15. Жаһандану үдерісіндегі қазақстандық мәдениет. Қазақстанның ұлттық идеясы



Pdf көрінісі
Дата18.10.2023
өлшемі2,68 Mb.
#118295


15. Жаһандану 
үдерісіндегі қазақстандық 
мәдениет.
Қазақстанның ұлттық 
идеясы


Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында 
ұлттық мәдениет ұлттық мемлекеттіліктің, ұлттық 
азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын, сонымен 
бірге этноәлеуметтік және жалпыадамдық мәдени 
бағдарларды өзінде жинақтайды.


Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің 
жаһандық үдерістері жүзеге асуда, сондықтан этнос 
мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір 
сүре алмайды. 


Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға 
күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен 
танысқаны кеше емес. 


Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді 
стандартизациялаудан және ұқсастықа апаратын 
жолдан шығу, этникалық мәдени жабықтықты, 
олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз, 
қанша дегенімен, әлеуметтік-экономикалық және 
мәдени даму деңгейінің жақындас болғанымен 
мәдени тәжірибенің ортақтығына байланысты 
типологиялық біртектіліктен шығуға қол сілтейді.


Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті 
дәстүрін концервациялауды, мәдени формальды 
қарапайымдауды, қысқартуды білдірмейді, сонымен бірге 
айналасында инновация өрістейтін, әрқашан да күрделенетін, 
мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып келеді.


Жаңа форманы қабылдау – бұл мәдениеттің өзін 
дамыту кезеңі, сондықтан заманауи этникалық 
мәдениеттердің өзі алмасушылықтан тәуелсіз емес
себебі озық мәдениеттерді дамытатын жаһандану 
үрдісінде көбінесе жаңа форма қалыптасады.


Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, 
адамзаттың өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, 
жаһандануға сай позитивті бағытынан түсіну, 
құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз және 
мәдениет әдіскерлерінсіз, адамзат дамуының жалпы 
пардигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес. 


Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін 
адамның шығармашылық табиғатын 
қалыптастырушы және күшті ішкі мотивациясымен 
жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде 
мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және 
жоғары деңгейде қызмет атқарады.


Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай 
тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік 
қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы терең 
өзгерістердің куәгері болып отырмыз. 


Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы 
мен коммуникацияларын озық технологиялары Жер 
шарының тұрғындарын терроризм, нашақорлық, 
қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік 
жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз 
қалдыруы да жатады. 


Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі
өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың
күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік
қатынастардың жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында
шаруашылық жүргізу мен әлеуметтілік типтерінің түрлі
бағытталғандығы қоғамның интеграциялануы мен қоғамның өзіндік
бірегейленуі функцияларының мәдениетке жатқызылатындығына
әкеледі.


Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық мәдениеттерге қатысты
әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше
парадигмалары бар. Бұл батыстық, шығыстық (исламдық), 
орыстықтың тек бірін ағарту, гуманизм, зерделіліктің
жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық мәдениетті тек бір
руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде қайтадан
жасап шығару талабына жатады.


Қазіргі жағдаятта «Шығыс – дәстүрлі қоғам, Батыс –
қазіргі әлем» антитезасы мәдени модернизацияның барлық
түрлі мәселелерін шеше бермейтіндігі анық. 


Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы
және ол қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, 
оның гуманитарлық барлық салаларда дүниежүзілік
ынтымақтастыққа ашық екендігін атап өткіміз келеді. 


Қазақстан мәдениетінің әлемдік қауымдастыққа
интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, 
ЮНЕСКО халықаралық ұйымының рөлі маңызды. 
ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген ауқымды шаралардың
арасында Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық мерейтойын
және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын
халықаралық аталып өткенін ескерген жөн.


Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік
сипаттағы тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде
өзгертуде. Осы тұрғыда мәдениет көбінесе қоғамдық
жаңару бастауы, шығармашылық өмірді қалыптастыру
факторы ретінде көрініс табады.


ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес, біреуді
қайталау да емес, жаңа жағдайда шығармашыл ізденіс (мүмкін
техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани
сипаттағы "еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егер де оны біз
дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мәдени, 
әлеумет, саяси трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері
басу, гүлдену әкелер. 


Мәдениеттің қазақстандық дағдарысынан өту, жергілікті
халық – қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдени
дамуының формацияларына негізделген, жаңа замандық
талаптарға сәйкес мәдениет институттарының
құрылымдарымен ошақтарын дамыту мен жетілдіру
функцияларын анықтайтын, жан-жақты зерделенген
тұғырнаманы жасау.


Ұлттық мемлекет – еліміздің негізін құраушы, 
ұйыстырушы қазақ ұлты және қазақ ұлтының қалыптасқан
тарихи мекені болғандықтан міндетті түрде қазақ ұлтының
мемлекеттігі орын алуы шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет