикалық мақсаты айқындалады. Оқушыларды тәрбиелеу олардың логикалық ойлауын дамыту ана тілінен білімдерін өз беттерінше толықтыруға үйретуге негізделді. Мұнда сөйлеудің тамаша үлгілерін, шешендік сөздерді таңдаттық. Мәтіндегі ой ағымы мен сөз өрнегінің бірлігі неде, осы сөздердің әсерлілігі қандай? Олардың қарапайым сөз түріндегі нұсқасын қалай түзуге болады? Екі нұсқаның қайсысы несімен артық деп ойлайсыңдар?деген тұрғыда талдау жасатып, талқылау баланы еріксіз ойландырады, оның тіл туралы түсінігі кеңейе бастайды. Бұл мұғалімдердің ізденіп, қосымша ақпарат көздерін тауып отыруын қажет етеді. Мәселен, мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерге дұрыс талдау жасауға үйрету үшін «Б.Адамбаевтың «Халық даналығы», С.Мұқановтың «Қазақ қауымы» т.б секілді еңбектері, сөз тарихынан хабардар ету барысында Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», еңбектерін, сөйлеу, тіл мәдениетін жетік меңгеруге септесетін М.Балақаевтың «Қазақ тілінің мәдениеті», Н.Уәлиевтің «Сөз мәдениеті» т.б. қосымша материалдармен танысу тек мұғалімдердің емес, оқушының да қажеттігін өтейтін маңызды дүниелер.
Қазіргі оқытудағы жаңа талап – оқушыны іздендіру, өздігінен білім алуға үйрету. Оқулықта берілген мағұлматтарды, әсіресе, ана тілінің айрықша қасиеттерін тереңдей тануға көмектесетін, оқушы ойына қозғау салып, пәнге қызықтыратын танымдық пайдасы мол мұндай еңбектердің берері көп.
Оқушының танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторы ретінде оқушыларға қойылатын талап пен олардың қабілеттерінің сәйкес болуы; оқу үдерісінде баланың өз әрекетіне қанағаттануы; мұғалімнің энтузиазмы; оқушылардың өз мүмкіндігін сезінуі; оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі т.б. аталады. Сонымен қатар, бұл факторлар оқу мативтерінің өрісін де кеңейтіп, шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Мотивтің тууы бала бойындағы қабілетті оятуға алғышарт ретінде қатысады [5, 124-б]. Қабілеттілікті тәрбиелеудің жолдары: 1-жолы – сабақты қызықты беру – оқушыларды ықыластандыру, зейінін аудару, терең ойлауға жетелеу; 2-жолы – оқу үдерісінде жіберген қателерін ескерусіз қалдырмай, талдап-талқылап, оқушының өзіне түсіндіріп көрсету /6/. Бұл оқу әрекетін дамытуда оқушының танымдық, яғни когнетивтік қасиеттері мен мотивациялық алғышарттың бір-бірінен тығыз байланыста жүзеге асатынын айғақтайды.
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың бір жолы – «пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалдың оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады» /36, 149/. Мұнда білімді меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру арқылы грамматикалқыы ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын балаға өзіндік ой қорытындылары арқылы түйіндету мақсаты көзделді. Мұндай сабақтар алдын-ала жоспарланып, онда мынадай міндеттер белгіленеді:
- Грамматикалық материалды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдып,
өнімді әрі баланың қабылдауына, ақыл-ойына қонымды болуын қарастыру;
- Меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін
оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру. Бұл жағдайда – «мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету» /Эльконин/, «оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу» /Гальперин/ болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері тапты. Бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталды.
Тіл сабақтарында эвристикалық мұндай тәсілдерді тілдік атау – терминдерге көңіл бөліп, оның мағынасын, мәнін ашу арқылы түсіндіруде, тілді саналы меңгертуде қолдануға мүмкіндік мол.
Бақылау эксперименті нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының көбінде формальді түрде өтуінің, оқушылар үшін қызықсыз да жалаң күйге түсуінің бір себебі балардың пән объектілерін дұрыс түсінбеуінде екені анықталды. Көбінесе, тілдік терминдер мен атауларды түсіндіруде мұғалімдердің оқулықта берілген дайын ережелерді жаттатудан аспай, ал сол терминдердің ішкі мәнін назардан тыс қалдаратыны байқалады. Қазақ тілі әдістемесінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсыновтардан бері қарай жалғасып келе жатқан төл терминдердің өзі анықтайтын тілдік құбылыстармен табиғи байланысы жөнінде оқушыға дұрыс бағы берілмеуінің салдарынан балалардың тілдік фактілерді жиі шатастыратыны, тіпті кейде мүлде ұғына алмауы да бой көрсетіп қалады. Сондықтан қазақ тілін саналы меңгетудің бір жолы ретінде /оқушына қызықтырудың негізгі факторы/ осы терминдердің мағынасы мен сол арқылы анықталатын тілдік ұғымның ішкі ерекшеліктерін сабақтастырып игерту алынды.
Қазақ тіліндегі төл атаулардың қай-қайсысы да балаға сол құбылыстың даралық сипатын дұрыс танып, тез ажыраты білуге бағыт беретінін мұғалім әрқашан ескеріп отырса, теориялық мәселе баланың білімін кеңейтуге ғана емес, оның танымдық өрісін де өсіруге көмектеседі. Сонымен қатар бұл жалаң грамматикадан аралып, оқушылардың тілдің ұғымдарын тереңдетудің бір шарты болып есептеледі. Мысалы, «түбір», «қосымша», «зат есім», «үстеу», «еліктеуіш сөздер», «шылау» тағы басқаларды, тіпті жеті септіктің мағынасын, сұрақтарын оның атына қарап ажыратуға да саналы түрде үйретуге болады. Мектеп тәжірибесінде балалар бұл септіктерді автоматты түрде жаттап алумен шектеліп жатады. Эксперимент барысында терминдердің әрбірінің мағынасын ашып, түсіндіруге бағытталған жұмыс нәтижесінде грамматикалық категорияларды оқушы еш қимылсыз меңгеретініне көз жеткізілді. Мәселен, атау септік – тек заттың, құбылыстың атын атау; ілік септік – бір заттың, қимылдың иесі кім екенін білдіреді / ілік - иелік деген сөздің мәнін береді/ ; барыс септік – әрекеттің барысын, бағытын білдіреді/ бару – қайда бару, неге бару, кімге бару/; табыс септік – тап деген ұғыммен қатысты / нені табу, кімді табу/; жатыс – жатыр – қайда, неде, кімде жатыр; шығыс – шықты - неден, кімнен, қайдан шықты; көмектес – кіммен, немен, қалай көмектесті; деген сипатта түсінік беру бұл жүйені әрі тез, әрі жеңіл, әрі сапалы меңгеруге септеседі, екінші жағынан пәнді оқытудағы мұндай бағыт оқушына еліктіріп, сабақты тартымды етті. Бұл тәсілдің баланың ойына қозғау салатыны тіл туралы білімді терең меңгеруге жетелейтіні анықталды. Ал, қандай да болмысын оқушының ынтасын арттыратын факторлар оқу мотивін айналып өте алмасы анық.
Тілдік терминді саналы игертуге септескен бір сабақ үлгісін келтірейік. Сөйлем мүшелері тақырыбын түсіндіруге тақтаға «Балалар мектепке қарай кетті» деген сөйлем жазып, сұрақ-жауап әдісімен оқушылардың зейінін аудардық.
- Бұл не?
- Сөйлем
- Сазына қарай қандай сөйлем?
- Хабарлы сөйлем, өйткені онда ой хабар түрінде айтылып тұр, соңына нүкте қойылған.
- Жақсы осы сөйлем құрамында неше сөз бар?
- Төрт сөз бар.
- Олай болса, бір тиянақты ойды білдіретін сөйлем бірнеше сөзден құралады. Сол сөйлем құрамындағы сөздер сөйлемнің мүшелері деп саналады. Мысалы, осы сыныптағы әр оқушы 5а сыныбының мүшесісіңдер ғой. Бұл сөздер де сол секілді. Дгенмен сөйлемге енген сөздің бәрі сөйлем мүшесі бола алмайды. Сендер соны өздерің анықтап, сөйлем мүшесі деген ұғымды қорыта айтып көірңдер. Ең әуелі, мен осы сөйлемдегі сөйлем мүшесі болатын сөздердің астын сызамын. Кетті – не істеді баяндауыш /сөйлемнің ең бірінші баяндауышының табу қажеттігін ескерте кеттім/, кімдер кетті? Балалар – бастауыш; балалар қайда кетті? – мектепке қарай – пысықтауыш деп түсіндіремін. Проблемалық сұрақ: Осы сөйлемде төрт сөз болғанмен, үш сөйлем мүшесі ғана бар екені анықталды. Осыны өздерің ойланып сөйлем мүшесі болу үшін қандай шарттар қажеттігін анықтаңдар.
Балалар әр сөзге тоқтала отырып мынадай талдау жасады /егер қажет болса жетектеу үшін сұрақтар қоюға да болады/:
сөйлем ішінде тұр
Балалар кімдер деген сұраққа жауап береді
көп бала деген ұғымды білдіреді
сөйлем ішінде тұр
мектепке оқу мекемесі дегенді білдіреді
қайда деген сұраққа жауап береді
сөйлем ішінде тұр
қарай мағынасы жоқ
сұраққа жауап бере аламайды
сөйлем ішінде тұр
кетті іс-әрекетті білдіреді
не істеді? деген сұраққа жауап береді
Осы белгілеріне қарай отырып, балалар «сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем ішінде тұрып, белігілі бір сұраққа жауап беретін толық мағынасы бар сөз» деп ереже шығарады. Ал осы шарттың бірі кем болса, ол сөз сөйлем мүшесі бола алмайтынын «қарай» сөйлем ішінде тұрғанмен, толық мағынасы жоқ әрі сұраққа жауап бермейтіндіктен» деп қорытады.