15-апта Фазылова Аружан фок211



Pdf көрінісі
Дата09.05.2023
өлшемі61,09 Kb.
#91206
түріҚұрамы


15-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қарым-қатынас ұғымы, анықтамасы жəне түрлері.
Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тəн қасиет, бірақ, адамдар арасында
өте жоғары дəрежедегі мəнге ие. Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:
қарым-қатынас мазмұны, мақсаты жəне құрамы.
Қарым-қатынас дегеніміз – байланыс жасау барысында өзара алмасатын
мəліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай қарым-қатынас материалдық,
когнетивтік, кондициялық, мотивациялық жəне іс-əрекеттік болып бірнеше түрге
бөлінеді.
Материалдық – адамның өзара алмасатын заттары мен іс-əрекет құралдары.
Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мəліметтер:
білім, ептілік т.б.
Кондициялық – адамдардың психикалық жəне физиологиялық күйлерінің алмасуы.
Мотивациялық – адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен
қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.
Іс-əрекеттік – адамдардың өзара іс-əрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары
арасындағы байланыс.
Қарым-қатынасқа түсудің мақсаты анықтайтын аспектінің бірі бұл –
қарым-қатынас мақсаты. Адамдар арасында қарым-қатынасқа түсу мақсатының
сандық көрсеткіші күннен-күнге артуда. Атап айтқанда: объективті түрде
жан-жақты білім алу немесе білім беру, оқу жəне тəрбие алу, жеке жəне іскерлік
қатынас орнату т.б. Мақсатына қарай, олардың қажеттіліктеріне сəйкес
биологиялық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.
2. Коммуникация мен байланыстың айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
Қатынасу, тілдесу (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың
түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға
ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да
көп адамдардың
 əлеуметтік-психологиялық өзара əрекет ету процесі.
Коммуникация (communication байланысамын, катынасамын) (катысым) —
адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу —
олардың бір-бірімен əрекет жасауының айрықша формасы болып табылады.
Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі —
оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.
Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны
түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік
катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка
ноталары, ойын ережелері, Морзе əліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика,
техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.
Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл
танымдық-белгілік мəнге ие болып, адамды əлеуметтік тұлға дəрежесіне көтерудін
маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам
мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация
қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.
3. Вербальды қарым-қатынасты зерттеуге арналған əдістемелер.
Вербальды қарым-қатынасты мектеп жасындағы оқушылар үшін зерттеудің
əдістемесі ретінде тренингті жатқызуға болады. Оқушылаға тапсырма беріліп, одан
соң сынып ішінде сол тапсырманы басқа оқушыға түсіндіру тапсырылу керек.


Оқушылардың бір-біріне түсіндіру əдісі, тіл табысуы, тақырыпты толық қамти
алуы жəне сол тақырыпты түсінуі тренингтің қорытындыс ретінде алынуы керек.
Басқа əдістеме ретінде оқушыларға жұптарға бөлініп (немесе топтарға бөлініп),
белгілі бір тақырыпта (барынша сабақ тақырыптарына жақын тақырып қамтылуы
керек) пікір алмасуы тапсырылуы қарастырылса болады. Топ арасында лидер
сайланып, оқушылардың барлығының өздерінің пікірлері мен көзқарастарын нақты əрі
тез сенімді түрде жеткізілуін қамтамасыз ету керек.
4. Қарым-қатынас тренингінің негізгі мақсаты мен функциясы
Зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын
жетілдіретін тренингті ұйымдастыру. Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейінгі
балалардың қарым- қатынасын жетілдіру үрдісі. Зерттеу пəні - мектеп жасына
дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіру үшін қазақ тілінде тренингтік
сабақтарды қолдану мүмкіндіктері. Зерттеу болжамы - мектеп жасына дейінгі
балалардың қарым- қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мəдени,
əдептілік құндылықтарын қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік
сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет