Б е р е к е . Б і р л і к . Ы н т ы м а қ .
Сырдария ауданының қоғамдық - саяси басылымы
газет 1939 жылдың 26 наурызынан шығады
№13 (8320)
18 ақпан, сәрсенбі, 2015 жыл
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ
70 ЖЫЛДЫҒЫНА
80 КҮН ҚАЛДЫ
Кездескенде бір-біріне «мал-жан аман ба?»- деп амандық
сұрасатын қазақ емеспіз бе. «Малдының беті жарық, малсыздың беті
көн шарық» деп мақалдатқан да ата-бабамыз. Қазіргі таңда ауылдағы
халықтың негізгі күнкөрісі – төрт-түлік мал. Онсыз қазіргі нарық за-
манында өмір сүру қиынға түспек. Осы ауылдағы жұрттың жайын
ойлаған жиын болып өтті жақында кент мәдениет үйінде. Бұл алқалы
басқосуды облыстық прокуратураның бастамасымен аудандық про-
куратура ұжымы және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы
ұйымдастырды. Аталмыш семинар-кеңес «Мал – баққанға бітеді» де-
ген көпшілікті шаруагерлікке шақыратын тақырыппен өткізілді.
Жиынды аудан прокуроры А.Б.Тәженов ашып жүргізді. Асхат
Бисенбайұлы бүгінгі күннің өзекті мәселесі мал ұрлығына қатысты
аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды, бұл саладағы
кемшіліктерді көрсетіп, қайткенде оған тосқауыл қоюға болатынына
нақты құқықтық сараптама жасады.
-Бүгінде мал ұрлығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.
Қылмыстық қол сұғушылық нәтижесінде мал өсірумен айналыса-
тын шаруалар мен шаруашылықтарға орасан зор мүліктік шығын
келтірілуде,- деді аудан прокуроры.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан көлемінде барлығы
60 мыңнан астам төрт-түлік мал тіркелген. Оның 27 мыңнан астамы
сиыр, 10 мыңға жуығы жылқы және 24 мыңнан астамы қой-ешкі. 2014
жылдың өзінде ұрылар 63 бас сиыр, 166 бас жылқы және 35 майда мал
ұрлап, келтірілген мүліктік шығын 32 млн. теңгеден асады. Сырдария
ауданының өңірі географиялық ерекшелігіне орай облыс орталығына
ең жақын орналасуына байланысты ұрыларға мал еттерін сауда орын-
дарына жылдам жеткізуге қолайлылық тудыруда. Статистикалық
мәліметтерге қарағанда, аудан бойынша жыл сайын мал ұрлығының
тұрақты өсуі байқалуда. 2014 жылы барлығы 96 мал ұрлығы тіркеліп,
2013 (75) жылмен салыстырғанда қылмыс саны 21-ге немесе 22
пайызға өскен. 2015 жылдың осы бір жарым айға жуық мезгіл ішінде
16 қылмыс тіркелді. Бұл тұрғыда мал ұрлығы қылмысының ашы-
луы төмен деңгейде қалуда. Оған дәлел, 2014 жылы тіркелген 96
мал ұрлығы қылмыстарының 14-і (16) немесе бар болғаны 14,5 пай-
ыз (21пайыз) ашылған. 2014 жылы есепке алынған әрбір жетінші
мал ұрлығы қылмысы әшкереленбеген. Мал ұрлығының басым
көпшілігі Айдарлы (12), Қоғалыкөл (10), Тереңөзек (9), Жетікөл (7),
Бесарық (7) және Аманкелді (6) ауылдарында болып отыр. Тіркелген
96 қылмыстың 45 пайызы қала аумағына жақын орналасқан бір
бағыттағы бес елді-мекеннен ғана жасалғанын байқауға болады.
Осы тұрғыда ішкі істер органдарына осындай талдаулар жүргізіп,
қай елді-мекендердің қылмыстың орын алу ықтималдығы жоғары
екендігін айқындап, сол бағытта жұмысты жандандыру қажет. Бұл
арада қылмыспен күресудің орнына АІІБ-нің Айдарлы ауылының мал
жайылымында орын алған 5 қылмысты есептен жасырып қалғанын
атап өткен жөн. Мал ұрлықтарының көпшілігі (30) күз мезгілінде
қыркүйек-қараша айларында және жаз мезгілінде маусым-шілде (25)
айларында орын алған. Ашылған қылмыстың 5-і оқиға болған жерде
сойып, еттерін автокөліктерге тиеумен жасалса, 4-і малдарды айдап
әкету жолымен жүзеге асырылған.
Қылмысты ашуға қызметтік иттері бар кинологтар тартылмайды.
Тіпті, жекелеген қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерге тер-
геу тобы барып, қарау да жүргізілмейтіні жиі кездеседі. Атап айта-
тын болсақ, Қоғалыкөл ауылында 2014 жылдың желтоқсан айында
орын алған мал ұрлықтары бойынша тіркелген 10 қылмыстың 1-і ғана
әшкереленген. Сонымен қатар, ішкі істер органдары, ауылдық округ-
тер әкімдері және ауыл тұрғындарымен тығыз байланыстың орнатыл-
мауы байқалады. Қылмыстың алдын алу үшін бірлескен рейдтерді
тиісінше ұйымдастыру қолға алынбауда. Жергілікті учаскелік по-
лиция инспекторларымен мал ұрлығының алдын алып, оның жолын
кесудегі, оны дер кезінде есепке алу қызметтік міндеттерінің тиісінше
орындалмайтыны жасырын емес. Тәжірибе көрсеткендей, көп
жағдайларда қылмыскерлер ұрлаған малдарын немесе оның еттерін
Қызылорда қаласына апарып өткізеді.Алайда, қылмыстың алдын
алып, оны әшкерелеуде АІІБ мен ҚІІБ арасында өзара тығыз қарым-
қатынас жоқ. Осы объективті жағдайларды қылмыскерлер ұтымды
пайдаланып, іс жүзінде ешқандай кедергісіз оңай олжаға кенелуде.
Талдау барысы көрсеткендей, малдардың 90 пайызы өрістен, жайы-
лымнан ұрланатындығы айқындалуда. Мал ұрлығының жайылымнан
ұрлану деректерінің жылдан-жылға өсуіне субъективті жағдайлар да
өз әсерін тигізуде. Мысалы, ауыл тұрғындары меншігіндегі ірі қара
малдарын елді-мекендерден тысқары ауыл тұсында немесе одан алыс
жерлерде орналасқан мал жайылымына бақылаусыз жіберетіні жа-
сырын емес. Аталған санаттағы қылмыстарды зерттеу барысында
көбінесе елді-мекен тұрғындары малдарының қай уақытта, қай жайы-
лымнан жоғалғандығын немесе қашан қолды болғанын нақты білмей
жатады. Ол туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарла-
мауынан қылмыстың ізі суып, оны әшкерелеуде қиындықтар туын-
датады. Сонымен қатар, негізгі проблеманың бірі - елді-мекендерде
мал бағу ұйымдастырылмайды. Бұл ретте, мал ұрлығының алдын алу
тетіктерінің бірі ретінде ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Ауыл
шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы» ереже-талаптар
тиісінше орындалмауда. Бірақ, чиптау, таңба салу, жеке нөмір беру
өз деңгейінде ұйымдастырылмай отыр. Мал иелеріне ветеринарлық
анықтама берудің де тәртібі сақталмаған.
Егер де, әрбір малдың нақты есебі жүргізілетін болса, оған таңба
ұрылса, чип салынса, жапсырылса, паспорт берілсе, соған сәйкес ішкі
істер органдары қызметкерлері ветеринар мамандармен бірлесіп,
ұдайы рейдтік шаралар ұйымдастырса, әрбір күдікті автокөлік
тексерілсе, тиісті бақылау жүргізілсе, қылмыскерлер аяғын тартаты-
ны сөзсіз.
Аталмыш мәселені зерттеу барысында ауданымыздың кейбір
елді-мекендерінде мал ұрлығының алдын алу, оған жол бермеуде
бақташылар еңбегін ұйымдастыруда оң тәжірибе бар екендігін атап
өткен жөн. Мысалы, ең үлкен ауылдардың бірі ретінде есептелетін
Шаған елді-мекенінде 5 мыңға жуық халық тұрады. Олардың 810
отбасында мал ұстайтыны тіркелген. Учаскелік полиция инспекто-
ры жергілікті ауыл тұрғындарымен бірлесіп, сол мал жайылымға
баратын жерлерді айқындап, бір ғана жолмен баратындай етіп жа-
сап, бақылау шараларын орнатып отыр. Соның нәтижесінде, бұл ау-
ылда 2014 жылы 2-3 қылмыс қана тіркеліп, оның біреуі сол мезетте
ашылған. Осындай нәтижелі алдын алу шаралары Ақжарма ауылын-
да да орын алып отыр.
Мұнан соң, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы
С.С.Жұмағұловтың хабарламасы тыңдалды. Бөлім басшысының ба-
яндауынша, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылдың 12 айын-
да қылмыс санының азаюы байқалады. Өкінішке орай, бұл жағдай
мал ұрлығына қатысты болмай тұр. Алдыңғы жылмен (2013 - 74)
салыстырғанда өткен жылдың қорытындысында (2014 - 95) мал
ұрлығы 28,4 пайызға өсім алып отыр. Оның 84-і өрістен ұрланса,
11-і қорадан қолды болған. Бұл жәйт өрісте күзетті күшейтуді
мал иелерінің қаперіне салады. Ішкі істер бөлімінің басшысы мал
ұрлығының алдын алу мен оларды әшкерелеу бағытында кедергі
келтіріп отырған жағдайларды да атап өтті. Олар мал иесінің уақыт
өткізіп барып арызданатыны, ұры ұсталған жағдайда, оған кешірім
беріп, тергеу істерін жоққа шығаратыны, малға ен салу, сырғалау
және құжаттандыру жұмыстарының төмен дәрежеде жүргізілуі және
тағы басқа. – Еліміздің аумағындағы ауыл тұрғындарының негізгі
күнкөрісі – мал шаруашылығы екендігін ескере отырып, мал ұрлығы
ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, ұсталған қылмыскердің
бас шарасын алуды заң түрінде қатаңдатса, аталған мәселеге әсерін
тигізері сөзсіз- деп аяқтады хабарламасын АІІБ басшысы.
Мал шаруашылығы саласындағы маңызды жұмыс бірдейлендіруге
байланысты аудандық ветеринарлық бөлімнің басшысы Ғ.Садықов
хабарлама жасады.
– Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
дерекқор порталында тіркеуде 29 950 бас мүйізді ірі қара, 22 367 бас
уақ мал, 5342 бас жылқы, 800 бас түйе, 237 бас шошқа тіркелген.
Дерекқор базасы көпшілік тұрғындардың сатып алынған немесе
белгілі себептермен сойылған, өлген ауыл шаруашылығы жануар-
ларын дер кезінде есепке тіркетпей немесе есепке шығармауы сал-
дарынан статистикалық мәліметтермен алшақтығы орын алуда.
Бұл бағытта қажетті жұмыстар жүргізілуде,- деді бөлім басшысы.
Көпшілік арасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіріп,
есепке алу жұмыстарына байланысты түсіндірме, ағарту жұмыстары
жүргізілгенімен, кейбір ағайындар қолда бар малын әсіресе, жылқы
санын жасырумен келеді. Жылқы малын бірдейлендіру әдісі осы
уақытқа дейін күйдіріп таңба басу арқылы жүргізілетіні кейбір
мал иелерінің заңды наразылығын тудырған болатын. Сондықтан
биылғы жылдан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
тарапынан бөлінген 10 мың дана ауыл шаруашылығы жануар-
ларын бірдейлендіруге (жылқыға арналған) чиптер жеткізіліп,
бірдейлендірілетін болады. Бұл өз кезегінде тұрғындарды осы күні
мазалап отырған мәселе – мал ұрлау фактілеріне мүлдем тосқауыл
қоймағанымен оң әсері болады деп есептеймін.
Семинар барысында ауыл тұрғындары өткір мәселенің дер кезінде
орайымен көтеріліп отырғандығына ризашылықтарын білдіріп,
көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды.
Ж.Ерташов, Қалжан ахун ауылының тұрғыны, зейнеткер:
- Бүгінгі семинар көкейдегіні қозғап отыр. Аудан прокуроры
айтқан АІІБ мен ҚІІБ өзара тығыз қарым-қатынаста болу керек дегенді
қолдаймын. Мұның мал ұрлығының ашылуына өзіндік ықпалы бола-
ды деп есептеймін. Бұдан біраз бұрын ұрланған малдарымыздың ізі
көрші Жалағашқа барып, содан кейін құмға сіңген судай жоғалды.
Тағы бір айтарым, ауылдық учаскелік полицей жиі ауыстырылмаса.
Сонда мал ұрлығына тиым болады.
Қ.Әбілқасым, Шіркейлі ауылының тұрғыны, зейнеткер:
- Бүгін көтеріліп отырған мәселе өте өзекті деп есептеймін. Әрбір
ауыл тұрғыны өз елді-мекенінің жанашыры болу керек. Ауыл әкімі
мен учаскелік полицейге көмектесуі тиіс. Сонда мал ұрлығына,
басқа да қылмыстарға тиым болады. Мен өз ауылымда осындай
дәстүрді берік сақтаймын. АІІБ-нің жұмысы жаман емес. Бірақ тергеу
жұмысында олқы соғып тұрған тұстар бар тәрізді. Әйтпесе, ұрылар
ұсталып, куәлар бар қылмыс неге толық дәлелденбейді.
С.Сүлейменов, Бесарық ауылының тұрғыны, зейнеткер:
- Учаскелік инспекторлардың жұмысын жолға қою керек. Олар
ауылда қона жатып, қызмет жасауы керек. Сонда мал ұрлығына да,
көшедегі бұзақылыққа да тиым болады.
Б.Лекеров, аудан әкімінің орынбасары:
- Өзекті мәселе өз уақытында көтеріліп отыр. Бұл аудан әкімінің
назарында. Ауыл әкімдері, Қоғамдық Кеңес бұл мәселеге белсе-
не араласуы керек. Ақжармада жақсы дәстүр бар. Кешке қарай
жасақтар арнайы бөлінген көлікпен ауылды аралайды. Бұл тәжірибені
басқа округтерге енгізу керек. Ұры алыстан келмейді. Сондай-ақ,
Шіркейлілік зейнеткер Б.Мақашев «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалының бірінші орынбасары М.Омаров және тағы басқалар өз
пікірлерін білдірді.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ
А.ИБРАГИМҰЛЫ (сурет)
Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай
Нұрсейітов 1923 жылы Қызылорда облы-
сы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылын-
да (бұрынғы Тереңөзек ауданы Қурайлы
колхозы) қарапайым шаруаның отбасын-
да дүниеге келген. Әкеден жастайынан ай-
ырылып, өмірдің қиыншылығын көрген
Жаппасбай ерте есейеді. 1939 жылы
жетінші сыныпты бітіргеннен кейін анасы
Айшамен бірге колхозда жұмыс жасайды.
Ол мал дәрігері болуды армандаған. 1940
жылға дейін колхозда еңбек етіп, Отан
алдындағы борышын өтеу үшін әскер
қатарына шақырылғанша Қызылорда
қаласында теміржол бойында қатардағы
жұмысшы болып жұмыс жасаған.
Шіркейлі ауылынан Ұлы Отан соғы-
сына 300-дей ер азамат аттанса, сол
батырлардың жартысы елге оралмады.
Екінші дүниежүзілік соғыста шіркейлілік
ер азаматтардың арасынан он сегіз жа-
сында майданға аттанған Жаппасбай
Нұрсейітов соғысқа бастан аяқ қатысып,
ержүрек батырлығымен көзге түскен.
Сұрапыл соғыс «Мал дәрігері болсам»
деген батырды арманына жеткізбейді.
Ол 1942 жылы 39-шы айрықша башқұрт
әскер дивизиясына қосылған. 1943 жылы
Ж.Нұрсейітов солтүстік теңізшілер то-
бында болып, полк мектебінде оқиды.
Мұны бітіріп, аға сержант атағын алғаннан
соң, 1943 жылдың наурыз айынан бас-
тап жас жауынгер ұрыс даласына атта-
нады. Соғыста Воронеж майданындағы
27 армияның 436-атқыштар полкінің
155-ші
атқыштар
дивизиясының
құрамында болған. Батыр Днепрден өту
кезінде жанқиярлық ерлік, қаһармандық
көрсеткен. Ол осы шайқаста үш күн бойы
өзінің майдандастарымен 150-ге жуық
неміс сарбаздары мен офицерін жой-
ып, жаудың 13 шабуылына тойтарыс бе-
руге атсалысқан. Осыған орай, Днепр
өзенінен өтуде көрсеткен ерлігі үшін Жап-
пасбай Нұрсейітов КСРО Жоғары Кеңесі
Президиумының
Жарлығымен
1944
жылдың 10 қаңтарында Кеңес Одағының
Батыры атағына ие болды. Қаһарман
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Киев, Харьков қалаларын, Румыния мен
Венгрияны жаудан азат етуге қатысқан.
Кеңес Одағының Батыры Жаппасбай
Нұрсейітовтың құрметіне сүңгуір кеме
жасалған. Қазір бұл кеменің қалдықтары
Ресейдің
Мурманск
қаласындағы
Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде
сақтаулы тұр.
1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін
Ж.Нұрсейітов елге оралады. Отанына кай-
тып оралып, елмен қауышқаннан кейін ол
Өзбекстан, Тәжікстанда әр түрлі қызметтер
атқарады. Қызылорда қаласында да жемісті
жұмыс жасап, еңбек демалысына шыққан.
1995 жылы 28 сәуірде Кеңес Одағының Ба-
тырына «Қызылорда қаласының Құрметті
азаматы» атағы беріледі. Қаһарман «Ле-
нин», «Алтын Жұлдыз» секілді бірнеше
орден және медальдармен марапатталған.
«Тт-ақпарат»
КЕҢЕСТЕГІ КӨП МӘСЕЛЕ
ел болып жұмылғанда шешімін табады
Жаппасбай Нұрсейітов
(1923-1997)
14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 2015 жылы
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу
туралы бастама көтерді.
«Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде аталған
бастаманы толықтай қолдайды.
Бүгінде әлемде қаржы-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны
таралып, күрделі геосаяси қысымның салдарынан жағдай шиеленісе
түсуде.
Дәл осы кезеңде тіпті әлемнің ең дамыған елдердің өзінде де ксе-
нофобия, діни төзімсіздік өршіп, радикалдық қозғалыстар күш алуға
айналды.
Елбасы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінде атап айтқандай,
«Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Барлық
елдер осы күрделі кезеңнен ойдағыдай өте алмайды. Бұдан тек мықты
мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады».
Қазақстан жаһандық дүниенің бір бөлшегі болғандықтан,сыртқы
теріс ықпалдардан тыс қала алмайды.
Сондықтан, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасын
ұсынды, экономика өсімін қамтамасыз етудің барлық шаралары
қабылданды.
«Нұрлы Жол» Бағдарламасы – бұл тек нақты, жете есептелген
іс-қимыл жоспары ғана емес, бұл - келешектің инфрақұрылымына
салынған аса ауқымды инвестиция, бұл - жұмыс орындары, қарапайым
қазақстандықтардың жайлы тұрмысын сақтап қалу, олардың кемел
келешекке деген сенімі.
Бүгінгі таңда Бірлік пен Келісімді, Тұрақтылықты нығайтудың,
қоғам мен мемлекеттің,еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін
жұмылдырудың маңызы орасан.
Осыған байланысты, Қазақстан халқы Ассамблеясын қолдай
оты ра, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын халық
мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санаймыз.
Мұндай қадамның қазірдің өзінде-ақ Парламентті, Үкіметті,
орталық және жергілікті басқару органдарын тастүйін жұмылдырып,
халықтың өміршең энергиясын басты мақсат – Отанымыз Қазақстан
Республикасының гүлденуі мен өркендеуіне бағыттауға жол ашады.
Біздің халқымыз ел тарихының ең бір шешуші сәттерінде болашақ
ұрпақ қамы үшін даналық таныта отырып, өз Лидерінің төңірегіне
топтасу мен бірігудің аса биік деңгейін көрсетті.
«Нұр Отан» партиясы барша ел азаматтарын, барлық саяси парти-
ялар мен қоғамдық күштерді кезектен тыс Президент сайлауын өткізу
бастамасын қолдауға шақырады.
Бұл біздің ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен
Мәңгілік Ел идеясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып,
бұдан да қуатты, бұдан да тастүйін бола түсуіміздің тарихи мүмкіндігі.
16 ақпан 2015 жыл,
Астана қаласы
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС
САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
2
Тiршiлiк тынысы
№13 (8320) 18 ақпан, 2015 жыл
1965 жылдың қаңтар айында Ауғанстанда Кеңес Одағының
ықпалымен халықтық-демократиялық партия құрылады.
Құрылған жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай,
ауған жерінде социализм негізін қалауға кіріскен. Кеңестік
мамандардың дегендеріне жүгіну, ағарту саласына өзгерістер
және елде жер реформасын енгізу, діндарларды қудалап,
жергілікті халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен санаспау
ауғандықтардың қарама-қайшылық наразылықтарын тудырады.
Осының салдарынан Орта Шығыстағы Ислам мемлекеті екіге
бөлініп, халық арасында алауыздық өршиді. Тіптен, ауғандықтар
бой көтеріп, ислам мемлекетінде ірі қарулы қақтығыстар бас-
талады. Ауған үкіметі КСРО-ға арқа сүйегенімен бұл елдегі
дүмпулер тоқтамайды. Мұның ақыры көтеріліске ұласып, елдегі
жағдай күрделене бастайды. Мұндай көтерілістер бірнеше
рет қайталанғанда бұл жағдайды Кеңес Одағының басшыла-
ры Мәскеуге төнетін қауіп ретінде қабылдап, 1979 жылдың 12
желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім
шығарады. Содан бастап Кеңес әскерлері Ауғанстан шекара-
сынан өтіп, қарулы қақтығыстарды жүргізеді. 1979 жылдың 25
желтоқсанында тұтанған қанды қырғын 9 жыл, 1 ай, 19 күнге со-
зылып, 1989 жылдың 15 ақпанында басылды. Осы аралықта саяси
болжамдардың құрбаны болған ауған халқы мен басқыншылық
әрекетті жүргізген Кеңес Одағы әскерлерінен сан мыңдаған адам
құрбан болды. Қайғы-қасіретке толы сұм соғыс жүректерге мәңгі
өшпейтін сызат түсірді.
Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл.
Бұл қырғынға 22 мыңнан астам қазақстандық аттанып, қанды
майданның куәгерлері болды. Солардың 924-і ауған жерінен
оралмаса, 21 жауынгер хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ал бұл
соғыстан өз борыштарын өтегендер жарақатпен оралып, аяқ-
қолынан айырылып, мүгедек болып келгендері қаншама. Ал ауда-
нымыздан ауған жеріне 26 сарбаз барды. Олар оқ пен оттың орта-
сында қолдарына қару алып, май-
дан даласында өз міндеттеріне адал
бола білді. Жан ұшыра соғысқан
батыр сарбаздардың барлығы ел-
мен аман-есен қауышты. Қазіргі
таңда ауданымызда бейбіт күннің
қызығын көріп жүрген 22 ауған
соғысының ардагері бар. Олардың
13-і елді-мекендерде тұрады.
Ауған соғысының аяқталға-
нына 26 жыл толуына орай 14
ақпан күні ауған соғысының
ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Ең алдымен, аудан ардагерлері
мен ауған соғысының ардагерлері
және аудандық Қорғаныс істері
бөлімінің қызметкерлері жиналып,
кент орталығындағы «Тағзым»
алаңына барып, ауған соғысында
құрбан болған боздақтарды еске
алды. Құрмет тақтасының алдында
Ұлы Отан соғысында және ауған
жерінде қаза болған батырлардың
құрметіне гүл шоғын қойды. Ауған соғысының ардагерлері май-
дандастарын еске алып, олардың рухтарына құран бағыштады.
Мұнан соң жиналғандар кент мәдениет үйіне қадам ба-
сып, «Біз елімізге адалмыз» атты дөңгелек үстелде бас қосты.
Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, «Нұр Отан»
партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орын-
басары М.Омаров, ауған соғысының ардагерлері, үкіметтік
емес ұйым өкілдері, сала басшылары және мектеп оқушылары
қатысты. Кездесуге келген жастарға өз Отанына шексіз берілген,
патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерліктерін үлгі
ету, ауған соғысында құрбан болған жандардың рухына тағзым
ету мақсатындағы дөңгелек үстелде ауған жеріндегі шайқасты
суреттейтін және 345-ші гвардиялық әуе-десанттық полктің
сарбаздары мен офицерлерінің құрметіне арналған бейне-
фильм көрсетілді. Онда 9-шы рота десантшыларының жанкешті
ұрыстары да суреттелген. Сондай-ақ, бұл бейнефильмде ауған
жеріне Кеңес әскерлерінің кіріп, ол жерде ұрыс жүргізіп, 10
жылға жуық соғыстан кейін сарбаздардың Ауғанстаннан толық
шығарылуы баяндалған.
Тарих бетіндегі сұм соғыстың көріністері көрсетілгеннен
кейін кездесуде аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеровке сөз
берілді. Бақытжан Зинадинұлы ауған соғысы ардагерлерінің
ерліктеріне ерекше тоқталып, оларды қан майданның
аяқталғанына 26 жыл толумен құттықтады. - Өткен ғасырдың
екінші жартысындағы ауған соғысы қаншама жастардың
тағдырына әсер етті. Саясаттың салқын лебі тудырған сол
соғысқа Қазақстаннан 22269 азамат қатысып, оның 924-і қаза
тапқан. 1015 отандасымыз мүгедек болып оралды. Ауданы-
мызда интернационалистік борышын өтеп келген 22 ауған
соғысының ардагері бар. Олар қаншама қиын кезеңдерді
артқа тастап, ерліктің нағыз үлгісін көрсетіп, ортамызға аман-
есен оралды. Бүгінде ауданның тыныс-тіршілігіне арала-
сып отырған жайлары бар. Оларға деген құрмет шексіз. Ауған
соғысының ардагерлері өскелең ұрпаққа үлгі болар аптал аза-
маттар. Сіздердің ерліктеріңіз, Отан алдындағы атқарған
борыштарыңыз, жүріп өткен жолдарыңыз тарих беттеріне жа-
зылатын алтын әріп деп білеміз,- деді аудан әкімінің орынба-
сары. Тағлымды жиында сөз кезегін алған аудандық Қорғаныс
істері бөлімінің басшысы Е.Абдуллаев патриоттық рухы жоғары
жігерлі қазақ жастарының майдан даласындағы ерліктеріне
шолу жасады. Сол кезеңде ұрысқа аттанған қазақ жастары
небәрі 19-20 жас арлығында болғанын айтып, 1979-1989 жылда-
ры өршіген соғыстың қасіреті, оның шығыны туралы мәліметтер
берді. Сонымен қатар, аудандық Қорғаныс істері бөлімінің бас-
шысы ауған жауынгерлерінің ерліктері еш ұмытылмайтынын
және ұлтжанды сарбаздардың қайсарлықтары жас буынға мәңгі
үлгі екенін жеткізді.
