Тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына, Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған викториналар.
Мақсаты: оқушыларға ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мағлұматтар беріп, бұрын алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, жазу мәдениетін жетілдіру, білімге деген құштарлығын арттыру. Туған еліне, жазушының шығармаларын оқып, үлгі тұтуға, оларды қастерлеп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Викторина сұрақтары:
1) Араб әрпі негізінде балаларға «Әліппе» оқулығын жазған кім? А.Байтұрсынұлы
2) Ахмет Байтұрсынұлы қай жылы дүниеге келді? 5 қыркүйек 1872 жылы
3) Ахмет Байтұрсынұлы қай жылы қайтыс болды? 8 желтоқсан 1937 жылы
4) Ахмет Байтұрсынұлы әкесінің, анасының есімдері кімдер? Байтұрсын Шошақұлы, Күңші Құлыбекқызы
5) Ахмет Байтұрсынұлының жұбайының есімі? Бадрисафа Мұхамедсадыққызы
6) Ахмет Байтұрсынұлының балаларының есімдері? Аумат, Қазихан, Шолпан
7) Ахмет Байтұрсынұлының марапаттары мен сыйлықтары? Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы
8) Ахмет Байтұрсынұлы 1886-1891 жылдары қай қалада екі сыныптық мектепте оқыды? Торғайда
9) Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы қай жылы шығарылды? 1909 жылы Санкт – Петербургте
10) Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылдан 1917 жылға дейін кіммен бірге «Қазақ» газетін шығарды? М.Дулатов
11) Ғабиден Мұстафиннің туған жылы? 29 қараша 1902 жылы
12) Ғабиден Мұстафиннің қайтыс болған жылы? 20 қаңтар 1985 жылы
13) Ғабиден Мұстафин қай облыста дүниеге келген? Қарағанды облысы
14) Ғабиден Мұстафин қай газетте жауапты болып жұмыс атқарды? «Орталық Қазақстан»
15) Ғабит Мұстафиннің Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған тұңғыш романы? «Өмір не өлім»
16) Ғабиден Мұстафиннің «Миллионер» повесі қай жылы жарық көрді?
1948 жылы
17) Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы қай жылы жазылды?
1952 жылы
18) Ғабиден Мұстафин атындағы көше қай қалада орналасқан?
Қарағанды
19) Ғабиден Мұстафин «Көз көрген» романын қай жылы жазды?
1963 жылы
20) Ғабиден Мұстафин шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.