Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері
Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиенық талаптар
Парталар.Партада отыру ережелері және сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын талаптар
Жалпы білім беру мектептері оқу-тәрбие беру мекемелерінің ең негізгісі болып табылады. Бұл мекемелерде балалар өмірінің 9-11 жылының күніне 4-тен 10 сағатқа дейін уақыттары өтеді. Балалардың денсаулығы, дамуы, оқу үрдісіне байланысты қызмет қабілетінің өзгеру динамикасы мектеп ғимаратының бөлмелер жиынтығының сапасына, олардың гигиеналық нормалар мен ережелеріне сәйкес болуына тікелей байланысты.
Жалпы білім беру мектептерін жоспарлаудың гигиеналық регламенттері тұрақты емес, оле гигиена мен жас физиологиясының ғылыми жетістіктеріне, халық ағарту саласының жаңа міндеттеріне, еліміздің экономикалық мүмкіндігіне, елдегі құрылыс салу үрдісіне байланысты қайта қаралып, жетілдіріліп отырады. Жалпы білім беру мектептеріне:
1 дәрежелі бастауыш мектептер (1-4 сынып оқушылары үшін),
1-2 дәрежелі негізгі мектептер (1-9 сынып оқушылары үшін),
2 дәрежелі негізгі мектептер (5-9 сынып оқушылары үшін),
1,2,3 дәрежелі орта мектептер (1-11 (12) сынып оқушылары үшін),
2,3 дәрежелі орта мектептер (5-11 (12) сынып оқушылары үшін),
3 дәрежелі орта мектептер (9(10)-11(12) сынып оқушылыры үшін),
Әртүрлі мазмұндағы және әртүрлі оқу әдістері бар гимназиялар, лицейлер жатады.
Жергілікті жағдайларға байланысты, әртүрлі дәрежедегі мектептер жеке орналасуы немесе мектеп кешендері ретінде құрылуы мүмкін. Мысалы, тығыз орналасқан көп қабатты үйлері бар үлкен ықшамаудандарда жеке автономды оқу блоктарынан тұратын мектеп кешені құрлысын салу ұсынылады. Ауылды жерлерде 1 дәрежелі бастауыш мек-тептер салынады.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда мектепті елді мекеннің территорияларында дұрыс орналастырудың маңызы өте зор. Мұндайда атмосфералық ластанудың дәрежесі, шуыл сипаттамасы, көшеде жарақаттану болуы мүмкіндігінің профилактикасы есепке алынуы керек. Мұнда көшеде жарақаттанудың үлкен пайызы мектеп жасындағы балаларға келетіні, ал онаң ішінде негізгі себебі, қала автокөліктері екені дәлелденген. Сонымен қатар автокөлік жарақаттарына байланысты болған қайғылы оқиғалар мектеп оқушыларының мүгедектігі мен қайтыс болуының ең негізгі себептері болып саналады.
Осы айтылған жағдайлар және одан кейінгі бақылаулардың нәтижелері төмендегі жағдайларды ескеруге мүмкіндік берді:
Мектептерді орналастырудың негізгі варианты - тұрғын үйлердің бойына, транспорт магистралінен 100м қашықтықта, тұрғын кварталдар ішінде орналастыру болып табылады;
Мектептерді квартал ішіндегі (бір сағатта 90 машинаға дейін жүретін) кішкене жолдардың бойына салуға болады. Квартал аралық (бір сағатта 100-200 машина жүретін) жолдардың немесе транспорт магистралдарының бойына салуға болмайды.
Мектептерді квартал ішіне орналастыру - ауа құрамының және шуыл тәртібінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Мектептің жер учаскесінде төменде көрсетілген функционалдық алаңдар бөлінуі қажет: денешынықтыру-спорт алаңы; оқу-тәжірибе алаңы; демалыс, әскери дайындық және шаруашылық алаңдары; Спорттық және әскери-дайындық алаңдарын сынып бөлмелерінің терезе жағына орналастыруға болмайды. Снаряд лақтыруға және доп ойнауға арналған алаңшалар оқу бөлмелерінің терезелерінен 25м-ден артық қашықтықта орналасуы керек, ал егер бұл алаңдар 3м биік қорғанмен қоршалған болса оның терезелерден ара қашықтығы 15м кем болмауы керек.
Шаруашылық алаңы, асханаға кіретін жақта, оқу-тәжірибе алаңына жақын орналасуы керек. Метеорологиялық және географиялық алаңшалар мектеп ғимаратынан, оның 2,5 есе биіктігінен есептелген қашықтықта орналасады. Мектеп учаскесінің көгалдандырылуы, оның жалпы ауданының 40% кем болмауы керек, ал ІҮА климаттық аудандарда - 50% кем болмауы керек.
Учаскеде мектеп ғимаратына өрт сөндіргіш машиналардың жақын келуі және олар ғимаратты айналып жүре алуына қолайлы жолдар қарастырылады. Мектеп учаскесінің территориясы биіктігі 1,2 м кем емес қорғанмен қоршалуы керек. Ықшам аудан ішінде мектеп қорғанын жасыл ағаштар отырғызу арқылы жасауға болады, егер, учаске көшеге және транспорт жолдарына жақын тұрса, биік қорған орнату арқылы бөледі.
Жалпы білім беру мектептерінің ғимараттарының құрлысын 4 қабаттан, арнаулы мектептерді 3 қабаттан жоғары етіп салуға болмайды. Бірінші сыныпқа арналған бөлмелерді төртінші қабатта орналастыруға болмайды, ал қалған оқу бөлмелерінің алатын орны қабат ауданының 25%-нан аспауы керек.