Ел басына күн туғанда аяғымен от кешіп, өз антына адал
болған ауған соғысының ардагері Бекпан Алтынбек жиналған
қауымға басынан өткерген қиын кезеңдерін айтып берді. -
Әскер қатарына шақырылғанда, Ауғанстанға баратынымыз-
ды білгеніміз жоқ,- деп сөз бастады қанды қырғынның куәгері.
- Қызылордадан 40 бала әскер қатарына алынып, Жамбыл об-
лысы Қордай ауданында екі жарым ай карантинде болдық. Сол
жерде «Зил-131» автокөлігін жүргізіп үйретті де 23 желтоқсанда
жан-жаққа бөліп жіберді. Мен Пәкістаннан 40 шақырым жер-
де орналасқан Хайзабат деген елді-мекендегі полкке түсіп,
ұрысқа қатыстым. Жанар-жағармай таситын көлікті жүргіздім.
Ұзын қатармен көліктер майдан даласына жанар-жағармай таси-
мыз. Өте қауіпті. Қарсыластар алдымен гранатаатқышпен ұзын
қатардағы жанар-жағармай бар көліктерді жарып жіберуге тыры-
сады. Күніне 20-30 шақырым жол жүреміз. Жолдың барлығына
миналар көміліп қойылған. Алдымызда мина іздегіштер жүреді.
Күніне 40 шақты мина табылады жол бойынан. Мина іздегіштер
терең көмілген миналарды таба алмай қалғанда, олар детона-
торлар арқылы іске қосылып, жарылып, жүріп келе жатқан
көлікті немесе танкті 15-20 метрге дейін
ұшырып жібереді. Осылайша, оқ пен
оттың ортасында жан сауғаладық. Мұны
еске алудың өзі жан түршіктіреді,- деп
ауған соғысының ардагері А.Бекпан май-
дандастарымен отты жылдардың естелігі
ретінде гитарамен ән шырқады.
Ауған соғысы ардагерлерімен кезде-
суге арнайы келген мектеп оқушылары
сұрапыл соғысты көзбен көрген жандарға
өздерінің сауалдарын қойды. Өскелең
ұрпақтың сұрақтарына ауған соғысының
ардагерлері
патриоттық
негізде
жауап беріп, қазіргі бейбіт өмірдің жаста-
ры Тәуелсіз еліміздің нағыз жанашыры бо-
лулары міндетті деген пікірлерін айтты.
Дөңгелек үстелде «Нұр Отан» партия -
сы аудандық филиалы төрағасының
бірінші торынбасары М.Омаров пен ауған
соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестік
төрағасы Ж.Нарымбетовтер де құттықтау
лебіздерін білдірді. Ауған соғысы
ардагерлері қоғамдық бірлестігінің
төрағасы аталмыш шараны ұйымдастыруға
мұрындық болған аудан әкімдігіне, аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөліміне және кент мәдениет үйінің
қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Осы шараның өтуіне үлес
қосқан аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Б.Сауытбаевқа ерекше ықылас білдіріп, ауған соғысы
ардагерлері атынан естелік сыйлықты тарту етті. Тиісінше,
қоғамдық бірлестіктің төрағасы Б.Сауытбаев та ауған соғысы
ардагерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыстады.
Олардың құрметіне «Сырдария» квартеті әндерін арнады.