13 дәріс Тақырыбы: Сөйлеу техникасы және дикциямен жұмыс істеу Жоспары



Дата24.05.2022
өлшемі17,19 Kb.
#35556

13 дәріс


Тақырыбы: Сөйлеу техникасы және дикциямен жұмыс істеу
Жоспары:
1. Ырғақ
2. Сөйлеу мәнері
3. Тыныс алу
4. Дикция
Түйін сөздер: сөйлеу аппараты, интонация, дикция, дауыс ырғағы, екпін


Ырғақ. Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтады. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.
Сөйлеу мәнері. Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не көтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды. Тарихта шешендікке жаттығуда өзінің дауыс тембірін, тонын өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде дұрыс жолға қойған талай ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен өзінің тіл кемістігін жаттығу арқылы жоя білген. Сол сияқты В. Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды өзен жағасына барып аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.
Тыныс, демалу. Сөйлеу техникасында тыныс, тыныс алу ағзаның физиологиялық өмір сүруінің қызметін жүзеге асырумен бірге сөйлеудің энергиялық базасы да бола алады. Адам материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, шаршағаны бет-пішінінен бірден біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылып, ентіге бастайды. Осыдан сөйлеу мәнері бұзылады.
Тыныс алудың үш түрі бар:
1. Көк ет арқылы
2. Көкірек арқылы
3. Қабырға арқылы
Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
1. Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.
2. Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
3. Тамақты суықтан сақтану керек.
4. Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.
Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.
Дауыс, дикция. Адам дауысы өзінің табиғатынан алуан түрлі болады. Жақсы дауыс жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусын басқарып, жоғары, төмен бір қалыпқа келтіріп айта алады.
Дауыс аппараты үш бөліктен түрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.
Дауыстың генераторлық функциясы - ауыздың ашылуы, жабылуы арқылы тоналды, дабырлы дыбыстар шығады. Дауыстың энергетикалық функциясы - сырттан ішке ауа тартады.
Дауыстың резонаторлық функциясы дыбысты ішке тарту, одан шығарғанда көмей арқылы шығару.
Дауыстың күшті шығуы - сөйлеу органдарының, дыбыстың күшіне байланысты. Дауысты қалаған жерге жеткізу -дауыс кернеуі арқылы орындалады. Дауыстың жай және қозғалмалы түрі болады. Оны төменгі диапазонмен айтуға болады.
Дауыс тембрі - дауысты түрлендіреді. Дауысты тәртіпке келтіру үшін жаттықтырып тәрбиелеу керек. Соның нәтижесінде дауыс тоны өзгеріп, тыңдарманға ұнамды болады.
Дауысты дұрыс сақтай білу үшін оған гигиеналық талап қажет. Дауыс қарлықпай, біркелкі сақталуы үшін әрбір 2-3 сағат сайын көлемді мерзімді дем алу, тыныстау, жүйке жүйесін бір қалыпта ұстау керек. Аса ыстық, аса суық тағамдардан сақтану, ішімдіктен, темекіден сақтану керек. Оның бәрі гигиеналық тәртіппен пайдалануы керек.
Дикция. Дикция дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, таңдай сияқты сөйлеу аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол үшін мектепте, үйде жаттығу жұмыстарын көп жүргізу керек. Ондай жаттығулар - дыбыстардың айтылу артикуляцияларын жаттықтыру, мәнерлеп оқуды жүзеге асыру, дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу, қолдану дағдыларына жаттықтыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет