15 билет анемия. Ұғымның анықтамасы, жіктелуі. Қан аздық анемия



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі19,59 Kb.
#34975
  1   2   3
Байланысты:
15 билет


15 БИЛЕТ
1. Анемия. Ұғымның анықтамасы, жіктелуі.
Қан аздық (анемия)
Бұл қандағы эритроцит пен гемоглобиннің мөлшері азайып, ағзаға, тіндерге, торшаларға қалыпты түрде оттегінің жəне қөректік заттардың шамасыздығымен сипатталып білінетін сырқат.
Қан аздықтың синдромына жатады: əлсіздік, тез шаршағыштық, бастың айналуы, бастың ауыруы, құлақтың шулауы, көздің қарауытуы, жүректің шаншып ауыруы, ентігу, тамаққа деген тəбетінің тартпауы жəне осыдан басқа белгілерде жатады.
Қан аздыққа əкеліп соққан себебіне байланысты қан аздықтың келесе түрлері болады: 1. Қанның көп мөлшерде жоғалтқанына байланысты дамитын қан аздық түрі, бұл түрінің өзі шиеленіскен жəне созылмалы болып келеді.
2. Қан аздықтың екінші түрі қан жарату дəрісінің бұзылуынан пайда болатын түрі. Бұл түріне теміртапшылық қан аздық, Аддисон – Бирмер немесе пернициоздық қан аздық жəне гипо - немесе апластикалық қан аздық түрлерін жатқызамыз.
3. Қан аздықтың үшінші түрінде эритроциттердің көп мөлшерде ыдырауынан пайда болған түрі жатады.
4. Төртінші түрі – аралас анемиялар
Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
Өкпеден қан кету. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде, кейде крупты өкпе қабынуында кездеседі. Қанның түсі ашық қызыл, иіссіз, көпіршікті болады. Негізінде жөтелгенде шығады. Осы қансыраудың белгілерімен бірге жоғарыда айтылып кеткен клиникалық белгілер көрінеді.
Асқазаннан қан кету. Асқазан жара ауруында, асқазанның əртүрлі химиялық жəне кейбір дəрілік заттармен улануында кездеседі. Қанның түсі қоңыр – қызыл, “кофе” тəрізді. Иісі жағымсыз, құрамында тағам химиялық жəне қалдықтары байқалады. Негізінде құсқанда шығады
Темір тапшылықты қан аздық. Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында əсіресе жүкті əйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар арасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне əсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды.
Этиологиясы. Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт жəне өсімдік емдəм тəртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына əкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дəрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға əкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дəрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет